3 дәріс Тақырыбы: simulink блогының кітапханасы. Sources – сигнал көзі. Constant тұрақты сигнал көзі. Мақсаты: simulink блогының Sources қосымша блогымен танысу



бет4/5
Дата28.09.2023
өлшемі469,5 Kb.
#111248
1   2   3   4   5
Sinks – сигнал қабылдаушылар
Scope осциллографы
Қызметі:
Уақыт функциясында зерттелетін сигналдардың графиктерін тұрғызу. Ол модельдеу үдерісіндегі сигналдардың өзгеруін бақылауға мүмкіндік береді.
9.2.1-суретінде блоктың суреті мен графиктерді бақылау терезесі көрсетілген.

9.2.1-сурет. Scope осциллографы
Сигналды көру терезесін ашу үшін блоктың суретінде тышқанның сол жақ пернесін екі рет басу арқылы аламыз. Оны есептеудің кез келген жерінде орындауға болады (есептеудің басында, одан кейін және есептеу кезінде). Егер блоктың кірісіне векторлық сигнал түссе, онда әрбір вектор элементі үшін салынған қисық әр түрлі түспен сызылады.
Осциллограф терезесін күйге келтіру құрал-саймандар жақтауы арқылы іске асырылады. (9.2.2-сурет).

9.2.2-сурет. Scope блогының құрал-саймандар жақтауы
Құрал-саймандар жақтауы 11 батырмадан тұрады:
Print – осциллограф терезесінің ішіндегісін баспаға шығару.
Parameters – параметрлерді күйге келтіру терезесіне енуге рұқсат.
Zoom – екі ось бойынша масштабтың өсуі.
Zoom X-axis – горизонталь ось бойынша масштабтың өсуі.
Zoom Y-axis – вертикаль ось бойынша масштабтың өсуі.
Autoscale – екі жақ осьтері бойынша автоматты түрде масштаб құру.
Save current axes settings – терезенің ағымдағы күйге келтірулерін сақтау.
Restore saved axes settings – алдында сақталған терезенің күйге келтірулерін қою.
Floating scope – осциллографтың «еркіндік» режиміне аударылуы.
Lock/Unlock axes selection – ағымдағы координаталық жүйе терезесі мен көрсетілетін сигнал арасындағы қатынасты біріктіру/бөлу. Құрал Floating scope режимі қосылғанда ғана іске жарамды болады.


Масштабтың өсу графигі
3. Тышқанның оң жақ пернесімен график терезесіне шерту және контекстік мәзірден Axes properties… командасын таңдау керек. Y-min және Y-max параметрлерінің көмегімен вертикаль осьтерінің шектік мәндерін көрсете алатын графиктің қасиеттер терезесі ашылады. Енгізу жолында %өрнегін ауыстыру арқылы осы терезеде графиктің (Title) тақырыбын көрсетуге болады. Қасиеттер терезесі 9.2.4-суретте көрсетілген.

9.2.4-сурет. График қасиеттерінің терезесі
Қызметі:
Блок параметрлері құрал-саймандар жақтауындағы (Parameters) құралының көмегімен ашылатын ‘Scope’ parameters терезесінде қойылады. Параметр терезесінің екі қосымшасы бар:
General – жалпы параметрлер.
Data history – MATLAB-тың жұмыс аймағындағы сигналдарды сақтау параметрлері.
Жалпы параметрлердің қосымшасы 9.2.5-суретте көрсетілген.

9.2.5-сурет. General жалпы параметрлердің қосымшасы
General қосымшасында келесі параметрлер беріледі:
1. Number of axes — осциллограф кірісінің (координата жүйелері) сандары. Осы параметрдің өзгеруінен блоктың суретінде қосымша кіріс порттары пайда болады.
2. Time range — графиктер үшін көрінетін уақыт аралығының өлшемі. Егер модельді есептеу уақыты Time range арқылы берілген параметрінен асып кетсе, онда графиктің нәтижесі бөліктермен шығатын болады және графиктің әрбір бөлігінің көрсетілу аралығы берілген Time range мәніне тең болады.
3. Tick labels — осьтерді және осьтердің белгілеулерін көрсету/жасыру. Ол келесідей үш мәнді қабылдай алады (тізімнен таңдалады):


all – барлық осьтер үшін белгілеулері бар,
none – осьтердің және олардың белгілеулерінің жоқ болуы,
bottom axis only – тек төменгі график үшін горизонталь осьтердің белгілеулері бар.
4. Sampling — графиктерді шығару терезесіндегі параметрлерді қою. Есептеліну нүктелерін экранға шығару режимін береді. Decimation таңдау кезінде қысқарып шығарылу есептеліну нүктелерін көрсететін санмен құрылады. 9.2.6 және 9.2.7-суреттерде тұрақтандырылған 0.1с. адыммен есептелген синусоидалық сигналдың графиктері көрсетілген. 9.2.6-суретте Scope блогының терезесінде әрбір есептеліну нүктесі шығарылады
(Decimation параметрі 1-ге тең). 9.2.7-суретте әрбір екінші мәннің нәтижесі көрсетілген (Decimation параметрі 2-ге тең). Графикте маркерлермен есептеліну нүктелері белгіленген.

9.2.6-сурет. Синусоидалық сигналдың көрсетілуі (Decimation=1)

9.2.7-сурет. Синусоидалық сигналдың көрсетілуі (Decimation=2)
Егер есептеліну нүктелерінің көрсету режимі Sample time сияқты берілсе, онда оның сандық мәні сигналдың көрсетілуінде аралықтың квантталуымен анықталады. 9.2.8-суретте Sample time параметрінің мәні 0.1-ге тең болғандағы синусоидалық сигналдың графигі көрсетілген.

9.2.8-сурет. Синусоидалық сигналдың көрсетілуі (Sample time=0.1)
5. floating scope – осциллографты «еркіндік» режиміне ауысуы (жалауша белгісінің қойылған кезінде).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет