3-сабақ Қосымша-1 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «Тарихи тұлғалар»



бет3/4
Дата18.02.2022
өлшемі34,15 Kb.
#25891
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Дидактикалық материал 8 сынып Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 3-сабақ

Шәңгерей Бөкеев -Бес жасында ата-анасы қайтыс болып, жетім қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен білім алған. Орынбор кадет корпусында, Астрахан гимназиясында оқыған. Орыс тілін үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден қояды.[

Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы — Көлборсыда өмір кешеді. Бөкеев аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз өнерін ұнатады, өлеңдер жазады.

1917 жылы Көлборсыдан көшіп, қазіргі Тайпақ ауданына келеді. Бөкеев шығармалары 1911 — 12 жылы “Шайыр”, “Көксілдер”, 1926 жылы “Үш жоқтау” жинақтарында жарық көрген.

Көтеріліс барысында 1869ж наурыздың соңы мен сәуірдің басында белгілі ақын Шәңгерей Бөкеев Орал облысына келіп, «Уақытша Ереженің» күмәнді тұстарына тоқталып, жер сатуға рұқсат берудің зиянды жақтарын түсіндіреді. 

. Бөкеев халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған. Ол Ғ. Қарашевті ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Бөкеев ел аузындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен бұқара халық өкілдеріне (мысалы, Кубала ақын, т.б.) қол ұшын беріп, қолқабыс жасайды, Оралда “Қазақстан” газетін шығарысуға ат салысады. Бөкеев — қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын ақын. “Үш ғасыр жырлайды” және “Бес ғасыр жырлайды” топтамаларына өлеңдері енген.

https://kk.wikipedia.org/wiki/Шәңгерей_Сейіткерейұлы_Бөкеев



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет