Тақырыбы: Кальцинирленген сода алу технологиясын сипаттау



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі16,52 Kb.
#134042
  1   2   3   4

Тақырыбы: Кальцинирленген сода алу технологиясын сипаттау

Тақырыбы:Кальцинирленген сода алу технологиясын сипаттау

Алматы-2020 жыл


Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Сода өндірісінде көп мөлшерде натрий тұздары Na2CO3- кальцинирленген сода, NaНCO3- ас содасы, Na2CO3. 10Н2О кристалданған сода және NaOH-каустикалық сода түрінде шығарылады. Осылардың ішінде химиялық өнеркәсіпте әртүрлі өнімдер және басқа заттарды алуға негізгі шикізат ретінде ең көп қолданылатыны да, көп өндірілетіні де кальцинирленген сусыз сода. Na2CO3- ақ түсті ұнтақ, суда жақсы ериді. Ол шыны өнеркәсібінде, ауыр әне жеңіл өнеркәсіпте, мұнай өнімдерін тазалауда, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, сабын, лак, бояу жасау, тамақ өнеркәсібінде, металлургияда, кір алғыш зат ерітіндісін жасауда, Na5Р3O10 алуға т. б. салаларда қолданылады. Аммикаты әдіспен Na2CO3 алу технологиясы өте күрделі үдерісс және бірнеше сатыдан тұрады. Осыған қарамастан Na2CO3 алуға қолданылатын шикізаттар өте арзан және Қазақстанда жиі кездеседі. Мысалы ас тұзы (тұздық) әртүрлі терең көл, өзен, теңіз, мұхит суларында, әсіресе Эльтон көлінде, Тобылғысай, Шөладыр т. б. жерлерде кездеседі


Кальцинирленген сода
Кальцинирленген сода (натрий карбонаты) өте ерте кезден белгілі. Оны Египетте және басқа да кейбір елдерде теңіз және тұзды көлдердің өсімдіктерінің күлінен алып отырған. Негізінен әйнек өндірісінде және жуатын зат ретінде пайдаланған. XVІІІ-ші ғасырдың аяғында оның өсіп жатқан қажеттілігі соданы алудың басқа да әдістерін іздестіруге мәжбүр етті. 1775 жылы фр. фармацевті Леблан соданы алудың жаңа жолын ұсынды.
Na2SO4+CaCO3+2C Na2CO3+CaS+2CO2
Сода негізінде көптеген натрий негізіндегі тұздарды мысалы NaНCO3, NaOH, NaSO4, NaНCO3 және т. б. тұздарды, ал олардың басқа заттармен әрекеттесуі нәтижесінде көптеген химиялық заттарды ала бастады. Сондықтан да сода заводтары химия өндірісінің орталығы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет