3-модуль. Эмоция психологиясының теориялық-практикалық аспектілері



бет3/4
Дата18.02.2023
өлшемі67,24 Kb.
#68992
1   2   3   4
Эмоция модальдігі

Online

Offline

«-»



Дәл қазір
Дене қимылы арқылы

Эмоцияны болжау
Физикалық жаттығулар
Менталды техникалар

«+»




Өзін-өзі қолпаштау

Рефрейминг
Позитивті ойлау



ІV. Онлайн басқару дегеніміз ол эмоция басталып, дәл қазір сол күйді ауыстыру қажеттілігі. Мысалы, көпшілік алдында сөз сөйлеуден қорқатын адамға тілек айту кезеңі берілді, дәл осы сәтте оған үрейді жеңу қажет.
Кез келген эмоцияны дене қозғалыстары арқылы жылдам өзгертуге болады. Үрейде адам жүрегі жүгіріп, тынысы тарыла бастайды. Бұл жағдайда төрт санға ауа тартып, алты санға шығару қажет. Тұрған адам отырып, отырған адам тұрса болады.
Тағы бір тәсіл, үрейді ашу ауыстыру.
Офлайн басқару дегеніміз болашақ стресстік жағдайды болжай отырып, алдын ала өз-өзін дайындау. Мысалы, келесі аптада қонаққа барып, сөз сөйлейтінін білген адам, алдын ала сөзін дайындап, айна алдында жаттығады. Бұл оған сенімділік беріп, көпшілік алдында үрейін бәсеңдетеді.
Позитивті эмоцияларды өзін-өзі қолпаштау, жақсы болашақ сценарийлер болжап, қорқыныш ұялататын заттарды мәні мен мағынасын көз алдында бейнелі түрде кішірейту арқылы шақыруға болады. Бұл адамға оптимистік көзқарас беріп, жетістікке жеңіл жетуге мүмкіндік ашады.
Бүгін біз эмоциялардың өміріміздегі мәнін талдап, түрлерін анықтадық. Эмоциялар адам ағзасымен тығыз байланысты және денсаулыққа әсері зор екенін айттық.
Түпкі түйін:
Оларды түсініп, басқару үшін, эмоциялық интеллект қабілеттерін дамыту қажет. Берілген жаттығулар мен кеңестерді орындап, өз талдауыңызды беріңіз.
Қазір тағы бір көңіл-күйімізді бағалап көрейік. Эмоцияларыңыз өзгерді ма? Қалай өзгерді? Егер позитивті эмоция сезініп отырсаңыз, осы күйде ұзағырақ болып, денеңізбен сол сезімдерді сақтап қалуға тырысыңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет