3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңыз. Д ниеде адамға ең қажетт құрал – тіл



бет15/15
Дата25.04.2022
өлшемі50,5 Kb.
#32254
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.


плохой

хуже

очень плохой

самый плохой

синий

синее

синий-пресиний

самый синий

дорогой

дороже

очень дорогой

самый дорогой

веселый

веселее

очень веселый

самый веселый

молодой

моложе

совсем молодой

самый молодой

красивый

красивее

очень красивый

самый красивый

сильный

сильнее

очень сильный

самый сильный

новый

новее

очень новый

самый новый


6-жаттығу. Сын есімдерді аударып, оларды күшейтпелі шырайға айналдырыңыз.
Үлгі: большой – ең үлкен.
Маленький, прямой, кривой, пожилой, молодой, широкий, далекий, худой, короткий, длинный, высокий, горячий, холодный, плохой, хороший, тяжелый, легкий, вкусный, сладкий, твердый, мягкий.


20

ЛЕКСИКА: Мінез және келбет. Басшы келбеті
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Келбет
«Адамның бүкіл тұлғасы керемет әдемі болуы керек» - бүгін адамдардың көпшілігі осы қағидатты өмірінде іске асыруға ұмтылуда.
Келбет мінез-құлықпен тығыз байланыста. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгіресің. Бұл адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан, әлдекімді бір көргенде-ақ «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір, адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.

Сыртқы келбет (түр) дегеніміз не?

Адамның сыртқы келбетіне кіретін дене, заттар, жаратылыс: киім, фигура (латын сөзі, аударғанда: «сыртқы түр» деген мағынаны білдіреді), келбет, бет-әлпетінің өзгерісі, дене құрылысы, бойы, салмағы, мүсіні. А.П.Чехов адам бойында барлығы да – келбеті, киім киісі, жаны және ойы да сұлу болу керек деген. Қарапайым, әдемі, орынды және заманға сай киіне білу – адам мәдениетінің бір түрі. Басқарма қызметкерінің сыртқы келбетінің қарапайымдылығын және жақсы киім талғамын оның жалпы әрі кәсіби мәдениетінің басты компоненттерінің бірі деп санауға болады. Атап айтқанда, басшының сыртқы келбеті мен киім киісі айналасындағылардың оған деген қарым-қатынасын тудырады. Тек қана киімінің ғана емес, барлық сыртқы келбетінің (шаш қоюы, жүріс-тұрысы) ұқыптылығы оның ерекше сипаты болуы керек.



Сөздік
келбет – внешность, наружность, облик

тұлға – личность

қағидат – принцип

мінез-құлық – характер

іске асыру – осуществить

киім киісі - манера одеваться

қарапайымдылық - простота

талғам - вкус


шашқою - прическа

ұмтылу – стремление


тығыз байланыста – тесно взаимосвязано


өзіндік пікір – свое мнение

сәнқойсымақ – модница

жасанды – искусственный

орынды - уместно

заманғасай - согласно времени

ұқыптылық - аккуратность


жүріс-тұрыс - походка


2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Келбет дегеніміз не?

2.Келбет пен мінез-құлық байланысты ма?
3.Сыртқы келбет арқылы адамды тануға бола ма?

4.Жолдасыңның келбетін суретте.
21

3-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, досыңызға сипаттама беріңіз.
1.Шашы ұзын, қысқа, қиылған, қара, сары, жирен (рыжий), бұйра. Мойны ұзын, қысқа, жуан. Бойы ұзын, орташа, аласа, орташадан жоғары. Көзі үлкен, мейірімді (ласковые), қара, көгілдір, қысық, бота (миндалевидные). Кірпігі ұзын, қалың, сирек, тік, қысқа. Бет-жүзі сопақша, дөңгелек, жүдеу.
2.Өңі (внешность) аққұба, қараторы, шикіл сары, тартымды, сүйкімді. Маңдайы ашық, кең, тар, жазық. Қасы қалың, жалпақ, жіңішке, селдір (редкие). Ерні жұқа (тонкие), қалың (полные). Мұрны кішкентай, пұшық (курносый), ұзын, қыр (прямой), таңқы (выдернутый), бүкірейген қыр (с горбинкой).
3.Иегі сүйір (острый), дөңгелек (круглый). Иығы қушиған тар (узкие), кең (широкоплечий).
Белгілері: тыртығы бар, аяғын сылтып басады, бетінде ерекше қалы бар.
Ойын:

1.Екі топқа бөлініп, əр топтан бір студентті сыртқа шығарып жіберу керек. Олардың сыртқы кейпін (киімінің түсін, шашы, қолы мен құлағындағы т.б. əшекейлерін) түгел тақтаға жазу керек. Əр топ сырттағы адамның қанша белгісін айтқанын санау қажет. Кім көп жазса, сол топ жеңіске жетеді.


  1. Екі студентті сыртқа жіберіп, дəрісханадағы бір баланы дене бітімі (киімі емес) бойынша сипаттау керек. Сырттағы екі бала топ сипаттаған баланы табу керек. Ойын қызық болу үшін сипаттау тек қазақ тілінде жүреді.

  2. Бір баланы сыртқа шығарып, топтағы бір адамды мінез-құлқы бойынша сипаттап тақтаға жазу керек. Сырттан кірген бала тақтада жазылған қасиеттері бойынша əңгіме кім жайында екенін табуға тиіс.


4-тапсырма. Мəтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз, олардың түрін ажыратыңыз.
Сән заңдылықтары бойынша түрлі түстердің бәрі түгелдей әдемі көріне бермейді. Мәселең, сары түс қызғылт пен көкшіл түстерге, қоңыр түс қарақызыл мен сұр түске келіспейді. Әдетте, бір-бірімен реңдес түстер (қоңыр – қызғылтым түспен, қара – сұрмен, көк – көгілдірмен немесе қарама-қарсы реңдер қара мен ақ, қара мен қызыл, қара мен көгілдір, қызыл мен ақ, сары мен күлгін, көк пен қызғылт сары, қызыл мен жасыл) ұнамды жарасады.
5-тапсырма. Жақшадағы сөздерді аударыңыз.

1.Қарапайым, (красивый), орынды және (согласно времени) киіне білу – адам (культуры) бір түрі. 2.Басқарма (служащего) сыртқы келбетінің (простоту) және жақсы киім (вкус) оның жалпы әрі (профессиональный) мәдениетінің басты компоненттерінің бірі деп санауға болады. 3.Атап айтқанда, басшының (внешний) келбеті мен (манера одеваться) айналасындағылардың оған деген қарым-қатынасын тудырады. 4.Тек қана киімінің ғана емес, барлық сыртқы келбетінің (шаш қоюы, жүріс-тұрысы) (аккуратность) оның ерекше сипаты болуы керек.
22

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет