3 дәріс Тақырыбы: simulink блогының кітапханасы. Sources – сигнал көзі. Constant тұрақты сигнал көзі. Мақсаты: simulink блогының Sources қосымша блогымен танысу


Chirp Generator жиілігі сызықтық өзгеретін генератор



бет3/5
Дата28.09.2023
өлшемі469,5 Kb.
#111248
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 дәріс -ELC 5561

9.1.9 Chirp Generator жиілігі сызықтық өзгеретін генератор
Қызметі: Жиілігі сызықтық өзгеретін синусоидалық тербелістерді түзеді.
Параметрлері:
Initial frequence — бастапқы жиілік (Гц);
Target time — жиіліктің өзгеру уақыты (с);
Frequence at target time — жиіліктіңсоңғымәні (Гц).
9.1.9-суретте блоктың қолданылу мысалы көрсетілген.

9.1.9-сурет. Жиілігі сызықтық өзгеретін генератор
9.1.10 Band-Limited White Noice ақшуылгенераторы
Қызметі: Жиілігібойыншабіркелкітаратылатынберілгенқуаттылықтағысигналдытүзеді.
Параметрлері:
Noice Power – дауыс қуаттылығы.
Sample Time – модельдеу уақыты.
Seed – кездейсоқ сандар генераторын атау үшін керекті сан.
9.1.10-суретте ақ шуыл генераторының жұмысы көрсетілген

9.1.10-сурет. Ақ шуыл генераторы
9.1.11 Clock уақыттық сигнал көзі
Қызметі: Модельдеудің ағымдағы уақытына тең, есептеу адымының әр шамасына тең сигналды түзеді.
Параметрлері:
Decimation – сигнал көзінің көрінісіндегі уақыт көрсеткішінің жаңару адымы (Display time параметрінің жалаушасы тұрған жағдайда). Параметрлері уақыт есептеу адымының саны ретінде беріледі. Мысалы, егер модельдің есептеу адымы Simulation parameters сұхбат терезесінде 0.01с. тең етіп орнатылса, ал Clock блогының Decimation параметрі 1000-ға тең деп берілсе, онда уақыт көрсеткішінің жаңаруы модельдеу уақыты бойынша 10с. сайын болады.
Display time – сигнал көзінің блогындағы уақыт өлшемінің көрінісі.
9.1.11-суретте берілген сигнал көзінің мысалы көрсетілген.

9.1.11-сурет. Уақыттық сигнал көзі
Digital Clock сандық уақыт көзі
Қызметі: Дискреттік уақыт сигналын түзеді.
Параметрлері: Sample time – модельдеу уақытының адымы (с).
9.1.12-суретте Digital Clock көзінің жұмысы көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет