3 дәріс Тақырыбы: Қатты дене механикасы. Тұтас орта механикасы. Тербелiстер мен толқындар. Негізгі сұрақтар


Бiртектi қатты денелердiң ауырлық центрiне қатысты



бет2/4
Дата29.09.2023
өлшемі106,6 Kb.
#111849
1   2   3   4
Байланысты:
3 дәріс

Бiртектi қатты денелердiң ауырлық центрiне қатысты
инерция моменттерi
1. Жұқа дискiнiң:
2. Стерженнiң:
3. Цилиндрдiң:
4. Шардың:
5. Материялық нүктенiң айналу осiне қатысты инерция моментi:
.
Дененiң кез-келген оське қатысты инерция моментi Штейнер теоремасы бойынша анықталады.
,
мұндағы: - ауырлық центрiмен айналу осі арасындағы ара қашықтық.


Тұтас орта механикасы
Сұйықтардың тепе-теңдiгiн қарастыратын механиканың бөлiмiн – гидростатика деп атайды. Сұйықтар мен газдарды сипаттайтын ең негiзгi шамалардың бiрi - қысым.
Қысым деп бетке түсетiн күштiң осы беттiң ауданына қатынасына тең шаманы айтады. Өлшем бірлігі . .
Паскаль заңы: Сұйық ішіне түсiрілген қысым барлық бағытқа бiрдей берiледi.
Сұйық iшiндегi қысым: . Бұл қысымды кейде гидростатикалық қысым деп атайды.
Сұйықтардың қозғалысын зерттейтiн механиканың бөлiмiн – гидродинамика деп атайды.
Сұйық бөлшектерiнiң қозғалысы - ағыс, ал сұйықтың қозғалысы- ағын деп аталады.
Кез келген нүктесiндегi сұйықтың жылдамдығының шамасы мен бағыты өзгермейтiн ағысты стационар ағыс деп атайды. Ағыс сипатына байланысты екіге бөлiнедi.
Егер сұйық қабаттары бiр-бiрiмен араласпай, бiр-бiрiне параллель қозғалатын болса, мұндай ағыс – ламинар (қабатты) ағыс деп аталады.
Егер сұйық қабаттары бiр-бiрiмен араласып иiрiлiп қозғалатын болса, мұндай ағыс – турбуленттi (иiрiмдi) деп аталады. Сығылмайтын тұтқыр емес сұйықты идеал сұйық деп, ал сығылатын тұтқыр сұйық реал сұйық деп аталады.
.
Осы өрнектi ағынның үздiксiздiк теңдеуi деп атайды. Ыдыстың көлденең қимасының сұйық ағысының жылдамдығына көбейтiндiсi тұрақты шама болады.
Сұйық ағысының жылдамдығы ыдыстың көлденең қимасына керi пропорционал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет