- дене шынықтыру, спорттық бағдардағы ғылыми-зерттеу мекемелері, дене және психикалық денсаулықтың проблемаларын қарастырушы медициналық-биологиялық ұйымдар
- дене шынықтыру, спорттық бағдардағы ғылыми-зерттеу мекемелері, дене және психикалық денсаулықтың проблемаларын қарастырушы медициналық-биологиялық ұйымдар 1.3. Кәсіби қызмет пәні 5В010800 - Дене шынықтыру және спорт мамандығы бакалаврының кәсіби қызмет пәндері:
оқыту
тәрбиелеу
спорттық жаттығу бұқаралық спорт түрлері
ғылыми-әдістемелік жұмыс
коррекциялық-дамытушы қызмет
дене шынықтыру-сауықтыру, рекреациялық қызмет
инновациялық технологияларды жобалау
бұқаралық-спорттық шаралар мен мерекелік-спорттық шараларды ұйымдастыру
1.4. Кәсіби қызметтің функциялары: 1.Дене шынықтыру мен дене тәрбиесі мұғалімі ретінде тәрбиелік, білімдік және сауықтыру жұмыстарымен
2.Жаттықтырушы ретінде спорт түрлері бойынша мектепке дейінгі және мектептегі оқу мекемелерінде секция жұмыстарынұйымдастырумен
3.Жаттықтыру үдерісін ғылыми тұрғыдан негізделген әдіс – тәсілдермен қамтамасыз етумен
4.Спорттық дайындықты тиімді басқару және түрлі біліктілік дәрежесіндегі спортшылардың нәтижелерімен
5.Ұйымдастыру қызметі дене шынықтыру мен спорт бойынша оқу орындарында спорттық мерекелік шараларды өткізумен және жарыстарға төрешілік жасаумен
1.5. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері Білуі қажет:
- тұлғаның дене шынықтыруы мен салауатты өмір салтын қалыптастыруы саласында ағарту жұмыстарын жүргізу;
- дене дамуын жан-жақты оңтайландыру мен жарасылымдылығын, рухани байлығын, ҚР азаматтарына, Отанға деген сүйіспеншілігі мен беріктігін тәрбиелеуді қалыптастыру;
- дене күші, ерік қасиеттерін, дене жұмысына қабілеттілігі деңгейін, дене жетілдіру мен жоғары спорт нәтижесіне қол жеткізу мақсатында қозғалу қабілетінің жеке қорын, біліктілігі мен дағдысын арттыру;
- тиімді бейімдену арқылы ағзаның қор мүмкіндіктерін, сыртқы орта факторларын (температураның жоғарылауы мен төмендеуі, орта, жоғары тау жағдайлары және т.б), өмір сүрудің жеке тәртібін талапқа сай оңтайландыру мүмкіндіктерін арттыру:
- спортшыларды дайындауды басқару және ағза бейімділігінің тетіктерін спорттық нәтижелер арқылы үзіп алмай, жоспарлау, мақсатты түрде ғылыми негіздеу;
- денсаулықты көп жыл бойы сақтау және нығайту, тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға, жұмылдыру, еңбек пен күнделікті өмірде қажетті қозғалыс дағдыларын дамыту.