3 Жыртылған жер территориясын реттестіру
3-бөлім Аяулым
Ауыспалы егістердің саны мен ауданы анықталып,олардың территориясын реттестіру және орналастыру жүргізіледі. Мал азығы а/е (немесе мал азықтық дақылдар егілген а/е тыс учаскелер) жобаланып олардың территориялары реттестіріледі. Жобаның бірінші нұсқасында мал азықтық дақылдар мал азықтық ауыспалы егістерде орналастырылады. Ондағы дақылдардың кезектелу схемасы, жыртылған жерді пайдаланудың жобалық құрылымындағы мал азықтық дақылдардың ауданына байланысты Г қосымшасы бойынша анықталады. Мал азықтық ауыспалы егістің ауданы дақылдардың таңдалған кезектелу схемасы негізінде есептеледі; танаптардың саны дақылдардың кезектелу схемасы негізінде анықталады. Әдетте мал азықтық ауыспалы егістегі танаптың орташа өлшемі, жыртылған жерді пайдаланудың жобалық құрылымында көрсетілген жүгері егісінің ауданы бойынша анықталады (кесте 6). Мысалы, жүгері егісінің ауданы 200-400 га аралығында болса, онда мал азықтық а/е жүгері бір танапқа орналастырылады; жүгерінің ауданы 500 га (және одан да астам) болса, мал азықтық ауыспалы егісте 250 гектардан (және одан да астам) екі танапқа жүгері егіледі. Дақылдардың таңдалған алмасу схемасы мен танаптардың жобаланған аудандары 7-кестеге толтырылады. Мал азықтық а/е шаруашылық орталықтарына (мал фермаларына) жақын және осы дақылдарды егуге жарамды учаскелерге орналастырылады, өйткені мал азықтық дақылдарды орналастыру кезіндегі негізгі экономикалық талап, мал азығын тасымалдауға кететін транспорттық шығындарды қысқарту үшін, мал азығы өндірісін тұтыну орнына барынша жақындату болып табылады. 7 – кестеде ауыспалы егістерді табамыз.Бөлінген танаптарымыз арқылы мал азықтық,далалық алқаптық,далалық алқаптық деп бөлеміз.Танаптарды қосып ауыспалы егістер ауданын барлығын қосып табамыз.Танаптардың орташа көлемін барлығын қосы берілген танап санына бөлеміз. 7 – кесте Ауыспалы егістер сипаттамысы
Танаптарды жобалау кезінде танаптың орташа өлшемнен ауытқу шамасы мал азықтық ауыспалы егісте 5% аспауын ескеру керек. Мысалы, егер ауыспалы егістегі танаптың орташа өлшемі 300га болса, онда бұл ауыспалы егістегі танаптың ауданының орташа өлшемнен ауытқуы 15 га аспауы тиіс. Танаптардың тең аудандығының сипаттамасы 8 кестеге жазылады. Танаптарды жобалау кезінде танаптың орташа өлшемнен ауытқу шамасы мал азықтық ауыспалы егісте 5% аспауын ескеру керек. Мысалы, егер ауыспалы егістегі танаптың орташа өлшемі 300 га болса, онда бұл ауыспалы егістегі танаптың ауданының орташа өлшемнен ауытқуы 15 га аспауы тиіс. Танаптардың тең аудандығының сипаттамасы 8 кестеге жазылады.Жобаның екінші нұсқасында мал азықтық дақылдарды келесідей орналастыру ұсынылады. Жүгері шаруашылық орталығына максималды жақын орналасқан жарамды (тұзданбаған, эрозияға ұшырамаған) топыраққа ауыспалы егістен тыс учаскеге ауыстырылмайтын егіс ретінде орналастырылады. Бұл жағдайда көп жылдық шөптерді жақын жатқан далалық ауыспалы егістерде қосымша танаппен немесе эрозияланған немесе сортаңданған ауыспалы егістен тыс учаскерде немесе жеке жыртылған жер учаскесінде орналастырған жөн. Танаптар мен жұмысшы учаскелердің бұрынғы конфигурацияларын талдау кезінде, машина-трактор агрегаттарын пайдалануға қолайлы жағдай құру үшін, танаптардың конфигурациялары дұрыс болуын ескеру керек. Егер танаптардың конфигурациясы үшбұрышты болса, олардың формасын өзгерту қажет. Күрделі конфигурациялы танаптарды өзгерту немесе қарапайым геометриялық фигуралы жұмысшы учаскелерге бөлу қажет. Танаптардың (жұмысшы учаскелердің) жақтары көзбен көретіндей шектен (3000 м) аспауға тиісті. Асып кеткен жағдайда танаптың ұзындығын қысқарту немесе танапты жұмысшы учаскелерге бөлу қажет. 7 кестеге жобаланған танаптардың аудандары жазылып, ауыспалы егістердің ауданы мен танаптардың орташа өлшемдері есептеледі. 8 кестеде танаптардың тең аудандығының сипаттамсы беріледі. Бұрынғы ұйымдастырылған территорияны сақтау кезінде ауыспалы егіс массивтері бұрыннан бар жыртылған жер контурларын жинақтау арқылы жобаланады және танаптардың межелері бұрынғы жол желісімен келістіріледі. Ауыспалы егіс жыртылған жердің-танаптың ықшамды орналасқан контурларынан құрастырылады. Майда контурлы болған жағдайда танаптар әрбір танаптың ықшамдылығын ескере отырып, яғни бір-біріне жақын орналасқан жұмысшы учаскелерді жинақтап қалыптастырылады. Бұрыннан бар жол желісін сақтау тиімділігін анықтау үшін бұрынғы ұйымдастырылған территорияға талдау жасалады. Мұнда танаптардың тең аудандығы, олардың конфигурацияларының дұрыстығы, жақтарының өлшемдерінің қолайлылығы бағаланады. Танаптар мен жұмысшы учаскелердің бұрынғы конфигурацияларын талдау кезінде, машина-трактор агрегаттарын пайдалануға қолайлы жағдай құру үшін, танаптардың конфигурациялары дұрыс болуын ескеру керек. Егер танаптардың конфигурациясы үшбұрышты болса, олардың формасын өзгерту қажет. Күрделі конфигурациялы танаптарды өзгерту немесе қарапайым геометриялық фигуралы жұмысшы учаскелерге бөлу қажет. 8-кесте де ауыспалы егіс сипаттамаларын,аудандарын тауып алғаннан кейін,танаптардың тең аудандығы бойынша сипаттамасын анықтаймыз.Бірінші танаптарды ретімен жазып аламыз.Және оларды қосып танап санына бөлеміз.Гектарды табу үшін танаптың ауданынан танаптың орташа ауданнан ауытқуынан азайтамыз.Бірінші танап - 315,315,300,300 орташасы – 307 тең болады.Екінші танап – 430,405,376,408,407,374 орташасы – 397 тең.Үшінші танап – 303,348,337,400,280,340 орташасы – 334 тең. 8-кесте Тең аудандығы бойынша а/е танаптарының сипаттамсы (... нұсқа)
Ауыспалы егіс бойынша танаптың орташа ауданынан танаптың ауданының ауытқуы мына формуламен анықталады: жүктеу/скачать 58,19 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |