3 Желілік модельдеу арқылы жұиыс қуатын есептеу


Жергілікті есептеу желілері



бет3/12
Дата05.12.2022
өлшемі71,31 Kb.
#54951
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
курс жұм. жансая апай

3.Жергілікті есептеу желілері.
Жергілікті есептеуіш желілер — саны шектеулі (әдетте 100 дейін) компьютерлерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді. Мекемелердегі жергілікті желі әр түрлі бөлімдер мен кызметкерлер арасында тығыз ақпараттық жөнінде технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп — өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен басқару бөлімдерінен тұратын автоматтандырылған басқару жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі аркылы сандық акпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттьң берілуі сапалы болу үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайьн сигналдьң өшуі мен бөгелуіл шамасы артып кетеді.Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер – аймақтық деп аталады. Егер олар ұйымға немесе ұйымдар тобына қатысты болса, онда – корпоративті деп аталады. Одан үлкен әлемдегі, бүкіләлемдегі құрлықтарға таралған желілер – ауқымды деп аталады. Олар корпоративті де, жалпы да бола алады.
Интернет – кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мүмкіндігі, желілер жүйесі.Интернет – байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезіндебарлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.Компьютерлерді желідегі олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіреді. Компьютерлердің ресурстары ақпараттық және техникалық деп бөлінеді.Ақпараттық ресурстарға – программалар және деректер, ал технологияларға – принтерлер, модемдер, сканерлер, график салғыштар кіреді. Ақпаратты сақтау құрылғылары CD-ROM, DVD-ROM сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалары және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады.
Оларға қосылу логикалық дискіге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерлерінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар – жергілікті деп аталады. Желінің басқа компьютерлеріне де ашық компьютерлер ресурстары – ортақ немесе желілік деп аталады.Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл – жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және керісінше ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады.Ортақ ресурстар орналасқан компьютерлер – сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер – клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады.Есептеу желілері желілік – операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік операциялық жүйелерге Novell NetWARE, Windows, OS/2, Unix кіреді.Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желінің компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютерлер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1. Ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі.
2. Желінің бір дербес компьютерінде сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы.
3. Ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарлауы.
4. Ақпаратты рұқсат етілмеген өңдеуден қорғауды жақсарту.
5. Ұйымның бөлімшелер және қызметкерлермен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.
Жергілікті компьютерлік желілер
Қазіргі кезде ірі және орташа фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындарда шамамен барлық компьютерлері әр түрлі телекоммуникация құралдарымен өзара байланысқан.
Телекоммуникация құралдарымен өзара байланысқан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).
Компьютерлерді желіге біріктіру себептері:
- бірнеше ЭЕМ-ге бір ортақ дискіге (CD-ROM-ға немесе стримерге) жазылған мәліметті бірігіп пайдалану,
- бір принтерге, плоттерге нәтижелер шығару,
- ортақ сканерді қолданып, информация көшірмелерін кезекпен алып отыру.
Бұлар әр тұтынушының сол құрылғыларға жіберетін шығындарын азайтады.
Қолданбалы программалардың да (Word, Excel, т.б.) ортақ дискіге жазылған бір ғана желілік көшірмесін қолдануға болады. 
Әртүрлі қолданбалы жүйелер арасында да ортақ байланыс құралдарын (коммуника-циялық қызметтер түрі,мәліметтер, бейне суреттер және дыбыстық құжаттармен алмасу, т.б.) пайдалануға жол ашылады. Мәліметтерді жекелеп кезектесіп өңдеу ісін ұйымдастырудың маңызы артады. Информацияны бөлмей бір орында сақтап отыру оны тұтас көшіріп алу немесе сол толық қалпында ұстау мүмкіндіктерін жеңілдетеді.
Компьютерлерді желіге біріктірудің негізгі мақсаты:
Әрбір тұтынушыға желідегі барлық компьютерлердің меншікті құрылғыларын пайдалануға потенциалдық мүмкіндік беру. 
Сол себепті барлық құрылғылардың электрлікжәне механикалық параметрлері бір-біріне сәйкес келуі керек, оның үстіне информациялық жабдықтама-лардың да (программалар мен мәліметтер) кодталу жүйесі мен бейнелену форматтары бір-біріне ұқсас, әрі үйлесімді болуы тиіс.
Желіге қойылатын талаптар:
- Жұмыс өнімділігінің жоғары болуы;
- Қауіпсіз және сенімді жұмыс атқаруы;
- Кеңейтілетін мүмкіндігі болуы;
- Жеңіл, әрі көрнекі түрде басқарылуы;
- Құрылғылар мен сигналдардың өзара сәйкестігі болуы тиіс.Компьютерлік желілер жергілікті (локальный) және ауқымды (глобальный) болып бөлінеді де, аппараттық және бағдарламалыққамту құралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.Жергілікті компьютерлік желі – ортақ міндеттерді атқаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысқан өзара жақын орналасқан компьютерлер жиыны.Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен ақпарат алмасу талабын қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен құралдар болуы қажет.Компьютердің желілік аппараттық және бағдарламалық құралдарын қамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.Негізгі желілік хаттамалар — ISO (International Standard Organization) Халықаралық стандарттар ұйымымен стандартталған және барлық желілік құралдар өндірушілерімен қамтамасыз етіледі.
Хаттамалар:

  • желінің физикалық және электрлік параметрлерін;

  • орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, ақпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;

  • ақпаратты беру кезіндегі қателікті табу және түзету реті және т.б. қызметтерді орындайды.

Жергілікті компьютерлік желінің физикалық негіздері.Компьютерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын ќұрылғы арќылы жүзеге асырылады. Адаптер компьютердің аналық платасындағы кеңейту слотына қондырылады.
ЖКЖ үшін қазіргі кезде келесі ақпаратты берудің физикалық орталары қолданылады:
- Жіңішке коаксиальды сым– ең арзан, бірақ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің арақашыќтығының ұзақтығы-150 м-ге дейін;
- Жуан коаксиальды сым– жіңішке сымға қарағанда қымбат орта; компьютерлердің арақашықтығының ұзақтығы-500 м-ге дейін;
- Көпталшықты сым– ең қымбат нұсқа, көбінесе қуатты компьютерлерге қолданылады; компьютерлердің арақашықтық ұзақтығы 2 км-ге дейін;
-Сымсыз байланысWi-Fі ауалық радиоканал қолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды қажет етпейді, бірақ сымды байланыстарға қарағанда қымбат.Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр қосылу – деректер үшін жаңа маршрут.Желі топологиясы – бұл оның геометриялықпішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жұлдызша, сақина, және шина).«Жұлдызша» топлогиясы бар желідегі барлыќ компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді.Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды, егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.«Сақинаның» Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шыќса, бүкіл желі тоќтап ќалады. «сақинаның» тағы бір осал жері – деректер біреулердің желілік компьютерлері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады. Мұндай желінің үлгісі:«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «сақина» жағдайындағыдай желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерлерден өтеді.Деректерді беру жылдамдығымен, оның құрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді бердуің түрлі технологиялары (тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.
Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Ralo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиальды кабель қолданғанда, Enthernet желісі шина сияќты кескінделеді. Егер есулі қос өткзгіш қолданылған болса, Enthernet желісі жұлдызша түрінде кескінделеді.Жергілікті есептеу желілері біріңғай және иерархиялық болып бөлінеді.Біріңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер саны біріктіру үшін қолданылады. Біріңғай желілерде (жұлдызша топ, сақина, шина және token ring) сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте басқа компьютерлерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, операциялық жүйе құралдарымен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдаланушыға арналған парольді де белгілейді.Біріңғай желілердегі операциялық жүйелер ақпараттық ресурстардың оқылуын және редакциялануын, бөтен компьютерден программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралдарын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет