3 I. Жаңа піскен жемістер мен көкөністер


Майлар жемістермен көкөністерде өте аз мөлшерде (0,1-0,5%) болады. Ол жаңғақ ядроларында (45-65%), сүйекті өрікте (20-50%) көп болады. Фитонциттер



бет5/10
Дата15.12.2023
өлшемі55,57 Kb.
#138167
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Майлар жемістермен көкөністерде өте аз мөлшерде (0,1-0,5%) болады. Ол жаңғақ ядроларында (45-65%), сүйекті өрікте (20-50%) көп болады. Фитонциттер бактерицидтік қасиетке ие, токсинді ұшқыш заттарды бөліп, микрофлораның тіршілігін жояды. Пияз, сарымсақ, түбіртамыр фитонциттері активті болып табылады.
Жемістер
Жер жүзінде 32 тұқымдасқа жататын 200 астам түрлері бар. Негізгі жемісті дақылдарға алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік, шабдалы, бүлдірген, құрма, жанжабіл, анар т.б. жатады. Жеміс – аса құнды, тағамдық өнім. Оның құрамында тез қорытылатын көмірсулар, органикалық қышқылдар, С дәрумені, минералды тұздар, пектинді, тұтқырлы, бояушы, хош иіс беретін ағзаға пайдалы заттар болады. Олардың мөлшері жемістің түрлеріне байланысты өзгеріп отырады. Жемістерді ұзақ мерзімде сақтау үшін оларды консервілеу немесе кептіру қажет. Кептірілген жемістерді жеміс қағы деп атайды. Бұларды кептіру табиғи жолмен күн көзін немесе жылы ауамен өңдеу арқылы жүргізіледі.
Жемістердің жіктелуі :Құрылымы мен өсіру аймағына байланысты жаңа піскен жемістер келесі топтарға бөлінеді:  тұқымды – алма, алмұрт, айва;  сүйектілер – шие, көк өрік, өрік, шабдалы;  жидектер – жүзім, қарақат, сиырбүлдірген, құлпынай, таңқурай және жабайы жидектер;  жаңғақжемістілер – жаңғақ, грек жаңғағы, бадам, жержаңғақ, фисташка, кария, кешью т.б.;  субтропикалық және тропикалық – құрма, унаби, інжір, анар, фейхоа, ананас, банан, манго, финики,цитрустылар.
Тұқымды жемістер .Тұқымды жемістер қабығынан, жеміс жұмсағынан және тұқымы бар бес ұялы камерадан тұрады. Бұл топқа алма, алмұрт, айва, мушмула, жатады. Олар жоғары тағамдық құндылықпен, жақсы дәмдік қасиетімен ерекшеленеді және өңдеу үшін құнды шикізат болып табылады.
Алма – басқа жемісті дақылдардың ішінде бірінші орын алады. Алманы негізінен оңтүстік және орталық аймақтарда өсіреді. Алмалардың химиялық құрамы әртүрлі факторларға тәуелді: сұрыбы, пісу дәрежесі, өсіру жағдайы, сақтау тәртібі мен ұзақтығы. Алма құрамында 95 қант, 0,7% қышқылдар (алма және лимон қышқылдары), 0,4% азотты заттар, 0,02– 0,27% илік заттар, 1,3% жасұнық, 0,8% пектин заттар, 13 мг% С дәрумені бар. Жетілу мерзіміне қарай барлық алма сұрыптары жаздық, күздік және қыстық болады. Алманың жаздық сұрыптары шілде-тамызда піседі де, 2-3 апта сақталады. Кең тараған сұрыптары: Грушевка, Белый налив, Анис, Мельба. Алманың күздік сұрыптары жинағаннан кейін 10-20 күн өткен соң піседі. Күздік алмалар желтоқсанға дейін сақталады. Күздік сұрыптарға: Осеннее полосатое, Антоновка, Апорт, Пепин золотистый, Титовка жатады. Алманың қыстық сұрыптарын қыркүйетің екінші жартысында-қазанның бірінші жартысында жинайды. Жинағаннан кейін жемістер қатты консистенциялы болады, құрамында илік заттар мен крахмал көп мөлшерде болады. Алмалар жатып жетіледі. Крахмал гидролизденіп, қант мөлшері ұлғаяды. Бұл кезде протопектин, қышқылдар, илік заттар мөлшері төмендейді, сұрыпқа сәйкес өзіндік дәм, иіс және консистенция пайда болады. Сұрыптары: Ренет Симиренко, Ранет шампанский, Розмарин белый, Бойкен, Банан. Алма сапасына қойылатын талаптар. Ерте пісетін алмалар сапасы бойынша І және ІІ тауарлық сұрыпқа бөлінеді және олар бүтін, қажетінше піскен, таза, жеміс бетінде артық ылғалсыз, бөтен иіссіз және дәмсіз болу керек. Ең үлкен көлденең диаметрі І сұрып үшін – 55 мм, ІІ сұрып үшін – 40 мм болу керек. Кеш пісетін алмалар екі помологиялық топқа және төрт тауарлық сұрыпқа: жоғары, І, ІІ және ІІІ. Жоғары сұрыпқа 1-помологиялық топқа жататын алмалар: Антоновка, Апорт алматинский, Бельфлер желтый, Осеннее полосатое, Ранет Симиренко, Старкинг және т.б. жатады. Өлшемі (мм): жоғары сұрып – 65, І – 60, ІІ – 50, ІІІ – 40. Кеш пісетін алмалардың сапасы келесі көрсеткіштермен бағаланады: сыртқы түрі, ең үлкен көлденең диаметрі бойынша өлшемі, жетілу дәрежесі, рұқсат етілетін ауытқулар. Домалақ формалы жоғары сотты алмалар үшін өлшемі (мм): 65, І сұрып үшін – 60, ІІ сұрып үшін – 50 және ІІІ сұрып үшін – 40; овал формалы жоғары сұрыпты алма – 60, І сұрып – 50, ІІ сұрып – 45 және ІІІ сұрып – 35.
Алмұрт. Алмаларға қарағанда нәзіктеу, нашар сақталады, алмалармен салыстырғанда қышқыл мөлшері аз, қант мөлшері көп. Алмұртты балғын түрінде қолданады, компот, тосап, цукат дайындайды. Алмұрт құрамында 9% қант, 0,3% қышқылдар, 0,2% пектин заттары, 0,02-0,17% илік заттар, 0,7% минералды элементтер, 0,6% жасұнық, С дәрумені бар. Жетілу мерзіміне қарай жаздық, күздік және қыстық болып бөлінеді. Жаздық сұрыптарға: Бессемянка, Лимонка, Ильинка, Любимица, Клаппа және т.б. жатады. Олар шілде-тамызда пісіп, үш аптаға дейін сақталады. Күздік сұрыптарына Лесная красавица, Беребоск, Дюшес жатады. Олар тамыз аяғында және қыркүйек басында піседі. 90 Алмұрттың қыстық сұрыптары қыркүйек аяғында-қазанда жиналады, ал тұтынушылық жетілуі 4-6 ай сақтағаннан кейін басталады. Оларға: Бере зимняя Мичурина, Вильямс зимний, Деканка зимняя, Сен-Жермен, Бере Арданпон жатады. Сапасы бойынша ерте пісетін алмұрт екі тауарлық сұрыпқа: І және ІІ; кеш пісетін алмұрт екі помологиялық топқа және үш тауарлық сұрыпқа: І, ІІ және ІІІ бөлінеді.
Айва жемістері ірі, жұмсағы тығыз, ауыз қуыратын дәм мен нәзік жағымды ароматқа ие. Консерві өндірісінің құнды шикізаты, одан тосап, джем, желе, цукат, компот дайындайды. Айва құрамында 7,6% қант, 0,9% қышқылдар, 0,8% пектин заттары, 0,6% илік заттар, 1,5% пектин заттары, 0,8% минералды заттар, 23 мг% С дәрумені бар. Айваның өзіндік ароматы құрамында энант-этил және пеларгон-этил эфирінің болуына негізделген. Жетілу мерзіміе қарай ерте пісетін (қыркүйекте жинайды) және кеш пісетін (қазанда жинайды) болады. Сапасы бойынша 1 және ІІ тауарлық сұрыпқа бөлінеді. Тұқымды жемістердің аурулары. Тұқымды жемістер көбінесе жеміс шірігімен, паршамен, күйе саңырауқұлағымен зақымданады. Физиологиялық аурулар (күю, жұмсағының қараюы, солу және т.б.) дұрыс емес сақтау кезінде пайда болады. Тұқымды жемістердің зиянкестеріне плодожорка, долгоносик, щитовка жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет