3 І тарау. Желтоқсан оқиғасы бойынша дерек көздері


І тарау. Желтоқсан оқиғасы бойынша дерек көздері



бет5/10
Дата07.04.2022
өлшемі125 Kb.
#30198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
І тарау. Желтоқсан оқиғасы бойынша дерек көздері.

1.1. Желтоқсан оқиғасының барысы

Азаттық жолы азапты,

Тәуелсіздік жолы тәуекел.

Құлан жортса тұяғы талатын,

Қыран ұшса қанаты талатын.

Осынау сайын дала, Асқар тауларды ғасырлар бойы жаулаушылардың, Ақ білектің күшімен, Ақ найзаның ұшымен қорғап қалған батыр бабаларымыздың, азаттығын аңсап, арпалысқан асыл арманы жиырмасыншы ғасырдың соңы 10-жылдығында ғана жүзеге асты.

Халықтың атойлығын ашу ықыласының, қайнаған легінің бұлқыныс бұршағындай болған желтоқсанның ызғары да оңай болған жоқ. Ішкі істер министрінің деректері бойынша 2336-адам мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің деректері бойынша 2212 адам. Прокуратурасының деректері бойынша 2401 адам ұсталған, уақытша қамау изоляторларының арнаулы қабылдау орындарына тергеу бөлімдеріне жеткізілген және қала сыртына апарып тасталған адамдарды қосқанда ұсталғандардан ұзын санының 8500 мыңға жуық болғаны. 1700 адамның дене жарақатын алғаны анықталды. Олардың ішінде 99 адам, әр түрлі мерзімге сотталды. Қ.Рысқұлбеков ең ауыр үкімнен, өлім жазасына кесілді.

Оқиғаларға қатысушылардың істері көбіне бір нақты жүргізілді. Олар көбіне көп қалайда айыптауға бейім тұрды. Нақты тәртіп бұзуды дәлелденбеген жағдайда тек алаңға шығып өз көзқарасын айтқан үшін сотталған адамдарды аз емес. Желтоқсанға қатысқандар сол бір сұрапыл сәтті еске алып қаза болғандарға бағыштап құран оқу үшін осы алаңда бас қосады. Тәуелсіздік манументіне.

Тәуелсіздік.

Тағзым етіп тар заманда Торыңлайұлы рухын төмендетпегеніне тәубе етіседі.

Арғы тарихқа тереңдемей ақ өткен ғасырдағы 1916 жылы аты шулы июнь жарлығынан басталып кеткен ұлт азаттық көтерілісі арасындағы 70 жылда қазан халқы тотилатарлық қоғамның тегеурінді қыспағына қарамай талай рет қолына қару алып қарлыңқы, қорлыққа қарсы көтерілген екен. Қазан төңкерілісінен кейінгі 20-30 жылы аштық пенен қуғын сүргінге шыдамай шорт кеткен Созақ, Шұбартау көтерілісі сынды ереуіл атқа ер салдырған бой көрсетулерге қарап шыдамай көтеріліске шығып Теміртаудағы 1959 жылы Целиноградтағы 1979 жылғы оқиғалар қазан жұртының бойындағы намыс сезімі аш қалған дәлелдеп келді.

Солардың арасындағы нақты негізінен осы оқиға арқасында қол жеткізген 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі. Социалистік жүйенің тұғыры уытылып тоталитарлық қоғамның тынысы тарылған тұста қазақ қоғамының азатшыл рухын, асқақ рухын бүкіл әлем көре алды. Жастар шеруі бейбіт сипатта саяси тұрғыда салмақты басталды. Олар пленум шешімін бүкіл халықтың сүйегіне салынған таңба екенін формалды түрде болса да адам табылмайды деп санаудың өзі барша қазақты қорлау екенін айтты. Алаңға жиналған адамдардың наразылық білдірген талаптары, тіпті де ұлтшылдық сипатта болмағанын айту керек. Онда мемлекеттік өзгертуге шақырған ұранда да республика тұрып шайқас басқа халықтарға тілге тигізетін сөздерде де болғаннан

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды,

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.

Желтоқсан айының 17-сін жыл сайын Қазақстан тарихындағы ерекше күн ретінде атап өту дәстүрге айналды. Өйткені бұл күн-халқымыздың өз ұлттық намысын қорғауға шыққан күн, қой аузынан шөп алмас, илегенге көнбіс, момын атанған, әншейін де басы біріге қоймайтын халқымыздың жүрегіне батыр бабаларымыздың рухы дарып, бір жеңнен қол шығарып, көк темір құрсанған мыңдаған әскерлерге құр қолмен-ақ қарсы шығып, өр мінез, намысқойлығын әлемге танытқан күн. Бұл күн-желтоқсан оқиғасы кезінде жендеттердің қаза болған ұл қыздарымызды еске алып құран оқып, ас берер қаралы да күніміз жүздеген ұлттарды қырып-жойып жаулап отар еткен Ресей империясының, оның мұрагері КСРО-ның, қабырғасы қақырап, сөгілуі басталған күн.

Желтоқсан оқиғасы жайында қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматов

«Мен Желтоқсан оқиғасын ХХ ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі деп білемін. Өйткені Желтоқсан оқиғасы мен бүкіл тоталитарлық комунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы бағынышты, жалынышты болып келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси-әлеуметтік құбылыс болды деген1.

Желтоқсан оқиғасының орын алуымен де көптеген мақалалар соның ішінде тәуелсіздік алғанға дейінгі жылдарда жарық көрген газет журналдар БАҚ-дарында жарияланғандары көбінше желтоқсан оқиғасының тек жағымсыз, тұрпайы етіп көрсетіп отырған. Онда қазақ жастарын «жас ұлтшылдар», «маскүнемдер», «нашақорлар» деп айыптап жазған болатын. Осындай апталаған қиын қыстау кезеңде ең алғаш болып жалғыз М.Шоханов ағамыз ғана 1989 жылы Мәскеуде КСРО халық депутаттарының І съезінде бүкіл әлем алдында желтоқсан көтерілісі туралы жар салып, бар болғаны үш минуттың ішінде әлемді тағы да дүр сілкіндірді.

Ал тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жазылған баспасөздерде желтоқсанның тарихта алатын орны ерекше екендігі ия желтоқсан құрбандарын ақтау жайында жазылған. Осы ретте Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жастардың тоталитарлық жүйеге Қазақстан тарихына алтын әріптерімен жазылған қарсы шығуы, біздің халқымыздың ұлттық сана сезімінің қалыптасуындағы оның қазіргі әлемдегі өз ролі мен орнын қайта пайымдаудағы шын мәніндегі тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендікке қол жеткізуіндегі маңызды кезең болды» деп атап көрсеткені белгілі.

Желтоқсан көтерілісінің нәтижесінде еліміз тәуелсіздік алып бұрынғы Брежнев алаңы желтоқсан атына ие болуы желтоқсанның тарихтағы орнының тұрақты екендігін көрсетіп береді. Желтоқсан көтерілісі жайында соңғы кездері қаншама дау-дамай өршіп келеді. Өз тарихына селқос қарайтын азаматтарының өкінішке орай баршылық болады да. Олардың пікірінше желтоқсан көтерілісі әдеттегі болмашы оқиға іспетті желтоқсан құрбандарының өліміне де немқұрайлы қарайтындығы сонша Л.Асанованың Гүлсара Мақанқызы Ізтілеуова «Ләззатты да көзімнен қалт жібермей ұстап отырдым, оның алаңға баратындай бір минут та уақыты болған жоқ» 1 деп салуы. Ләззатты екі өлтіріп отыр.

Мұндай тоқсан пікірге мен қосылмаймын. Себебі желтоқсан көтерілісі жайында ақиқат әлі толық зерттеліп болған жоқ. Бұл бағытта әлі қаншама еңбектену қажет. Ертеңгі өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін емес «ақиқатын» қалдыруымыз керек деп санаймын. Кеңес үкіметі тұсында тарихымыз бұрмалай жазылып, сананы коммунистік идеологияға сай уландырды. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих- толқынында» деген еңбегінде былай деп жазды.

«Тоталиторизм ұлттық тарихтың қалың-қалың қабаттарына кереметтей бір зұлымдық әдісті қарсы қойды ұлттың өткен тарихының біртұтас жанды тасқынын тап күресі дейтін мұқыл ұғыммен мылжалап тастады2.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет