3 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы


МІНСІЗ ОҚУШЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?



бет5/14
Дата02.10.2023
өлшемі110,17 Kb.
#112573
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
mugalmn-mnsz-mugalm-turaly-kalyptaskan-ustanymdaryn-zertteu

МІНСІЗ ОҚУШЫ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?


Кіріспе
Бүкіл əлемде шамамен алты жастан бастап балалар мектепке бара бастайды. Егер балаларды ерте оқытудың жаһандануын назарға алар болсақ, оқушылар күнде үйлеріненкетіп, белсенді уақыттарының басым бөлігін олардың оқуына арналған мекемелерде өткізетіндігін ұмытпаған жөн. Осылайша, өркениетті қоғамның құзырлы мүшесі үшін аса маңызды болып табылатын оқу жəне санау сияқты танымдық дағдыларды дамыту қажеттігі туындайды. Бірақ бұнымен қатар балалар мектепке топтың тең құқылы мүшесі болып үйрену үшін, бəсекеге қабілеттілік дағдыларын дамыту жəне индустриалдық жəне постиндустриалдық қоғамды қамтамасыз ету үшін қажетті қабілеттерін қолдану үшін барады. Бір қарағанда, мектепте оқу жалпыға белгілі жəне түсінікті құбылыс болғанымен, шын мəнінде əртүрлі елдерде оқушылар мектепте үйренуге тиісті бірнеше негізгі дағдылармен қатар, арнайы дағдылар мен білімдер түрлері кездеседі.
Түрлі мəдениеттердегі осындай құбылыстарды зерттеу мектептегі оқу деген ұғымның негізінде жатқан «зият» деген əмбебап ұғымның өзі де түрлі қоғамдарда түрліше түсіндірілетіндігін көрсетті. Бір жағынан, баяғыдан бері антропологтар барлық елдердің, мəдениеттердің өкілдері əртүрлі болып көрінуіне қарамастан, олардың қабілеттері мен таланттары бірдей екендігін айтып жүр. Екінші жағынан, есептер мен тестілерді мəдениетаралық қолдануда көрініс тапқандай, кейбір психологтар зияттың мəдени ерекшелігі туралы дауласуда.
Ванг жəне басқалар (2004) «Біз «өзгермейтіндік» деген ұғым жоқ деп ойлаймыз, негізгі құзыреттер əрбір бала үшін жарамды. Сонымен қатар танымдық құзыреттер бала ұйымдастырушылық қызметке қатысатын белгілі бір мəдениеттерге, əлеуметтік жəне физикалық жағдайларға, сондай-ақ бала қабылдай алатын мəдени жəне əлеуметтік талаптарға сəйкес келеді» деп тұжырымдайды (227-бет).
АҚШ-тың аналитикалық ақыл-ес жəне басқа (əсіресе батыстық емес) мəдениеттер ұғымына қатысты қолданған тəсілінде айқын қарама-қайшылықтар анықталды. Олардың мəні дарынды балада жай ғана тамаша танымдық дағдылардан басқа да қабілеттер көп деген пікірге саяды. Жалпы алғанда, басқа мəдениеттерді зерттеу зияттың əлеуметтік жəне тұлға аралық аспектілерін белгілеп берді. Осылайша, тіпті батыс əлемінің өзінде де зият пен құзырет туралы ұғымның
мəдениетаралық өзгермелілігі туралы шынайы деректер бар. Осы өзгермеліліктің
табиғатын түсіну түрлі батыс елдерінің білім беру мамандары арасында мəдениетаралық байланысты нығайту үшін ғана емес, сонымен қатар табысты даму дегеніміз не жəне мұғалімдер балаларға мектеп қабырғасында осыған қол жеткізуге қалай көмектесе алатындығы тұрғысында баламалы көзқарастардың болуын мойындау үшін де маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет