3 лекция Педагогика курсының мазмұнын құрастыру



бет1/3
Дата26.09.2024
өлшемі25,71 Kb.
#145803
  1   2   3
Байланысты:
Лекция-1694757928039


«Мен – үйде» және «Мен - жұмыста» жаттығуы (10 минут)
Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез - құлықтарыңыз бен жүріс – тұрыстарыңызды жазыңыздар.
Талқылау:
1. Осы жағдайлардағы мінез - құлықтарыңыз бен жүріс - тұрыстарыңыздың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды?
3. Не себепті айырмашылықтар болады?
4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек па? Неге?

3 лекция Педагогика курсының мазмұнын құрастыру



  1. Педагогика ғылымының дамуының оқу пәнінің мазмұнында бейнеленуі

  2. Педагогикалық ғылымдар жүйесі.

  3. Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама.

1. Педагогика ғылымының дамуының оқу пәнінің мазмұнында бейнеленуі.


Педагогика ғылым ретінде оқу пәнінің мазмұнында өз көрінісін тауып отырады. Ғылым адам іс-әрекеті аймағының қоғамдық өндірістік күші және маңызды әлеуметтік институты ретінде объективті білімдерді жасау және теориялық жүйелеумен айналысады. Ғылым ұғымы жаңа білімді алу іс-әрекеті және осы іс-әрекеттің нәтижесі, яғни алынған білім көлемі ретінде айқындалады. Кез келген ғылым нақты шынайы болмыс негізінде қалыптасады «оның бейнесі болып табылады», ол туралы білімдерді жүйелейді. Ғылыми теориялық білімдер практикадан бөлек өзінен өзі дами алмайды, сондықтан ғылым мен практика бір-бірімен тығыз байланысты.
Практика кез келген ғылымның көзі болып табылады. Екінші жағынан, практикалық іс-әрекеттің тиімділігі ғылымның жетістіктеріне негізделсе ғана арта түседі. Теориялық білім шынайы болмысты бағыттауға, жетілдіруге және қайта құруға мүмкіндік береді. Бұл ғылым мен практика міндетті түрде бір-бірін толықтыра және дамыта жүру керек.
Педагогика ғылымы туралы сөз болғанда, екі өзара байланысты жақтарды – бұл саладағы теориялық білімдер мен соған сәйкес педагогикалық іс-әрекетті, яғни педагогтың білім алушылармен тікелей қызметін нақты ажыратып көрсету қажет болады. Педагогиканы ғылым ретінде және педагогикалық іс-әрекеттің аймағы ретінде бір-бірінен айыра білу керек. Педагогиканы ғылым ретінде анықтау үшін ең алдымен оның нені зерделейтіндігін анықтап алу керек. Бұл сұраққа жауапты оның объектісі мен пәні береді. Көптеген жылдар бойы зерттеушілер педагогиканың оқыту объектісі-бала деп санады. Бірақ бұл жаңсақ пікір. Педагогика өзінің объектісі ретінде индивидті оның психикасын емес, (бұл психологияның объектісі) оның дамуымен байланысты педагогикалық құбылыстарды қарастырады. Бірақ бала, яғни адам назардан тыс қалмайды. Керісінше, педагогика адам туралы ғылым ретінде жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы мақсатқа бағытталған іс-әрекеті зерттейді.
Сонымен, педагогиканың зерттеу объектісі болып педагогикалық құбылыс саналады. Бұл құбылыс қоршаған ортада мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінің адамзат даралығының дамуымен шартталған объективті іс-әрекет білім беру деген атқа ие болды. Білім беру – бұл педагогиканың объектісі болып табылады. Педагогика негізінде адамның күнделікті даму үрдісін зерттеу, кез келген педагогикалық жүйе шарттарында жүзеге асады. Арнайы оқу-тәрбие мекемелері қалыптасып, адамның білім алуы ерекше қоғамдық қызметке айналғанда, педагогикалық үрдісті арнайы ұйымдастыру мен мақсатты зерттеуді қажет етті. Сипаттау, талдау, жобалау, және болжау педагогикалық үрдісті іске асыру арқылы, тиімді педагогикалық жүйені іздеумен жаңа ғылыми-педагогикалық білімді алуға болады. Сондықтан педагогиканың пәні арнайы институттарда (отбасы, білім беретін және мәдени-тәрбиелік мекемелер) адамның барлық өмір кезеңдерінің оқу-тәрбиелік бірлігі арқылы мақсатты ұйымдастырылған педагогикалық үрдісі болып табылады.
Ғылыми білімнің қай саласы болмасын негізі ұғымдық аппаратынан басталады. Ұғым – бұл таным процесіндегі шындық өмірдің бейнесі. Ғылымда ұғым ақиқат іс-әрекетті ұғыну мен эмпирикалық тәжірибенің нәтижесі, ғылымның негізгі бөлімі ретінде қалыптасады. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуында үш негізгі іргелі категория анықталады: білім беру, оқыту, тәрбие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет