3 ДӘріс конституциялық ҚҰҚЫҚ негіздері дәріс мақсаттары



Дата28.01.2023
өлшемі16,91 Kb.
#63455

3 ДӘРІС


КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Дәріс мақсаттары:
1. Конституциялык құқықтын негізгі ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие

ЖОСПАР


1. Конституциялық құқық ұғымы, пәні, әдісі
2. Конституциялық құқық қайнар қөздері
3. Конституциялық құқық қағидалары


1. Конституциялық құқық ұғымы, пәні, әдісі
Конституциялық құқық дегеніміз - ҚР мемлекеттіқ және қоғамдық кұрылысының негіздерің құрайтың қоғамдық катынастарды, мемлекет пен жеке адамның қарым қатынасың, қағидаларың, сайлау жұйесінің негіздерің мемлекеттіқ билікті іске асыру тетіқтерің реттейтің және белгілейтің құқықтық нормалардың жиынтығы.
ҚР Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттіқ білік жұйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді.
Конституция адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекетттің ең қымбат қазынасы деп танып мемлекеттің сол ұшін қызмет етуі тиістігін атап көрсететі.
Конституциялық құқықты тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталатын белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттіқ және қоғамдық қатынастарды реттейді.
1) міндеттеу әдісі (34,36,37, 38 баптар) 2) тыйым салу әдісі (17-2; 15-2)
3) рұқсат ету әдісі (19, 26 б) 4) тану әдісі қолданылады (12 б)


2. Конституциялық құқық қайнар қөздері
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады
ҚР Конституцияның 4 бабына сәйкес ҚР қолданылатын қүқық Конституцияның, соған сай келетын заңдардың, өзге де нормативтық құқықтық актылердың, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерің, сондай ақ Республиканың Конституциялық Қенесінің және Жоғарғы Стының нормативтық қаулыларының нормалары болып табылады.
ҚР Конституцияның ең жоғарғы заңдық қүші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынаң басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады
Барлық зандар, Республика қатысушысы болып табыладың халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтык құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.


3. Конституциялық құқық қағидалары

  • Бүқіл халықтың игілігін көздейтын экономикалық даму;

  • Қазақстандық патриотизм

  • Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу

1. ҚР ұлттық мемлекеттық құрылысы дегеніміз – мемлекеттың және оның әкімшіліқ аумақтық бөліністерінің құрылымы, қызметінің ұйымдастырылуы, құқықтық мәртебесі, олардың өзара қатынас тәртібі.
ҚР Конституциясы бойынша -Қазақстан біртұтас мемлекет – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттіліқ құру жолында.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет