Әкем, анам және мен отбасылық сайысы Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы Мақсаты: Білімділік: «Денсаулық»



Дата07.01.2022
өлшемі21,04 Kb.
#17641
Байланысты:
денеден сайыс


Әкем, анам және мен отбасылық сайысы
Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық  сайысы

Мақсаты:

Білімділік: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. 

Дамытушылық: Ата - анамен тығыз қарым - қатынаста болып, балабақша мен ата - ана арасындағы байланыстарын дамыту.

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Эстафеталық ойын

Көрнекіліктер: суреттер,ысқырық,секіртпе, доп, таннис шары,ракетка,кегли

Барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, апайлар, балалар! Армысыздар, қонақтар! «Жанұя - қорғаным, ата - ана – тірегім» дегендей «Әкем, шешем және мен» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

«Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің балабақшамызда ересек топтар арасында өткелі отыр.



Жүргізуші:

Шынықсаң шымыр боласың

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға,

Болмасада ұқсап бақ

Жарысқа түсіп қалайда.

Ал ендігі кезек ойыншыларымызды ортаға шақырайық



  1. ________ отбасы – «______» тобы

  2. ________отбасы – «______» тобы

  3. ________отбасы – «______» тобы

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер:

Сайысты бастамас бұрын қара қылды қақ жаратын әділ – қазылар алқасымен таныс болайық.


  1. ________________________

  2. ________________________

  3. ________________________

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

1. Таныстыру;

2. Таңертеңгілік жаттығу.

3. Кедергілер арасымен жүгіру

4. Сурет және әріптер

5. Кім епті.

6. Шар жинау

7. Тасымалда.

- Құрметті сайыскерлер! Сіздерге тек сәттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз!
І кезең - Таныстыру

Өнер қуып отбасы өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген топтар кезектесіп.

Таныстырып өздерін кетер дейміз.

Әр отбасы өз тобының атын, ұранын таныстырып өту.

-Әділ-қазы алқасынан «Таныстыру» бөлімінің бағасын сұраймыз.
ІІ кезең: Әр команда таңертеңгілік жаттығулар көрсетеді.

Қалыспа, дайындал, алға!

-Әділ-қазы алқасынан «Таңертеңгілік жаттығу» бөлімінің бағасын сұраймыз.
ІІІ кезең: «Кедергілер арасынан өту»

Шарты: Әр отбасындағы әкелері допты тебу арқылы әрбір кедергілер арасынан өтіп, келесі кезекті аналарына береді. Олар скакалкамен жүгіріп, келесі ойыншы фидбол добымен секіріп командасына оралады. Тапсырманы орындағын топ өз тобының жалаушаларын көтереді.

Қалыспа, дайындал, алға!

-Әділ-қазы алқасынан «Кедергілер арасынан өту» бөлімінің бағасын сұраймыз.
IV кезең: «Суреттер және әріптер»

Шарты: Сайысқа балалар қатысады. Бұл бөлімде балалардың танымдық қабілеттері анықталады. Олар берілген орынға дейін скакалкамен секіріп барып, берілген суретті аяқтап салу керек. Екінші шарт бойынша әріптерді танып, оған қатысты 2 сөз құрау керек.

Қалыспа, дайындал, алға!

-Әділ-қазы алқасынан «Суреттер және әріптер» бөлімінің бағасын сұраймыз.
V кезең: « Кім епті»

Әр топтағы ойыншылары бірінші әкелері тенис шарымен ракеткамен жоғары согып кедергілер арқылы командаға қайта оралу. Аналары касықпен тенис добын еденге түсіріп алмай командасына жеткізеді. Балалары самакатпен кедергілерден өтіп келеді. әрі тез болған команда жалаушаларын көтереді.

Қалыспа, дайындал, алға!

-Әділ-қазы алқасынан «Кім епті» бөлімінің бағасын сұраймыз.


VI кезең: «Шар жинау»

Шарты: Қазір ортаға бірнеше шарлар тасталады. Белгі берілген уақытта қолдарыңыздағы шелекке шарды тез жинап алуларыңыз керек.

Қалыспа, дайындал, алға!

-Әділ-қазы алқасынан «Шар жинау» бөлімінің бағасын сұраймыз.
VII кезең: «Тасымалда»

Шарты: Әкелері шығыршықты ортаға қойып шығады, анасымен баласы шығыршықтан шығып кетпей тасымалданып мәреге жету керек.

-Әділ-қазы алқасынан «Тасымалда» бөлімінің бағасын сұраймыз.


Жүргізуші: - Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың қорытындысын шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі әділ - қазылар алқасына беріледі.

Марапатталады:

_______________

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда демекші



Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Әкем, шешем және мен» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет