№3 дәріс тақырыбы: Заманауи дене шынықтыру және спорт саласындағы маманның қызметіне қойылатын талаптар Жалпы «мамандық»


• Психологиялық - педагогикалық қызмет бағыттары



бет4/6
Дата10.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#136619
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3-дәріс 3

Психологиялық - педагогикалық қызмет бағыттары:
- педагогикалық үдерісті, педагогикалық үдеріс субъектілерін дамыту бағдарламасы бойынша өзіндік кәсіби қызметті жобалау; ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-тәрбиелік; түзетуші-дамытушылық, мәдени-ағартушылық; тұлға аралық және іскерлік қарым-қатынас құруды қамтамасыз етуші әлеуметтік-мәдени және кәсіби орта бойынша кеңес берушілік және т.б.;

Жаттықтырушылық қызметтің байланысы:
- ғылыми негізделген іріктеумен, жоспарлаумен, бақылаумен, спортшылар дайындығының функциональді, дене, әдіс-тәсілдік, психологиялық, интеллектуалдық тұстарын түзетумен, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған оқу-жаттығу жұмыстарымен, ерік-күш сапаларын, шұғылданушылардың денсаулығына зиян келтірмей жоғары спорттық нәтижелерге жету мақсатында түрлі жас пен жыныстағы тұлғаларға отансүйгісштік сапаларын тәрбиелеумен;
  • барлық тұрғын халықтарды сауықтыру үшін спорт түрлерін пайдалану арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулығында ақауы бар жандарды әлеуметтік және спорт бағытына қарай бейімдеу.

  • Спорттық-төрешілік ұйымдастыру қызметі сипатталады:
    - дене шынықтыру және спорт бойынша жарыстар өткізу мен төрешілік жасау, оқу орындары мен басқа да мекемелерде, клубтарда спорт мерекелерін өткізу;
    - спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастыру мен өткізу.

Дене шынықтыру және спорт мамандығы бакалаврының негізгі құзіретіне қойылатын талаптар:
Дене шынықтыру және спорт бакалаврының түсінігі болуы керек;
- табиғат, қоғам, танымының жалпы заңдары, тарихи шарттылықтыры, адамгершілік талаптары мен нормалары туралы, көркем шығарма мен өнерді қоғамдық тарихи құбылыс ретінде қабылдай отырып, оның мүмкіндіктерін спортты ізгілендіруге пайдалану;
- әлемтанудың ғылыми, философиялық, діни негізін, адам өмірінің мәні, өзінің және тұтас қоғамның денсаулығын сақтау туралы, дене шынықтыру мен спорттың қоғам өмірі мен мәдениетіндегі рөлі туралы мәселелерді адам тұлғасының дене тәрбиесіндегі, денсаулықты нығайтудағы рухани адамгершілік негізінің құралы ретінде қарастыру;
- дене шынықтыру мен спорттың адамгершілік, отанға деген сүйіспеншілігін, бүкіл халықтарға деген құрмет сезімінің тәрбиелік және білімдік маңызы, спорттық басқа елдермен қарым - қатынастағы рөлі.
- дене тәрбиесі сабақтары мен оқу- жаттығу және жарыс барысындағы тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, ұстанымдары, құралдары, әдістері және түрлері туралы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет