1.2. Желтоқсан оқиғасы куәгерлер көзімен.
Желтоқсан көтерілісі жайындағы ақиқат әлі де толық ғылыми зерттелуге тиіс. Бұл ретте Орта Азия бойынша бақылаушы Берлин университетінің Беоте Ешмент былай жазады. «До сегодняшнего дня причины, оценка не убедительна. Казахстанское рукаводства назначило в 1989 году комиссия. Шоханове. Однако нашлись силы, заинтересованные в том, чтобы помешать расследованию, и их действия имели успех»
Желтоқсан көтерілісі тек КСРО-ның ғана емес басқа да елдердің ғалымдарының, жазушыларының еріксіз қалай тартуына себеп болды деп айтуға болады. Оған дәлел көрнекті шығармашылық және халықаралық зерттеулердің федералын институтының қызметкері Уве Халь «қайта құру не ұлттық мәселе көзі» деген еңбегінде 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісін алып көрсетеді2.
Ал мұсылман елдерінің осы мәселеге жанашырлықпен қарап өз пікірімен өтініштерін жібергенін білеміз. Онда: «Қысқаша ходитерде айтылғандай «Бір мұсылманның қасіреті басқа мұсылмандардың да қасіреті болып табылады» мұсылман-мұсылманның бауыры қазақтар да діни бір бауырмыз. Қазақстандағы орыстандыру әрекеттері мен соңғы оқиғаларға байланысты күшейе түскен орыстардың зорлық зомбылығының жоғары мәртебелі ислам басшылығын жиынында қаралуын қамтамасыз етулеріңізді мұсылманның адамгершілік не адам құқықтары атынан өткіземіз» 1делінген.
Ғылыми зерттеу барысында желтоқсан көтерілісі жайында шыққан М.Шахановтың Алматыдағы 1986 жылғы оқиға атты 1-2 кітаптарын пайдаландым. Сонымен қатар желтоқсан көтерілісі болған көп бергі Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалаларды пайдаландым. Роза Спанованың «Біз білетін желтоқсан деген еңбегінде осы көтерілістен жапа шеккендер, сотталғандардың тізімі берілгендігін айту керек.
Осы кезеңде түсірілген «мәңгілік мулат» атты беліне таспаны айта кеткен жөн. Омда қыз жігіттердің қандай күйде болғандығы сонымен бірге Н.Назарбаевтың желтоқсаншылар мен өткізген кеңесі көрсетілген.
«Желтоқсан оқиғасын біреулер – ұйымдастырды» деу ақылға сыймайды. «Қонаевты қорғау» дегендер де болды. Дұрыс Қонаевты қорғаған шығар бірақ, бұл жерде ұйым оянуы тұр. Халық өзінің шын мәнінде құл екенін сезінді сөйтіп бас көтерді3.
Қазақстанда 1986 жылғы оқиға КСРО ны сілкіндіріп жіберді. Бұл 1962 жылы Новочеркасскіде орын алған ереуілден (бұл ереуіл азық түліктің қымбаттауына қарсы экономикалық сипаттағы бас көтеру болған) кейінгі бірінші көтеріліс ол кезде кеңес жүйесі аса қуатты болатын да оқиға жария ала алмай, жабулы қазан жабулы күйінде қалған. Сол себепті де ондағы қасірет пен өлім жетім жөнінде, хабар мүлдем аз болды. Ал 1986 ж. Алматы оқиға сынық қуатын да көлемді әрі саяси сипатта болғаны сонша ол жөнінде үкімет енді аузын буып отыра алмады. Алматыдағы көтерілістің тууына орыс Колбиннің партияның бірінші хатшысы болып тағайындалуы тікелей себеп болды1 Демек енді саяси бюро мәжілістерінде қазақ емес, орыс қатысады ғой Жаппай көтеріліске қатысушылардың «Қазақстан-қазаққа ғана тиесілі» ұраны Республиканы орыстың басқаруына жол жоқ дегенге саятын еді. Ұлттың санасы қорланған хылықтың ашу ызасын алдын ала қалайша көріп білмеуге болатын еді? Бұл қатені жөндеуге Мәскеуге әлі екі жыл керек болды. Қазақстанда 1986 жылы болып өткен желтоқсан көтерілісі дүниежүзілік тарихтан өзіне лайықты орын алатыны сөзсіз ол соңғы жарты ғасыр ішінде кеңестік қызыл империяға қарсы жаппай батыл бас көтерген алғашқы ұлт-азаттық көтеріліс ретінде тарихта қалады. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі саяси тәртіпке.
Қуатты соққы беріп қана қойған жоқ сонымен қатар империялық отаршылдық идеологияның сонымен соғып кеңестік ғылымының ұлтаралық қатынастар да шешілмеген проблема жоқ. КОКП жүргізіп отырған лениндік ұлт саясаты тамаша салтанат құрды, оны халық бұқара халық белсенді түрде қолдайды деуден танбай, құлаққа құйып санаға сіңірумен болған жалған қағидасының да күлін көкке ұшырды.
Соңынан мәңгі ұмытылмас мұң қалдырған 1986 жылы желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің жүрегіне жара салмады. Өз ұлтының жақсысына сүйініп қасіретіне күйіне білетін әрбір саналы азаматтың қайғылы қуанышқа айналып егеменді ел, тәуелсіз қыран кеңес империясының темір құрсауын тас талқан етіп қазақ халқының ғана емес, түбі бір түркі халықтарының азаттық тәуелсіздік жолындағы күресіне жарқын жол ашқан, жарты әлемді темір шеңгелге ұстаған коммунистік жүйесінің қозғау салған желтоқсан көтерілісі ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ұлт азаттық жастар қозғалысының ұлы белесі. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жамбыл Тайжұмаев, Қайыргелді Күзембаев секілді қазақ жастары өз өмірлерін құрбан етуге даяр еді. Қазақ жастарының бас көтеруіне Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Д.Қонаевтың қызметінен босатылып оның орнына қазақ қоғамынан, дозаң табиғатынан мүлдем хабарсыз Г.Колбиннің тағайындалуы себеп болды. 1956 жылы Қазақ жастарының Р. Бердібаев, Т. Кәкішев секілді қоғам қайраткерлеріне «Жас ұлтшылдар» деп айдар тағылды4.
Желтоқсанды тек 16-шы желтоқсан күні ғана еске алып қана қоймай, жаз демей, қыс демей, басқа да күндері газет-журналдарға мақалалар жазып сұхбаттар өткізіп отырсақ, абзал болар еді. Себебі айта алмай жүрген жанайқайымызды ойымызды тек осы ақпарат құралдары арқылы ғана халыққа жеткізе аламыз.
Желтоқсан неге «көтеріліс» деген баға берілмеске Желтоқсан жәй ғана оқиға емес. Біздің де, сіздің де болашақ ұрпақ үшін және мына деректерге сүйене отырып оны «көтеріліс» деп атауға толық құқымыз бар.
Біріншіден Түркия, Венгрия, Польша, Румыния сияқты Еуропа елдері мен АҚШ.
Екіншіден, шетелде тұратын миллиондаған қандас бауырларымыз.
Үшіншіден, сол кездері Кеңес одағының құрамында болған 15 республика қоғамдастығы қызыл империяның қазақ халқына жасап жатқан зұлымдығына қарсы өз наразылықтарын білдіріп, желтоқсан көтерілісіне қолдау көрсетті.
Төртіншіден, желтоқсан көтерілісінен кейін, бізді қолдап сол кездері кеңес одағының құрамында болған Батыс жағалауы елдер мен Кавказ мемлекеттерінің империялық, отаршыл саясатқа қарсы шыққаны әлі есімізде1.
1989 жылы Мәскеуде КСРО халық депутаттарының І съезінде М.Шаханов бүкіл әлем алдында желтоқсан көтерілісі туралы жар салып, бар болғаны үш минуттың ішінде әлемді тағы да дүр сілкіндірді.
Қазақстаннан келген Мұханнан басқа депутаттар бір ауыз сөз де айтқан жоқ.
Желтоқсан көтеріліс пе әлде ереуіл не болмаса оқиға ма деген ұрпаққа кететін болсақ біріншіден, желтоқсан тек Алматы қаласында ғана болған жоқ, 16-22 желтоқсан аралығында Қазақстанның барлық қалаларында болды. Желтоқсан көтерілісі - 300 жылдай үздік сөздің жүріп отырған ұлт-азаттық көтерілістің ең соңғы нүктесі қалған шешуші шайқас. Оны тарихтан жеке бөліп алып қарауға болмайды. Жеке бөліп алып қарайтын болсақ. Онда қателескеніміз. Қазақ халқының бойындағы 300 жыл өлмей келген рух осы алаңға алып шықты5.
Оқиға деп жатамыз ғой, бұл да дұрыс емес. Егер екі сағаттық жиын болып, халыққа ешқандай әсері болмаса, онда оқиға деуге болар еді. Жеке адамның басындағы жағдайды оқиға дейміз. Ал бүкіл халықты дүр сілкінтіп оятқан көтерілісті жәй оқиғаның қатарына қосқанымыз қалай болады?
Қазақтың «ереуіл» деген сөзі орыстың «загатовка» деген сөзінен кеңде ұғымды білдіретіні рас. Дегенмен «көтеріліс» деген сөзге жетпейтіні белгілі. Ал кейбіреулер желтоқсанды толқу деп те түсіндіріп жүр. Егер «толқу» болатын болса, ол бір-екі лап етіп басылып қалған шоқтай, бір-екі қысым көрсеткеннен кейін тоқтап қалған болар еді. Желтоқсаншыларды іс-жүзінде жазалады емес пе?
Мәшине-мәшинеге салып алып, шыбын құрлы көрмей, айдаладаға апарып тастады. Қорлады, зорлады табандарының астынан автоматпен атқаны тағы бар. Кеңес өкімет тұсында немістерді «фашист» дейтін едік қой нағыз фашистер өзіміздің ішімізден шыққан жоқ па?2.
Осы орайда мынадай жағдайды еске алуға тура келеді. Мәскеулік Орталық биліктің шешіміне саналы, ашық түрде наразылық көрсетіп, шеруге шығу Қазақстан тарихындағы 30-шы жылдардың басынан бері болмаған құбылыс. Кеңестік билікке қарсы соңғы қарулы бас көтеру 1929-1931 жылы яғни, Қазақ шаруаларының дәстүрлі шаруашылық жүйесін күрт күйретуге бағытталған большевиктер реформасына қарсылық түрінде көрінді. Одан бері жарты ғасырдан астам уақыт, яғни 55 жыл өтті. Бұл өмірде белсенді қоғамдық қызметтегі екі буынның ауысып, үшінші буынның өзін көрсететін мерзімі.
1986 жылғы желтоқсанда алаңға шыққан жастар сол жаңа буынның өкілі болатын. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы 1925 жылғы орыс декабристерінің іс-қимылымен салыстырылып, желтоқсан қаһармандары «Қазақ декабристері аталып, бірден бірге айбыны арандап қалды-ау!» деп жанашырлық ниет пейіл білдіргендер де болмай қалған жоқ. Бірақ, ол сөздер ашық айтылмай, «аузы күйген үріп ішедінің» кебі келіп, жасырын айтылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жастардың мынадай ерекшеліктері бар еді. Біріншіден, олар 37-38-дің жойқын, жаппай депрессиялау саясатын көрмеген, 39-45 жылдардағы екінші дүниежүзілік аласапыран соғысқа қатынаспаған, соғыстан кейінгі мерзімде қатая түскен тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалына ұшырағынымен илеуінде біржола жаншылмаған ұрпақ еді. 70-80 жылдары кеңестік тәртіппен жалғыз жүріп орналасқан 37 жастағы Хасен Қожахметовтың өзі де шеруге шыққан жас буынның ағасы деуге жарап қалған-тын.
Екіншіден, ешқандай да күмәнсіз нәрсе сол бұл жаны таза, рухы биік, қазақ әдебиеті мен өнерінің үздік дәстүрінде тәрбиеленген, Мұқағали Мақатаевтың «Реквиемін» өлеңдерін жатқа білетін, Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» өзінің ортақ гимніне айналған ұрпақ болатын.
1986-ның желтоқсан күндері олар өз елінің азаттығы үшін ең биікте асқақ қамалды алуға даяр екендіктерін нақты іс әрекетімен дәлелдеп берді. Көптеген жарияланған фактілерден қозғалыстың негізгі қатысушылары да, бастаушылары да, дем берушілері де, соған сай негізгі жазаланушылар да. Қазақ жұмысшы және студент жастары болғандығын аңғару, әрине, қиын емес, қарапайым халық әділетсіздіктің жазасын Алладан сұрады1
Желтоқсан оқиғасы тұсындағы империялық орталықтың әрекеті 1916 жылғы патшаның биліктің Қазақстандағы көтеріліс ошақтарын жаншып басуға бағытталған әрекетін еске салатын еді. Мәселен біріншіден, қозғалысты тез арада басып тастауға Фрунзе, Ташкент, Челябинск, Новосибирск, Свердловск, Тбилиси сияқты қалалардан арнайы даярлықтан өткен. Сондай-ақ ең негіздісі, жергілікті халықпен және жағдаймен таныс емес әскер құрамалары жіберілді.
1916 жылы Қазақ елінің қарсылығын басу үшін таңдаулы әскер қолдары Қазаннан, Пермнен, Орынбордан алдырылған болатын. Екіншіден 1916 жылғы көтеріліс қарсаңында және тұсында патшалық билік Қазақстанға келіп қоныстанған орыс және басқа еуропалық шаруаларды іске асырды. Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің, қаланың және облыстық партия комитетерінің нұсқауы бойынша Алматы зауыттарында халық жасақтары үшін темір арматураның кесіктерінен, резинадан жасалған кабельдерден, шынжырлардан арнайы қару даярланды. Қозғалыс күндері өте салысы мен бұл қаруды даярлаған шерушілер деп мәлімдеді. Ал «Халық жасақшыларының басым әрі белсенді бөлігі астана зауыттарында істейтін ұлты еуропалықтар еді.
Белгілі дәрежеде, желтоқсан күндері кеңестік биліктің Қазақстандағы негізгі ұлттардың ара салмағын біртіндеп өзгертіп бұл мәселені біржола өз пайдасына шешу саясатының ойлағандай нәтиже бергендігін мойындамасқа ылаж жоқ.
Әсіресе, Алматы сияқты астана тұрғындарының ұлттық құрамын қалыптастыруды ұстанған Орталықтың стратегиялық саясатының қаншалықты қауіпті екендігін желтоқсан оқиғалары еш бүкпесіз оны көрсетіп берген еді. Қазақ халқының үлес салмағы мен санын қысқарту елді мекендер, жерсудың тарихи аттарын өзгертумен қоса қабат жүрді. Мұндай саясат, шын мәнінде байырғы халықтың «жұтылып» кетуіне әкелді1.
ХVІІІ-ХІVғ.ғ отарлық үстемдікке қарсы мемлекеттік тәуелсіздік үшін азаттық қозғалысты ру-тайпа ақсүйектері бастап шықты, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде азаттық үшін қозғалыстың басына ұлт зиялылары мен жаңа ғана қалыптаса бастаған саяси элита келді, сөйтіп оған жаңа мазмұн және серпін берді. Ал, 1986 жылғы желтоқсанда орталық алаңда мемлекеттік мәселесін зиялылар да емес, басқарушы саяси жол да емес, жұмысшы және студент жастардың қойып немен түсіндіруге болады?
Қозғалыс күндері, одан кейін тіпті қазіргі уақытқа шейін де жастарға желтоқсан күндері ашық та нақты қолдау көрсете алмағандығы үшін қоғамдық пікірде ұлт зиялыларын айыптау орын алып келеді. Мұндай пікірдің белгілі дәрежеде орынды екендігін мойындау керек. Зиялылар әрқашанда қоғамдық қозғалыста алдыңғы сапта көрінген, халықтың ұлттық ең кәусар тілегін білдірген ұлтына жөн сілтеген. Халық алаңға шыққан жастар осы міндетті өз мойнына алған зиялыларды көргісі келді, оның соңына еруге даяр екендігін әлденеше рет білдірді де өкінішке орай, ондай биіктен көрінуге даяр зиялылар қауымы жоқ болып шықты.
Оқиғалар ағыны бұлтартпай осы ащы шындықты алдынан көлденең тартты да отырды. Ондай қолдануды жастарға биліктегі номенклатураның көрсете алмайтындығы бәсенеден белгілі-тін, Дәстүрлі қазақ қоғамында ертеден келе жатқан салт бар дағдарысты тұңғиыққа келіп тірелгенде көпті көрген, көңіліне көпті түйген елдің бас иесі ақсақалдар жиналған шаршы топтың алдына шығып екі жақты бірдей бәтуаға келуге шақырар еді. Дәстүрлі шабысынан көптен бері жаңылысқан ХХ ғасырдың соңындағы қазақ қоғамында ондай өнерлі ақсақалдар да жоқ болып шықты. Төсіне еңбек пен майданда алған ордендері мен медальдарын тағып «ал, атсаң алдымен мені ат!» деп алаңға келетін ақсақал ағаларымыз жылы үйінен шықпаған күйде отырып алды. Сөйтіп қалың елі, қазағының жоғын жоқтап алаңға шықсам, оның жайсаң-жақ сыңарының қолдауын табамын деп үміттенген албырт жастар, ең ақыры желтоқсанның қақаған аязында далада қалып шығы мен басын кеңес солдатының күрегі мен күрзісіне берді, итіне таланды. Алайда жетпіс жыл бойы кеңестік идеологияның тепкісінде болып, жоғарыдан нұсқауды, басшылыққа алып үйренген зиялылардан дербес жігерлі әрекет күту артық. Қазір ғалымдар «қазақ сөзінің қазақ хандығынан бұрын да бар екендігін дәлелдеді. Ал қазақтың ХV ғасырда дербес мемлекет болуынан бері де өліп-тірілуі аз емес.
Тарихшы Дулатидің жазуы бойынша, ХVІ ғасырдың бас кезінде+ақ, яғни жөргектен шықпай жатып-ақ қазақ хандығы ірі жеңіліске ұшырап, халқы қатты қырылыпты. «Тірі қазақ қалмады», -деген сөз тарапты. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл суламада» (1723ж) қазақ тағы қырылды. Сібір тарихшылары. Қазақ жер бетінен жойылды», -деп жазыпты. Оған дейін де, одан кейін де қазақтың сан рет қуғын сүргінге ұшырап, мал-жайынан ойсырай айрылғаны тарихтан белгілі. Соның бірі ел басынан 1916 жылы өтті. 1932 жылы сталиндік, голощекиндік мейірімсіз саясаттың құрбаны болып қазақ халқының тең жарымынан астамы қырылды, халықтың 76 проценттейі атақонысын тастап босып кетті. Қазақ онда да бір өліп-тірілді. Ана тілімізден айрыла жаздағанымыз да сол өліп-тірілудің соңы еді6.
Мен қазақпын. Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарын тарихи қымбат, ал оның бүгінгі күні одан да қымбат. Осы бүгінгі күн үшін ол басқа халықтармен бірге революция және совет өкіметін орнату жылдарынан абыроймен өтті, халқының жартысына жуығын жұтқан қасіретті ашаршылықты басынан өткерді, совет өкіметі өсіріп-жеткізген жас зиялыларынан айырған 37 және 38 жылдардың трагедиясын бастан кешті. Бірақ бір рет және біржолата таңдаған жолынан оны ештеңе тайдыра алмады.
Соғыс жылдарында қазақтар отанымыздың адал әрі қаһарман қорғаушыларының бірі болды. Осы ер, кеңқолтық, жомарт, өршіл әрі кәдімгі аңқау, ұлттық шектеушілік мүлде жат халық өзінің теңдігін тың игеру кезінде де көрсетті. Тыңға сан түрлі адамның келгені ешкімге құпия емес, оның ішінде бұрынғы қылмыскерлер де, ақша қуған уақытша құлқынын тойдырушылар да болды. Осындай адамдардың байырғы халықтың ұлттық нышанына тиетін әрекеттер жасағаны аз емес7.
Достарыңызбен бөлісу: |