3 І тарау. Желтоқсан оқиғасы бойынша дерек көздері


Желтоқсан және тәуелсіздік



бет8/10
Дата07.04.2022
өлшемі125 Kb.
#30198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Желтоксан тарихтагы орны

2.2. Желтоқсан және тәуелсіздік

Тәуелсіздік ата-бабамыздың азаттық жолындағы күресі арқылы, Отан үшін төгілген қанның нәтижесінде келді. Тәуелсіздік жолы тарихымыздың терең қойнауынан бастау алып кейінгі ұрпақтың ісімен жалғасын тапты. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы үшін бұл тәуелсіздік тарихи биіктің, оның өзіндік есте қаларлықтай ерекшеліктері бар. Оны бүгінгі күні дұрыс түсініп келешекті жан-жақты елестету үшін өткен күндерімізді пайымдап көз жіберуіміз үшін керек. Осы тұрғыда ел егемендігін алудағы батыл қадам болып табылатын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол ұлттың намыс азаттық үшін күрес сезіміне толы жастардың бой көрсетуі жастар наарзылығыынң тереңге бойлаған тамырлары тұрмыстың төмен деңгейіне, әлеуметтік әділетсіздік пен әміршіл-әкімшіл жүйенің кемшіліктерінде жатқан еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жастардың тоталитарлық жүйеге Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылған қарсы шығуы, біздің халқымыздың ұлттық сана сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз ролі мен орнын қайта пайымдаудағы шын мәніндегі тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендікке қол жеткізуіндегі маңызды кезең болды»-деп атап көрсеткені белгілі10.

Сол кездегі желтоқсан оқиғасы нағыз күшінде тұрған әміршіл-әкімшіл жүйе мен енді ғана белең ала бастаған демократияның алғашқы нышандарының белдесуі болатын қайта құрудың нәтижесінде халық санасындағы жаңаша ойларға жол ашылды, жариялық пен демократия кең құлаш жойып өркендейді деген жұрт сенімі де жақ емес еді.

Қазір уақыттың таразысынан пайымдап қарасаң демократия жолындағы күреске бетбұрыс жасалған сол айтулы оқиға тарих сахнасының төрінен берік орын алды.

Желтоқсан оқиғасынан бастау алған өрлеу талай жыл бодандықтар болған халқымызға серпіліс беріп, демократияның оңы мен солын ағы мен қаармсын ажыратуға мүмкіндігін туғызды. Қанша уақыт өтсе де, осы оқиғаның маңызы жоғалмайды, ол тарихта мәңгі қалады. Осы орайда Ресейде орын алған 1825 жылғы 14 желтоқсандағы орыс декабристерінің ерлігі тарихта қалды. Сол көтеріліске шыққан декабристердің негізгі мақсаты мен 1986 жылы Брежнев алаңында бой көрсеткен біздің жастарымыздың мақсат талаптары, сабақтасып мұңдасып жатыр. Желтоқсан оқиғасының жақсы жағы біз намысы бар халық екенімізді дүниежүзіне білдірдік. Атынан қорқатын Советтер одағындағы тоталитарлық жүйеге бірінші болып Қазақтар қарсы шықты. Ол тарихта қалды, ол кезде бұл орасан ерлік болатын. Жаман жағы-осы оқиға «Қазақтың жауы- қазақ» деген сөзді растады, шаш ал десе бас алып, қаншама жастар қазақтар сотталып, оқудан қуылды, үлкен ағаларымыз екі жүзділік танытты. Бізге сол кездегі «норкаман маскүнем» деегн атақ тақты, газеттер арқыыл « ақымақ» деп ұрысты2 Желтоқсаншыларға мемлекет тарапынан қандай көмектермен, жеңілдіктер береді, сосын Брежнев жаңа қазір қалай аталады? Алаңда желтоқсан оқиғасының құрбанына айналғандарға арнап қандай ескерткіш орнатылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет