ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК
Е ПОӘК 042-14-4-05.
1.20.24/03- 2009 ж.
ПOӘК
««Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар»
пәннінің оқу әдістемелік
материалдар
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
«ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны
қорғау» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2009
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 2 бет
Кіріспе
1. ҚҰРАСТЫРУШЫ
Құрастырушы Сарсембенова О.Ж., техника ғылымдарының кандидаты,
доцент, «Экология және қоршаған ортаны қоргау» кафедрасының меңгерушісі,
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
« » 200 ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті «Экология
және қоршаған ортаны қорғау» кафедра отырысында
« » 200 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Хусайынова Н.Т.
2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
« » 200 ж. № хаттама
Төрайымы ______________ Джаманова Г.И.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға
мақұлданған және ұсынылған
« » 200 ж. № хаттама
ОӘК торайымы _______________ Молдажанова А.А.
4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 3 бет
Мазмұны
1 Глоссарий
2
Дәріс сабақтары
3
Практикалық сабақтар
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 4 бет
I Глоссарий
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар
не мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз
ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетінжер, су, орман және жер
қойнауы учаскелері.
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры – қоршаған ортаның табиғи эталондар,
уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне,
туризмге және рекреацияға арналған зат-болмыс ретінде экологиялық, ғылыми
және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған
объектілерінің жиынтығы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін ерекше қорғау құқықтық режимі
не шаруашылық қызметінің реттелген режимі енгізіледі.
Ерекше қорғау құқықтық режимі: қорық режимі, заказник режимі болып
бөлінеді.
Қорық режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген
учаскелерде кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ қоршаған ортаның
табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейді.
Заказник режимі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бөлінген
учаскелерде шаруашылық және өзге де қызметті белгілі бір маусымда, белгілі
бір мерзімде ғана, мұның өзі мемлекеттік табиғи-қорық объектілерінің
сақтаулуына
қауіп
төндірмейтіндей
және
олардың
молығуын
нашарлатпайтындай мөлшерде ғана жүргізуді көздейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері: биоөрістік аумақтарды
қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи
парктер; мемлекеттік табиғи парктер; мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
мемлекеттік қорық өңірлері; мемлекеттік табиғи заказниктер; мемлекеттік
зоологиялық парктер; мемлекеттік ботаникалық бақтар; мемлекеттік
дендрологиялық парктер; мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтардың
ормандары; ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше
құнды су қоймалары; халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар; жер
қойнауының экологиялық, ғылыми, мәденижәне өзге де жағынан ерекше құнды
учаскелері.
Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы
атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстарырдың
жанды әрі жансыз жиынтығы;
Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-
қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 5 бет
ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталғал мемлекеттік және қоғамдық
шаралар жүйесі;
Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның зандармен
қоғалатын құрамдас бөліктері;
Табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін
қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет
процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;
Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және
биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну
қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған ортаға щудың, тербелістің, магнитті
өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;
Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін
қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан
түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын
қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;
II. Дәріс сабақтары
Дәрістер негізгі мақсаты пән бойынша тақырыптарды теориялық негізде
жеткізе білу болып табылады.
Дәріс № 1
Тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті. Терминдер мен
анықтаулар.
Мақсаты: «ЕҚТА» пәннің мақсаты, терминдер мен анықтаулармен
танысу.
Жоспар
1) Пәннің мақсаты мен міндеті
2) Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы
3) Негізгі түсініктер
4) Экожүйенің табиғаттық жіктелуі
Пәннің мақсаты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының экожүйелерін
қорғау, оларды өсімдік және жануарлар әлемі мәселелерін меңгеру болып
табылады.
Биоценоз – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін
өсімдіктер,
жануарлар
және
микроорганизмдердің
жиынтығынан
тұрады.Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.)
Биотоп
–
тірі
организмдердің
жиынтығы,
тіршілік
ететін
орта.Нәтижесінде биоценоз бен биотоп бірлесіп – биогеоценозды құрайды.
Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген.
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 6 бет
Биогеоценоз дегеніміз биоценоз+биотоптың (экотоп) диалектикалық
бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл
өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші –
жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі
табиғат компоненттері.Биоценозды зерттеуші ғылым саласы – биоценология
деп аталады.
Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде
біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен
қоршаған орта жағдайларының жиынтығы. Экожүйе – ағзалар мен абиотикалық
ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі
функционалдық бірлігі. «Экожүйе» терминін 1935 жылы А.Тенсли енгізген.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым
қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар
мен өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану,
сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру.
Бақылау сұрақтары:
1. «Биоценоз» ұғымын қай ғалым енгізді?
2. «Экожүйе» ұғымына қысқаша сипаттама.
3. «Биогеоценоз» термині қай жылы шығарылды?
4. «Биотоп» терминін қалай түсінесіз?
5. Экожүйелер қандай белгілері бойынша ерекшеленеді?
Дәріс № 2
Тақырыбы:
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік
құқықтық базасы. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң
шығарушы және нормативтік-құқықтық базасымен танысып оны меңгеру
Жоспар
1) Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативтік
құқықтық базасы
.
2) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы
.
Ерекше
қорғалатын
табиғи
аумақтар
саласындағы
Қазақстан
Республикасының заңнамасы. 2-бап.
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік – табиғи
қорықтарының
объектілері
саласындағы
Қазақстан
Республикасының
заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 7 бет
Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады .
2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын,
ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі
қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының
арнаулы заңдарымен реттеледі.
3.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар,
егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасымен реттеледі.
4.Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта
осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды
Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган қарауында ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар және осы Заңмен
және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілермен айқындалған
өздерінің құзіреті шегінде облыстардың өкілді және атқарушы органдары
жүзеге асырады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау
жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік табиғи қорық - қорының объектілерін күзету, қорғау,
молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына
мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Жеке тұлғалар:
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен пайдалануға;
2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мәселелер бойынша
уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;
3.Табиғатты қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мемлекеттік табиғи – қорық
қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану
жөніндегі іс-шараларға қатысуға.
Бақылау сұрақтары:
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік
басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі.
2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік
басқаруды кім жүзеге асырады?
3.ҚР-сы Үкіметінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
құзыретіне нелер кіреді?
4.Уәкілетті органның құзыретіне нелер кіреді?
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 8 бет
5.Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
құқықтары мен міндеттері қандай?
6.Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері қандай?
Дәріс № 3
Тақырыбы:Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар-тіршілік етуінің
негізі.
Мақсаты:. Негізгі түсініктер мен анықтамалармен танысу.
Жоспар
1)Негізгі түсініктер мен анықтамалар.
2)Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер.
Негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақ- ерекше қорғау режимі белгіленген
мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер,
су объектілері және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері;
1) биологиялық ресурстар- экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты
немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары,
организмдері немесе олардың бөліктері, таралымдары немесе кез-келген басқа
биотикалық құрамдас бөліктері;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі- өздеріндегі барлық
географиялық аймақтардың табиғи кешендерінің репрезентативтік өкілдігін
қамтамасыз ететін санаттары мен түрлері саналуан ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың жиынтығы;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрі- күзету) –
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және оның жолын кесу, өрттің алдын
алу, байқау және жою үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі
мүмкін іс-шаралар кешені;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау(бұдан әрі – қорғау) –
судың қолайсыз әсерін жою, өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғау,
жануарлар санын реттеу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілуі
мүмкін іс-шаралар кешені;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган
(бұдан әрі – уәкілетті орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару
және бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік
орган;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері – ерекше
қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің
жиынтығы;
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 9 бет
8) интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін олар
мекендейтін орта шегінен тыс жерлерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;
9) мемлекеттік табиғи – қорық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен
реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, оқу- ағарту, білім беру,
туризм және рекреация нысанасы ретінде ерекше экологиялық, ғылыми,
тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік қорғауға
алынған қоршаған ортаны қорғау объектілерінің жиынтығы;
10) мемлекеттік табиғи – қорық қорының объектілері – ерекше
экологиялық, ғылыми, тарихи – мәдени және рекреациялық маңызы бар
геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық
және ландшафтық объектілер мен олардың кешендері, жануарлар мен
өсімдіктердің жекелеген түрлері(таралымдары) (соның ішінде Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің
сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлері);
11) рекреациялық жүктеме – есептік кезеңде немесе уақыт бірлігінде
демалыс түрінің жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бірлігіне
шаққандағы демалушылардың бір мезгілдегі саны;
12) Табиғат жылнамасы – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік
ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар және мемлекеттік
өңірлік табиғи парктер ғылыми бөлімшелерінің мемлекеттік табиғи-қорық
қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйіне бірыңғай
әдістеме бойынша жүзеге асыратын жүйелі байқаулар мәліметтерінің
жиынтығы;
13) табиғи кешендерді орнықты пайдалану – табиғи кешендердің
биологиялық ресурстарын ұзақ мерзімді перспективада биологиялық
саналуандылықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен
пайдалану;
14) табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-
құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік
ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік
табиғи парктер(табиғат қорғау мекемелері) және мемлекеттік кәсіпорынның
ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік зоологиялық парктер,
мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекетік дендрологиялық парктер;
15) экологиялық дәліз – тірі табиғат объектілерінің табиғи қоныс
аударуын қамтамасыз ету және биологиялық саналуандылықты сақтау үшін
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи
аумақтардың өзге де түрлерімен жалғастыратын, қорғалатын жер және су
объектілері учаскелерін білдіретін экологиялық желінің бір бөлігі;
16) экологиялық желі - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге
түрлерімен экологиялық дәліздер арқылы байланысқан және өңірдің табиғи,
тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып
ұйымдастырылған әртүрлі санаттар мен түрлердегі ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар кешені.
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 10 бет
Ерекше
қорғалатын
табиғи
аумақтар
саласындағы
негізгі
принциптер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер:
1).Биологиялық саналуандылықты, бірегей және типтік ландшафтарды
сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық
құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту;
2).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу
мен бақылау;
3).Мемлекеттік табиғи қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді
сақтау;
4).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-
ағарту, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану;
5).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;
6).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
7).Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы;
8).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қол
жетімділігі;
9).Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық
ынтымақтастық болып табылады.
Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқару санаттардағы жерлерде
орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып саналады.
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып
табылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға түсініктеме беріңіз.
2.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі дегеніміз не?
3.Биологиялық ресурс дегеніміз не?
4.Мемлекеттік табиғи-қорық қоры дегеніміз не?
5.Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне нелер жатады?
6.Экологиялық дәліз дегеніміз не?
7.Экологиялық желі ұғымына анықтама беріңіз.
8.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптерді
атаңыз.
9.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың
объектілеріне нелер жатады?
ОӘК 042-14-4-05.1.20.24/03 - 2009
«__»____ 200__ ж.
№ ___ басылым
44 беттен 11 бет
10.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың
субъектілері кімдер болып табылады?
Достарыңызбен бөлісу: |