Орнатуқателігі - өлшеу құралдарын дұрыс орнатпау қателіктері. Әдістемелік қателік – шаманы өлшеу әдістемесінде жіберілетін қателік және бұл өлшеу құралдарын қолдану дәлдігіне тәуелді емес.
Субьективтік қателік – байқаушының жеке ерекшеліктерімен шартталған қателіктер.
Байқалу сипаты бойынша қателіктер тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.
Тұрақты жүйелік қателіктер өзінің мәнін қайта өлшеулерде өзгертпейді. Мысалы, өлшеу құралының дұрыс емес дәлдеуі, есептеудің басталуының дұрыс қойылмауы және т.б.
Айнымалы жүйелік қателіктер қайталап өлшеулерде әртүрлі мәндерді белгілі заңдылықтармен қабылдау. Егер қателіктер қайта өлшеулерде көбейсе, не болмаса азайса, онда бұл прогрестік жүйелік қателік. Периодтық жүйелік қателік периодтық немесе күрделі заң бойынша өзгере алады. Периодтық жүйелік қателіктің пайда болу себебі - сыртқы факторлардың әрекеті және өлшеу құралының құрылымының ерекшеліктері.
Өлшеу нәтижесі әрқашан жүйелік ( ) және кездейсоқ ( ) қателіктерден тұрады
. (3.1)
Сондықтан өлшеу нәтижесінің ( ) қателігі жалпы жағдайда кездейсоқ шама ретінде қарастырылуы керек, сонда жүйелік қателік осы шаманың МО болады, ал кездейсоқ қателік – орталықтанған кездейсоқ шама.
3.1 Кездейсоқ шаманың таралу заңдары Кездейсоқ шаманың толық жазбасы оның таралу заңы болып табылады, демек кездейсоқ қателік және қателіктер
Таралудың әртүрлі заңдары бар. Өлшеу тәжірибесінде қателіктерді таралудің кеңінен таралған заңы қалыпты заң (Гаустың) болып табылады.
Таралудың қалыпты заңының тығыздығының формуласы
= , (3.2) мұнда орташа квадраттық ауытқу;
кездейсоқ қателік.
Кездейсоқ шаманы таралудың қалыпты заңының сызбасы 3.1. суретінде көрсетілген.
W ()
= 0.01
= 0.02
3.2 сурет – Таралудың теңестірілген заңының сызбасы
Таралудің теңестірілген заңының ықтималды тығыздығының формуласы
. (3.3)
Өлшенетін шаманың мәндері кейбір шекаралық шектерде әртүрлі, бірақ тең ықтималды болуы мүмкін. Таралудың басқа заңдары МЕСТ 8.011 – 72 “өлшеулер дәлдігінің” көрсеткіштері және өлшеулер нәтижесін ұсыну формалары. 3.1.1 Таралу заңдарының негізгі сипаттамалары. Бірқатар бақылаулардың математикалық тосу (МТ) – жекелеген бақылаулардың нәтижелерінің соған қатысты салыстырмалы шашырайтын шамасы. Егер жүйелік қателіктер болмаса және жекелеген өлшемдердің нәтижелерінің шашырауы тек қана кездейсоқ қателіктермен шартталса, онда мұндай бақылау қатарының математикалық тосу өлшенетін шаманың нақты мәні болады.
Егер , онда мұндай бақылау қатарының математикалық тосу өлшенетін шаманың нақты мәнінен жүйелік қателік мәніне ойысатын болады.