Білім беру - оқыту мен тәрбиелеу процесінің нәтижесі. Білім беру, ең алдымен,- әлеуметтік құбылыс - мемлекеттің, қоғамның, тұлға қызығушылығының мақсатты тәрбиелеу және оқыту процесі.
Оқыту - сабақ беру мен оқудың екі жақты процесі. Сабақ беру – бұл танымдық процестердің қасиетін, біліктілігін, білімін беру. Оқу - бұл оқушының өз іс-әрекеті арқылы тәжірибені қабылдауы, меңгеруі, қолдануы. Осыдан, оқыту - бұл оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасы арқылы білім, білік және тәжірибені меңгеруі.
Оқыту – сабақ беру мен оқудың біріктірілген тұтас органикалық категориясы. Оқыту нәтижесінде адам жүйелі ғылыми білімді, фактіні, заңды меңгеріп, өз көзқарасы, ақыл-ойы шығармашылық қабілеті қалыптасады.
Тәрбие жалпы категория ретінде тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі болып табылады.
Педагогикалық процесс – бұл арнайы ұйымдастырылған, білім алу, білік пен тәжірибені меңгерумен және тұлғаның психологиялық, денелік дамуымен мақсатты бағытталған педагогтар мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті.
Тұлға – әлеуметтік адам, қарым-қатынас өнімі. Адам өмірге тұлға болып келмейді, өмір барысында тұлға болып қалыптасады.
Іс-әрекет- адам қажеттілігімен қызығушылығын қанағаттандыру мен тәжірибе жүзінде іске асыруға бағыттталған іс -әрекет жиынтығы.
Даму - адамның денелік және рухани күшінің жүйелі сандық және сапалық өзгерісінің объективті процесі.
Қалыптастыру - адамның қоршаған ортадағы өз орынын, қызметін, міндетін біліп қызметтік жетілдіру процесі.
Қарым-қатынас – қатысымға түсетін адамның мінез-құлық, эмоционалды-ерікті, танымдық және мотивациялық аймағындағы өзгерістерге қол жеткізу мақсатын басшылыққа алатын және ықпал етудің әртүрлі шарттарының көмегімен жүзеге асатын іс-әрекет процесінде адамның өзара әсерлесуі.
Өздігінен білім алу – адам білімін, дағдысын, біліктілігін тереңдету мақсатындағы іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу- қоғам талабына сәйкесті адам бойында жағымды сапаларды қалыптастыру және теріс сапалардың алдын алуға мақсаттты түрде бағытталған іс-әрекет.
№
категория
анықтамасы
1
Білім беру
оқыту мен тәрбиелеу процесінің нәтижесі. Білім беру, ең алдымен,- әлеуметтік құбылыс - мемлекеттің, қоғамның, тұлға қызығушылығының мақсатты тәрбиелеу және оқыту процесі.
2
Оқыту
сабақ беру мен оқудың екі жақты процесі. Сабақ беру – бұл танымдық процестердің қасиетін, біліктілігін, білімін беру
3
Тәрбие
жалпы категория ретінде тарихи және мәдени тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беру процесі болып табылады.
4
Педагогикалық процесс
бұл арнайы ұйымдастырылған, білім алу, білік пен тәжірибені меңгерумен және тұлғаның психологиялық, денелік дамуымен мақсатты бағытталған педагогтар мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті.
5
Тұлға
әлеуметтік адам, қарым-қатынас өнімі. Адам өмірге тұлға болып келмейді, өмір барысында тұлға болып қалыптасады.
6
Іс-әрекет
адам қажеттілігімен қызығушылығын қанағаттандыру мен тәжірибе жүзінде іске асыруға бағыттталған іс -әрекет жиынтығы.
7
Даму
адамның денелік және рухани күшінің жүйелі сандық және сапалық өзгерісінің объективті процесі.