3-Əлеуметтік лингвистиканың өзіндік зерттеу əдістері мен тəсілдері



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі24,33 Kb.
#19615
  1   2
Байланысты:
3-семинар, МООЖ


3-Əлеуметтік лингвистиканың өзіндік зерттеу əдістері мен тəсілдері

1.Лингвистикалық əдіс-тəсілдер

2. Əлеуметтік лингвистикалық əдістер мен тəсілдері

3. Əлеуметтік лингвистиканың материал жинау көздері


Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу әдістері – бұл оның өзіндік теориясы мен әдіснамасына негізделген, нақтылы қол жеткен нәтижелерінің жемісі. Әлеуметтік лингвистика әдістері пәнаралық сипатқа ие. Сондықтан да ол әлеуметтік және тілдік құбылыстардың өзара байланысын зерттеуде әртүрлі ғылыми әдістерді пайдаланады.

Әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер жинаудың біршама кең таралған әдістеріне мыналар жатады:

1.Тікелей бақылау.

2.Жасырын қосылған бақылау.

3.Сауалнама жүргізу.

4.Сұхбаттасу.

5.Құжат көздеріне талдау жасау.

Тікелей бақылау – бұл сөйлесім әрекеттерін талдау мақсатында сол мезетте тыңдау мен жазып алу (қолдан не магнитафон, диктофонға т.б). Объективті мәліметтерді алу үшін бақылауды дұрыс ұйымдастырған маңызды.

Зерттеуші-лингвист бақылауда әдейі құрылған немесе қайталай айтылған сөйлесулерді емес, алдын ала дайындалмай, табиғи түрде жүріп жатқан сөйлесулерді жазып алуы тиіс.

Бақылаушы-лингвист өзінің информантқа қатыстылығын, әсерін болдырмас үшін мынадай әдістер қолданады:

1.Жасырын қосылған бақылау.

2.Жасырын камераға түсіру, сөйлесулерді, мимика, жестерді жазып алу.

Жасырын қосылған бақылау – зерттеуші-лингвистің сол сөйлесім жағдаятындағы қарым-қатынас актісіне табиғи түрдегі қатысушы ретінде қосылатын тәсілі. Бұл зерттеушінің туысқан не жақын таныстарының сөйлесім әрекеттерін зерттеуде жүзеге аса- ды. Өйткені олар зерттеушіге үрке қарамай, не оның бақылауына назар аудармай «жақсы» да, «жаман» да сөйлемеуге, яғни күнделікті қалпын сақтайды. Осындай тәсілмен мысалы, мәскеуліктердің, ленинградтықтардың, саратовтықтардың орысша ауызекі сөйлеу тілі, Москва, Челябинск, Элистадағы қарапайым-тұрмыстық тіл- дері зерттелген [18,4.].

Сөйлесім әрекетін басқа да қарым-қатынас құралдарын (мими- ка, жестерді) бақылауда микрофондық ақаулардың (эфектілердің) және бақылаушының қатысуынан болатын ыңғайсыздықтарды болдырмас үшін жасырын камера қолданылады. Бақылаушыға қажетті материалдарды алуда бұл әдіс әрқашан тиімді бола бер- мейді. Информанттарға ескертусіз болатын бұл бақылауды үй іші жағдайында туысқандар, достар не жақсы таныс адамдар ара- сында өткізуге болады. Мұндай бақылауды сондай-ақ қоғамдық орындарда (жиналыстарда, клубтарда, сауда үйлерінде, поштада, транспортта т.б.) жүргізуге болады. Алайда мұнда материалды құжаттау мәселесінде, информанттардың әлеуметтік мәртебелерін анықтауда (олардың мамандығы, тұрғылықты жері, білімі т.б.) қиындықтар туғызады.

Жалпы сөйлесім әрекетін бақылауды информанттармен қатынас жасай отырып, нәтижесін кейін есте қалғанымен талдау арқылы да жүргізуге болады. Сондай-ақ тікелей бақылаудың бұдан да басқа түрлері көп-ақ, тек соның қайсысын қолданғанда зерттеушінің мақсат-мүддесіне сай, тиімді болады, соны пайдаланған жөн.

Тікелей бақылаудың жалпы тәртібіне мыналар жатады:

1.Жұмыс мазмұнын ойластыру, оның мақсаты мен негізгі кезеңдерін белгілеу.

2.Әлеуметтік белгілерін есепке ала отырып (жасы, жынысы, туған жері, білімі, әлеуметтік жағдайы, мамандығы т.б.), біршама типті информанттарды таңдау.

3.Қажетті мәліметті алу үшін біршама типті сөйлесім жағдаятын таңдау, не соған жағдай туғызу. Мысалы, әңгімелесушілерге бай-ланысты тілді таңдау (билингвизм жағдайында) немесе тілдің өмір сүру формаларының бірін таңдау (диглосия жағдайында), сөйлеу тақырыбын т.б. тілдік жағдаят компоненттерін таңдау.

Сауалнама жүргізу – арнайы дайындалған бағдарламалық сұрақтарға жауап алу арқылы бұқаралық сипаттағы материал жинаудың әлеуметтану ғылымында және әлеуметтік лингвистика- да біршама кең тараған әдістерінің түрі.

Сауалнама мазмұны (сауалнама қағазы не бағдарламалық сұрақтар) қойылатын сұрақтарға, олардың орналасу тәртібіне, оларға жауаптың сипатына, түрлеріне т.б. зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты болады.

Сауалнама кіріспе бөлімінен (жүргізілетін сауалдың мақсаты мен міндеттері түсіндірілген; ұйымдастырушысы көрсетілген, респондентке қаратпа айтылған), негізгі бөлімнен (зерттеудің мақсаты мен міндетінен туындайтын анкета сұрақтарынан) және паспорттаудан (респонденттің объективті әлеуметтік- демографиялық және басқа да мінездемелерінен) тұрады. Сауална- ма – әлеуметтік лингвистиканың түрлі прблемаларын әр қырынан зерттеудегі таптырмас әдістердің бірі.

Сұхбаттасу – әңгімелесушілерге (респондентке) алдын ала жоспарланған сұрақтар беру арқылы әлеуметтік лингвис- тикалық материал жинастыру әдісі. Бұл әдістің сауалнамадан айырмашылығы зерттеушінің респандентпен әңгімелесу кезін- де қосымша сұрақтар қоя отырып, «материал көзімен» тікелей байланыста болып, алынған материалды тереңдете байытуына мүмкіндік жасалады. Әдістің бұл түрі сұхбат алушы зерттеуші- лингвистің жоғары біліктілігін, әңгімені қажетті бағытта жүргізе алу шеберлігін қажет етеді.

Құжат көздеріне талдау жүргізу – әлеуметтану, филоло- гия және әлеуметтік лингвистикада т.б. ғылым салаларында құжаттардан ғылыми мәліметтер алуда қолданып келе жатқан көне әдістердің бірі. Әлеуметтік лингвистикалық сипаттама үшін құжаттарды талдау зерттеушісінің нақты міндеттерінің прин- циптеріне сай болуы керек. Мұндайда көбінесе бір құжат бірнеше мақсаттарда немесе керісінше бір мәселеге бірнеше құжаттар қарастырылады.

Әлеуметтік лингвистикалық мәліметті жинаудың біршама тип- ті түрлеріне: демографиялық, статистикалық материалдар (халық санағы, азаматтық хал актілеріне тіркеу жазбалары, шаруашылық және үй кітабы т.б.); ресми және жеке жазбалар; ғылыми, өндірістік- техникалық, мәдени-ағарту мекемелерінің материалдары, есеп- тері, хаттамалары, бұйрықтары мен өкімдері т.б.; баспасөз мате- риалдары, теледидар, радио, интернет т.б. ақпарат құралдарының материалдарын пайдалану, талдап, екшеп қорытындылау жатады.

Сұрау жүргізу – респондентпен сауалнама көмегімен тіке- лей қатынас жасау жолымен жүзеге асырылатын сауалдың не- гізгі түрлерінің бірі. Сауал жүргізудің кемшіліктеріне онда информанттың сөйлеу әрекеті емес, сөйлеу әрекеті туралы есе- бі (пікірі) айтылатындығы жатады, сондықтан сауал жүргізуді алғашқы әлеуметтік лингвистикикалық мәлімет жинау әдісі деп есептелген жөн. Сауал жүргізу микроәлеуметтік, сондай-ақ микроәлеуметтік лингвистикалық зерттеу жүргізуде қолданылады. Әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер жинағы (фр.Bangue /banko деген сөзі), орысшасы – Банк социолингвистических данных – арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, олардың эмпиривтік және теориялық талдаулар қорытындысы.

Ақпараттар хронологиялық, аумақтық, пәндік және автор- лық тәртіпте сақталуы мүмкін. Толық мәндегі әлеуметтік лин- гвистикалық мәліметтер жинағынсыз тілдер мен диалектілерді сипаттау мүмкін емес. Ресейдің аз санды халықтары тілдерінің (ЯМАЛ) әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер жинағы Ре- сей Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының ұлттық- тілдік қатынастар бойынша Ғылыми-зерттеу орталығы арқылы құрылған, оған мынадай мәселелер енеді: тіл туралы жалпы мәлімет (туыстық және құрылымдық классификациясы, таралу аумағы, диалектілік жіктелістері); грамматикалық сипаттамасы, сөздіктері, оқулықтары туралы мәлімет; этнос – тіл тұтынушы жөнінде статистикалық мәлімет; таза әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер (бір-біріне әсер етуші тілдер, жазу мәдениеті, этнос өкілдерінің тіл меңгеру дәрежесі, қостілділік дәрежесі, тілдің әлеуметтік қызметтері, көркем, ғылыми және басқа да әдебиеттері) жөніндегі мәліметтер. Әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер жинағы РҒА Тіл білімі институтының халықаралық жобалары мен Лавал атындағы Университетінің Тілдік жоспарлау бойынша Халықаралық зерттеу орталығы (Канада, Квебек) көптомдық – әлемнің жазба тілдері атты басылымды шығаруға негіз салынды.

3 ОЖМӨЖ мазмұны: Əлеуметтік лингвистиканыңнегізгі ұғымдары


Қандай да бір ғылым саласының даму деңгейі оның негізгі те- ориясы, ұғымдық аппараты және өзіндік әдістерінің жағдайымен анықталады. Әлеуметтік лингвистикаға келсек, бұл оны әлі де бол- са нақты әлеуметтік лингвистикалық зерттеулемен толықтырып, теориясын жасауға, әдістерін жетілдіруге және ұғымдық аппара- тын жүйелеуге көңіл аудару қажет. Іргелі проблемаларды шешіп алмайынша әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер әлі де ұзақ жылдар бойында үзік-үзік үзінді күйінде қалып, кең көлемдік тал- даулар мен теориялық тұжырымдарға жарамсыз болып қалады. Бұл қауіптер әлеуметтік лингвистика үшін нағыз өмір шындығы, өйткені әлеуметтік лингвистиканың проблемаларын, бір жағынан белгілі бір дәрежеде қандай да бір қырынан өзге ғылым саласының мамандары (әлеуметтанушылар, этнографтар, саясаттанушылар, философтар) қарастырса, екінші жағынан ол жұртшылық тарапы- нан да кеңінен талқыланып отырады. Біртұтас теориялық базаның жоқтығы, шынымен де, әртүлілікке әкеледі, бірыңғайлықтың бол- мауы өзара түсінушілікке де зиянын тигізеді.

Қазігі заман тіл біліміндегі лингвистикалық терминдер сөздік- тері (Марузо 1960; Ахманова 1966; Лингвистический энциклопе- дический словарь 1990), сондай-ақ әлеуметтік лингвистикалық эн- циклоедия (Пачаев 1993) лингвистің зерттеушілік аясын қанағат- тандыра алмайды, қандай да бір терминнің мағынасы туралы сауалға нақты түсінік бермейді. Өйткені қазіргі күні тіл туралы ғылымның өзі көпқырлы, көсалалы болып, әрбір сала өзіндік жеке арнаулы терминологиясына ие болып кетті. Міне, сондықтан қазіргі әлеуметтік лингвистиканың алдындағы маңызды міндеттің бірі ұғымдық аппаратты – әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер- де қолданылатын ұғымдар жиынтығын талдап және жүйелеп алу болып табылады.

Ғылыми әдебиеттерде әлеуметтік лингвистикалық терминоло- гияны жасау проблемасы бірнеше мәрте көтерілді (Mackey 1991; Brann 1989). 2003 жылы П.Траджилдің «Социолингвистический глоссарий» деген еңбегі шықты. Мұнда П.Траджил негізгі концеп- терді және әлеуметтік лингвистикада біршама жиі қолданылатын терминдерді (580 сөз) нақтылап көрсетеді. Автордың наза- ры әлеуметтік лингвистиканың түрлі бағыттарына, дәстүрлі және қазіргі диалектологияға, социолингвистер үшін ерекше қызығушылық тудырып отырған ағылшын тілінің варианттарына аударылған. Классикалық әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер- ге сілтемелер берілген. Миноритарлық тілдерге, пиджин және кре- оль тілдерге ерекше назар аударылған.

1993 жылы әлеуметтік лингвистика бойынша энциклопедия- лық сөздік жасаудың алғашқы ұмтылысы болып табылатын А.Пачаевтың болгар тілінде «Малка енциклопедия на социо- лингвисита» атты еңбегі шықты. Кітаптың теориялық бөлімінде әлеуметтік лингвистика пәнаралық сипаттағы ғылыми сала ретінде қарастырылып, оның теориялық және ұғымдық аппараты ашы- лып көрсетіледі, әлеуметтік лингвистикалық мәлімет жинау мен талдаудың әдістері қарастырылады, қоғамның тілдік өмірімен бай- ланысты болатын проблемалар шеңбері айқындалады [13].

Әлеуметтік лингвистика – терминологиялық жүйесінің өзгерім- паздығымен сипатталатын: кейде үнемі жаңа терминдер мен термин секілді тіркестер пайда болып, кейде олар ескіріп стилистикалық бояуы бар сөзге аусып кететін, ылғи маңызды түрдегі өзгерістерге ұшырап отыратын ғылым. Осылайша әлеуметтік лингвисти- ка өзі өзгеріске түсіп, біртіндеп терминологиясының бұқаралық сипаттығы кеміп, ұғымдық аппараты жетіле түседі. Әлеуметтік лингвистика пәнінің өзгерімпаздығы, уақытқа тәуелділігі үнемі жаңаруды және әлеуметтік лингвистикалық терминдерді қайта ой елегінен өткізіп отыруды талап етеді.

Біздің еліміз үшін әлеуметтік лингвистикалық терминдер сөздігін жасау тек теориялық маңыздылыққа ғана ие емес, өзге ел ғалымдарының бұл міндетті қалай қарастырып жатқанынан да ха- бардар болуды көрсетеді. Ол қазіргі Қазақстандағы және сондай- ақ бұрынғы кеңестер одағына қараған елдердегі тілдік құрылыс үдерісін құрайтын өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Жалпы жекелік (даралық, өзіндік) мәртебеге талпынатын кез келген ғылым сияқты әлеуметтік лингвистика да өзіне тән бірне- ше арнаулы ұғымдарға (соған байланысты терминдерге) ие: тілдік қауымдастық, тілдік жағдаят, әлеуметтік-коммуникативтік жүйе, тілдік әлеуметтену, қарым-қатынас құзыреті, тілдік код, код ауыстыру, билингвизм (қостілділік), диглоссия, тіл са- ясаты т.б.

Сондай-ақ кейбір ұғымдар тіл білімінің өзге салаларынан ен- ген: тілдік норма, сөйлеу қатынасы, сөйлеу, сөйлеу актісі, тілдік контакт, тілдердің араласуы, аралық тіл т.б. Соны- мен бірге әлеуметтанудан, әлеуметтік психологиядан: қоғамның әлеуметтік құрылысы, әлеуметтік мәртебе, әлеуметтік рөл, әлеуметтік фактор т.б.



Осы ұғымдардың барлығына анықтама керек. Осы тарауда жоғарыда көрсетілген ұғымдардың кейбіріне анықтама бере- міз, олардан шығатын проблемаларды қарастырамыз. Жалы бұл ұғымдар туралы арнайы әлеуметтік лингвистикалық сөздікте нақты мәліметтер берілген [14].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет