3 лекция Педагогика курсының мазмұнын құрастыру
Лекция-1694757928039
2. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың оқу пәні ретіндегі мазмұны білім берудің мақсатымен белгіленеді және оның нақты көрінісі болып табылады. Қоғам дами отырып, білім берудің жаңа міндеттерін белгілейді, олар оқу пәндерінің мазмұнында көрініс табады. Педагогика қоғамдық ғылым болғандықтан ол қоғамның талаптарын айқындайды. Оқу пәнінің мазмұнына педагогиканың ғылым ретінде дамуы әсер етеді. Осылайша, педагогиканың жаңа салалары пайда болуда: педагогикалық этика, жоғарғы мектеп педагогикасы, білім берудің экономикасы, педагогикалық психология, дефектология және т.б. Педагогика курсының мазмұнын құруда білім алушылардың жас шамасы, олардың жалпы білімділік деңгейі, болашақ кәсіби қызметтің сипаты сынды өлшемдер есепке алынады. Мазмұнды белгілеуде педагогикалық мәселелердің теориялық өңделу деңгейі де маңызды. Педагогикалық ғылымдар жүйесіне педагогика тарихы, жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, әлеуметтік педагогика, түзету педагогикасы, этнопедагогика, салыстырмалы педагогика, жеке әдістеме кіреді. Педагогика тарихы әртүрлі тарихи кезеңдердегі адам тәрбиесінің қоғамдық құбылыс ретінде дамуын, педагогикалық білім тарихын зерттейді. Тарихилық принципі – кез келген ғылымның маңызды принципі, өйткені өткенсіз бүгін жоқ. өткен кезеңдердегі мұраларды зерттей отырып, бүгінімен салыстыра отырып, кез келген құбылыстың даму жолын білуге және өткеннің қателігін түзетуге, келешекке болжам жасауға болады. Жалпы педагогика педагогика ғылымының негізі болып табылады. Ол адамдарға білім берудегі жалпы заңдылықтарды зерттейді, барлық типтегі білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үрдістің негізін жасап шығарады. Жас ерекшелік педагогикасы оқу-тәрбие мекемелерінің типтерін немесе жас ерекшелік топтарды анықтауды сипаттайтын оқу және тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Мұнда мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, ересектер педагогикасы деп ажыратылады. Мектепке дейінгі педагогика мектепке дейінгі кезеңдегі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Мектеп педагогикасы орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу-тәрбие ерекшеліктерін қарастырады. Ересектер педагогикасын зерттейтін салалар ішінде жоғарғы мектеп педагогикасы ерекше белгіленеді. Ол студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің арнайы міндеттерін, жоғарғы оқу орындарының педагогикалық үрдіс заңдылықтарын зерттейді. Әлеуметтік педагогика тұлғаны әлеуметтендіру үрдісінің заңдылықтарын зерттейді. Педагогиканың бұл саласы баланың қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалын зерттеумен айналысады (қоғам, мемлекет, қоршаған орта, әлеуметтік шындық). Түзету педагогикасы арнайы педагогика ретінде ерекшеленеді. Оған: сурдопедагогика (естімейтін-сөйлемейтін, нашар еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу), тифлопедагогика (көзі көрмейтіндерді және нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеу),олигофренопедагогика (ақыл-ойы кеміс балаларды оқыту және тәрбиелеу), логопедия (тілінің кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу). Этнопедагогика әртүрлі халықтардың педагогикалық көқарас ерекшеліктерінің адам дамуына ықпалын, халықтық тәрбиенің заңдылықтарын зерттейді. Салыстырмалы педагогика әртүрлі елдердегі оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары мен тұжырымдамаларын зерттеумен айналысады. Салыстырмалы педагогиканы білу басқа елдердің озық тәжірибелерін игеруге көмектеседі. Педагогика ғылымының ерекше тобын пәндік дидактика немесе жеке әдістеме құрайды. Оқытудың жалпы заңдылықтарын білім беруде қолдану және нақты оқу пәндерін зерттеу. Педагогиканың басқа да ғылыми салалары бар: әскери, спорттық, кәсіби т.б. Әрбір бағыт педагогиканың бөлігі болып табылады. 3. Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама. Педагогика курсының мазмұны бағдарламада, оқулықтарда жинақталған. Ол негізгі курстан, арнайы курстардан және практикумдардан құралған. Арнайы курстарда педагогиканың маңызды мәселелерінің мәні ашылады. Олар теориялық және қолданбалы сипатта болуы мүмкін. Теориялық арнайы курс педагогиканың маңызды мәслелерін тереңдетіп оқытуға бағытталса, қолданбалы арнайы курс оқыту мен тәрбиелеудің қырларын болашақ мұғалімдердің дайындығын күшейту: класс жетекшінің, тәрбиешінің жұмыс жасау әдістемесі. Осы арнайы курстармен түрлі практикумдар тығыз байланысты. Олардың міндеті – болашақ мұғалімдердің балалармен жұмысын ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын құрастыру. Негізгі курста басқа тәрбие жұмысының әдістемесі пәні оқытылады. Педагогика курсының мазмұны 4 негізгі курс енеді: 1)педагогиканың жалпы негіздері; 2)дидактика; 3) тәрбие теориясы 4)мектептану. Білім беру мазмұнын қалыптастыру принциптерінің ішіндегі негізгілеріне төмендегілер жатады: - ғылымилығы; - бірізділік; -тарихилық, -жүйелілік, - өмірмен байланыстылық принципі; - жас ерекшелік мҥмкіндіктеріне сәйкестігі;. - түсініктілік принципі. Қайталау сұрақтары Педагогика ғылымының дамуының оқу пәнінің мазмұнында бейнеленуін сипаттап беріңіз Педагогиканың негізгі категорияларын атап беріңіз Педагогикалық ғылымдар жүйесін сызба түрінде кқрсетіп беріңіз Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама беріңіз. жүктеу/скачать 25,71 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |