Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.
Сөздік
байлық - богатство ұлт - национальность мақтаныш - гордость мирас - наследие мұра - наследие қорғау - защищать шұбарлану - засоряться шетел – заграница мәртебе - статус парыз - долг аумақ - регион
қоғамдық қатынастар- общественные отношения
мемлекеттік басқару – государственное управление
заң шығару - издание закона
сот ісін жүргізу - судопроизводство
іс қағаздарын жүргізу - делопроизводство
меңгеру - овладение
тұрғылықты халық - коренной народ
көзінің қарашығындай - как зеницу ока
мемлекеттік тіл – государственный язык
аса маңызды - особо важный
баға жетпес – неоценимый