3-күн Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы негізгі тәсілдер



бет4/8
Дата11.12.2023
өлшемі243,56 Kb.
#137220
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Күн 3

3-күн, 1-сабақ. Бағамдауға арналған жаттығу: Критериалды бағалау

3-күн, 2-сабақ.

“...бағалау жаттығуға қосымша немесе жаттығудың соңында орындалатын нәрсе емес, ол оқу мен оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.”

Хикман, 2007

3-күн, 2-сабақ. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандыру Сабақ мақсаттары

  • Оқу мен оқытуды дамыту үшін оқушылардың қажеттіліктерін анықтау және қанағаттандырудың құндылығын түсіну
  • Музыкадағы оқушылардың қажеттіліктерін қалай тиімді қанағаттандыру жолдарын түсіну
  • Мұғалімдердің оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін бағамдау

3-күн, 2-сабақ. 1-жаттығу. Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау

  • Оқушылар қажеттіліктерін анықтау дегеніміз не?
  • Оның маңызы неде?
  • Мұны тәжірибеде қалай іске асырамыз? Курс барысында не көріп, нені жасап көрдіңіз?
  • Осы курстағы сіздің қажеттіліктеріңізді анықтау үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданылады?
  • Шағын топта тыңдаушылар тиімді қолдануға болатын стратегиялардың тізімін жасайды.

3-күн, 2-сабақ. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру


Қажеттіліктерді қанағаттандыру алдағы оқыту мен оқуды жоспарлауға көмектеседі.
Қалай?
  • Қысқа мерзімді – оқушылар оқу мақсаттарына жетпесе, сабақ жоспарын реттеу, қайта қарау.
  • Қысқа және орта мерзімді – жеке оқушыларға немесе шағын топтарға арнап алдағы уақытта сабақты саралау.
  • Ұзақ мерзімді – ұзақ уақыт бойы жеке оқушылардың, топтардың немесе сыныптың үлгерімін талдау.

Осы жаттығу үшін саяхат тақырыптары бойынша таңдалған әңгімелер негіз болады.

Осы жаттығу үшін саяхат тақырыптары бойынша таңдалған әңгімелер негіз болады.

Бүкіл топпен талқылау

  • Жаттығулардан оқушылардың музыка саласындағы білімін, түсінігі мен дағдыларын анықтау және дамыту бойынша тиімді әдістерді қалай көруге болады?
  • Мұғалім оқушылардың қажеттіліктерін қалай анықтайды?
  • Олар оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, терең білім алуға қалай ықпал ете алады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет