№ 3 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебіндегі педагогикалық ұжымының Қазақстан Республикасының "Тілдер туралы" Заңын орындау бойынша жұмысы № 3 Мәртөк ЖОББМ Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңы 1997 жылғы 11 шілдедегі ҚР «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (2011 жылғы 29 маусымдағы) жүзеге асыруын зерделеу барысында анықталған, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бағдарламасын» жүзеге асыруға арналған іс – шаралар жоспары бекітіліп орындалу барысы бақылауға алынды. 2017 – 2018 жылында «ҚР Тілдер туралы» Заңын орындаудың мектепішілік жоспары құрылып бекітілген; Мектепішілік жоспар бойынша әр дүйсенбі сайын саптық жиындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны мемлекеттік тілде орындалады; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»Қазақстан Республикасы Заңының іске асыру бойынша Заңнаманы сақтау шеңберінде мектебіміздегі көрнекті ақпараттар,маңдайшалар, стенд мәтіндерінің рәсімделуіне,іс-шаралар екі тілде жүргізуде. Деректемелер мен көрнекі ақпараттар тілі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21- бабына сай талаптармен орындалған.
Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану ясына кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында Білім мекемесінде іс- қағаздар жүргізу мемлекеттік тілге көшірілуде. Іс – қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу үшін нормативтік құжаттар басшылыққа алынды. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» №151-1 Заңын, «Тілдерді қолднау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Білім және ғылым минимтрлігінің 2003 жылғы 13 қаңтардағы «Жалпы білім беру мектептерінде мектепішілік құжаттаманы жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» №19 бұйрығын басшылыққа ала отырып іс қағаздарын мемлекттік тілде жүргізу жұмысы бақылауға алынған. Мектептегі стендтер, кабинеттер маңдайшалары, кабинеттердегі қабырға стендтері де екі тілде рәсімделеді. Қабылдау бөлмесінде іс қағаздарының үлгілері де бір тілде берілген. Мектеп бойынша іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесі директордың жанындағы кеңесте жыл сайын қаралады. Мектеп бойынша құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімделу жұмысы жоспар бойынша іске асуда. Іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу – мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудағы ең өзекті мәселелерінің бірі. Күнделікті жұмыста аудандық білім беру бөлімінен, басқа құзырлы мекемелерден мемлекеттік тілде түскен құжаттарға, ақпараттық материалдарға, хат – хабарларға байланысты анықтамалар, жауаптар мемлекеттік тілде жіберіледі. Мемлекеттік тілді дамыту және қолдану аясын кеңейту бағытында жоспар бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде: Педагог кадрлардың жеке еңбек шарты, бұйрықтар кітабы, алфавиттік кітап, оқушылардың табельдері, педагогикалық кеңестерінің, директордың жанындағы отырыстардың, әдістемелік отырыстардың хаттамалары, кіріс, шығыс құжаттары, мектеп сайты мемлекеттік тілде жүргізіледі. Тілдерді қолдану мен дамыту аясында мектепте және мектептен тыс іс шаралары жоспарланған.Соның ішінде: Тілдер күніне арналған іс-шаралардың жоспары әзірленіп, мектеп директорымен бекітілген.
Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде тіл мерекесіне орай онкүндік өтеді. Онкүндікте түрлі іс-шаралар жоспарланады. Атап айтсақ, шығармалар сайысы, мәнерлеп оқу сайысы, көрмелер сайысы, мақала жазу сайысы, Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған салтанатты жиындар өткізіледі. «Тілдің-мерейі-елдің мерейі» демекші оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу негізінде 7,8 сынып оқушылары арасында тіл туралы сайыс өтті. Сайыста оқушылар «Тіл туралы» Заң қашан қабылданғаны және «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» екендігі туралы айтты. С.Мәуленовтың, Ғ.Мүсіреповтың өлеңдерін оқыды. 7 сынып оқушылары мақал-мәтелдер мен өлеңдер жатқа айтты. 8 сынып оқушысы Гевлич Ангелина, Голобоков Алексей, Қалықов Саян,Аргатюк Ариадна тіл туралы өз білімдерін тамашалатты.
Қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын оқушылардың қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту қамтамасыз етіледі.Мектеп бойынша мемлекекттік тілді оқытуға оңтайлы жағдай жасалған.
Мектебімізде өзге ұлт ұстаздарға да әр аптаның сәрсенбі күні қазақ тілін үйрету барысында дәріс алып тұруы қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйренем деген және аудармалардан өзге ұлт өкілдері ұстаздарына қазақ тілі мамандарынан көмек көрсетілуде.