3 дәріс Тақырыбы: simulink блогының кітапханасы. Sources – сигнал көзі. Constant тұрақты сигнал көзі. Мақсаты: simulink блогының Sources қосымша блогымен танысу


Signal Generator сигналдар генераторы



бет2/5
Дата28.09.2023
өлшемі469,5 Kb.
#111248
1   2   3   4   5
Signal Generator сигналдар генераторы
Қызметі: Төмендегі периодтық сигналдардың біреуін түзеді:
sine — синусоидалық сигнал.
square — тік бұрыштық сигнал.
sawtooth — ара тәріздес сигнал.
random — кездейсоқ сигнал.
Параметрлері:
Wave form – сигнал түрі.
Amplitude – сигнал амплитудасы.
Frequency - жиілік (рад/с).
Units – жиілікті өлшеу шамасы. Ол екі мәнге ие бола алады:
Hertz – Гц,
rad/sec рад/с.

9.1.5-суретте тік бұрышты сигнал көзін моделдеуде осы аталған сигнал көзінің қолданылуы көрсетілген.



9.1.5-сурет. Сигналдар генераторының блогы

Uniform Random Number біркелкі таратылатын кездейсоқ сигнал көзі
Қызметі: Біркелкі таратылатын кездейсоқ сигналды түзеді.
Параметрлері:
Minimum – сигналдың ең төменгі деңгейі.
Maximum – сигналдың ең жоғарғы деңгейі.
Initial seed – бастапқы мән.
9.1.6-суретте блоктың қолданылу мысалы мен шығыс сигналының графигі көрсетілген.

9.1.6-сурет. Біркелкі таралатын кездейсоқ сигналдың көзі


9.1.8.7 Random Number қалыпты таратылатын кездейсоқ сигнал көзі
Қызметі: Қалыпты деңгейде таратылатын кездейсоқ сигналды түзеді.
Параметрлері: Mean - сигналдың орташа мәні.
Variance – дисперсия (орташа квадраттық ауытқу).
Initial seed – бастапқы мән.

9.1.7-сурет. Қалыпты деңгейде таратылатын кездейсоқ сигнал көзі
9.1.8 Pulse Generator импульстік сигнал көзі
Қызметі: Тік бұрышты импульстік сигналдарды түзеді.
Параметрлері:
Pulse Type – сигналдардың қалыптасу әдістері. Ол келесідей екі мәнге ие болуы мүмкін:
Time-based – ағымдағы өтіп жатқан уақыт.
Sample-based – модельдеу уақытының шамасы мен есептеу адымының саны.


Amplitude — амплитуда.
Period — период. Time-based Pulse Type үшін секунд немесе Sample-based Pulse Type үшін модельдеу адымы бойынша беріледі.
Pulse width — импульстің ені. Time-based Pulse үшін периодқа қатынасы % немесе Sample-based Pulse Type үшін модельдеу адымы бойынша беріледі.
Phase delay — фазалық бөгеліс. Time-based Pulse Type үшін секунд бойынша немесе Sample-based Pulse Type үшін модельдеу адымы бойынша беріледі.
Sаmple time — модельдеу уақытының адымы. Sample-based Pulse Type үшінберіледі.
9.1.8-суретте Pulse Generator-дың қолданысы көрсетілген.

9.1.8-сурет. Тік бұрышты импульстік сигнал көзі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет