Сұрақтар: 1.Тотығу-тотықсыздану процесін графикпен өрнектеу әдісі. Титрлеу қисығы
2. Тотығу-тотықсыздану әдісінің индикаторлары.
3.Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістері.
Лекция 13 Тақырыбы: Тұндырып титрлеу әдісі
Жоспар Әдістің негізі.
Әдістердің жіктелуі. Эквиваленттік нүктені анықтау әдістері. Индикаторлар
1 Әдістің негізі. Тұндырып титрлеу әдісі бейорганикалық заттарды:галогенидтер, цианидтерді, тиоцианитер, күмістің еритін тұздары, оның ішіндеNaCl, KBr,KI, дәрілік заттардың құрамына кіретін басқа да қосылыстарды анықтауға қолданылады. Бұл әдістер дәрілік заттарды: димедрол гидрохлоридін, бромкамфораны, новокаин гидрохлоридін және сол сияқты т.б. заттарды анықтауда да қолданылады, сондықтан провизор бұл сандық талдау әдісін білуі қажет.
Тұндырып титрлеу әдісі титрлеу барысында нашар еритін қосылыс түзе жүретін реакцияларға негізделген. Тұндырудың гравиметриялық әдісінен ерекшеленеді, өйткені титрлеу кезінде анықталатын затқа тұндырғыштың стандартты ерітіндісінің эквивалентті мөлшері қосылады.
Анықталған компоненттің (субстанцияның) мазмұны анықталған заттың тұндырылуына жұмсалған титрант көлемінің шамасымен есептеледі.
Аналитикалық химияда нашар еритін қосылыстардың түзілуімен жүретін көптеген реакциялар белгілі. Олардың ішінен сандық талдауда келесі талаптарға сәйкес келетіндері ғана пайдаланыла алады:
1. Анықталатын зат пен стандартты ерітінді (титрант) арасындағы реакция минималды ерігіштігі бар (S = моль / ) тұнба түзілуін қамтамасыз ететін жағдайда жүруі керек.
2. Тұнба түзу реакциясы тез, сандық, стехиометриялық жолмен жүруі керек. Бұл жағдайда аса қаныққан ерітінділердің пайда болуы байқалмауы керек.
3. Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау үшін индикаторды таңдау мүмкіндігі болуы шарт.
4. Адсорбция және қосарлана тұну құбылыстары анықтау нәтижелеріне әсер етпеуі керек.
Тұндырып титрлеу әдістері аниондары күміс пен сынап катиондарымен тұнба түзілетін қосылыстарды анықтауға мүмкіндік береді:
+ = AgBr
+ =
Аргентометрияда біріншілік стандарттар ретінде натрий хлориді немесе калий хлориді қолданылады. Негізгі жұмысшы ерітінділері күміс нитраты мен калий немесе аммоний тиоцианатының ерітінділері болып табылады. ерітіндісінің дәл концентрациясы NaCI стандартты ерітіндісімен анықталады. KSCN ерітіндісі (немесе SCN) титрленген ерітіндісімен стандартталады.