3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі


Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу



бет26/42
Дата04.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#41338
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
3. Санды талдау дістеріні жіктелуі

2. Әлсіз негізді күшті қышқылмен титрлеу.
10 мл 0,1 н NH4Cl ерітіндісін 0,1 н HCl ерітіндісімен титрлеуді қарастырайық.
Титрлеу басталғанға дейін ерітіндіде тек қана аммоний гидроксиді болады. Аммоний гидроксиді әлсіз электролит,сондықтан протондану процессі аз мөлшерде жүреді.Осыған байланысты осы кезеңдегі ерітіндінің рН-ын аммоний гидроксидінің диссоциациялану константасы арқылы есептеу керек.
Диссоциациялану теңдеуі келесі:






Осыдан:
Эквивалентті нүктеге дейін.Титрлеу барысында ерітіндіде бос сірке қышқылымен қатар осы қышқылдың тұзы түзіледі.Мысалы,10 мл 0,1н ерітіндісіне 9 мл 0,1нHCl ерітіндісін қосса,онда 9 мл 0,1н аммоний хлориді түзіледі және HCl 0,1н ерітіндісінің 1 мл бос күйінде жүреді.Бұл жағдайда ерітіндінің рН мәні натрий ацетаты мен сірке қышқылының күйімен анықталады.
Диссоциациялану константасының өрнегінде келесі белгілеулер енгізейік:
Онда = ;


Эквиваленттік нүктеде ерітіндідетек қана 0,1 н NH4Cl болады,сондықтан ерітіндінің рН-ның мәні осы тұздың гидролизімен анықталады:




Эквиваленттік нүктеден кейін pH мәні HCl ерітіндісінің артық мөлшерімен анықталады
Егер ерітіндіге 10,01 мл 0,1 н HCl құйса :

10 мл 0,1 н ерітіндісін 0,1 н HCl ерітіндісімен титрлеу нәтижелері 10-кестеде жинақтаған.
Кесте 11 - 10 мл 0,1 н ерітіндісін 0,1н HCl ерітіндісімен титрлеу нәтижелері.



], моль/л

рН

моль/л

рОН

0,0



13,11



2,87

9,00



8,36



5,64

9,90



7,26



6,74

9,99



6,26



7,74

10,00



5,12



8,87

10,01



4,0



10,00

10,10



3,0



11,00

11,00



2,0



12,00

Осы кестедегі мәліметтер негізінде титрлеу қисығы тұрғызылды (сурет 5)





Сурет 5 - 10 мл 0,1 н ерітіндісін 0,1н HCl ерітіндісімен титрлеу қисығы
Титрлеу қисығын талдау нәтижесіндегі қорытындылар:

  1. Эквиваленттік нүкте әлсізқышқылдық аймақта жатады.

  2. Титрлеу қисығындағы рН секіру интервалы pH=4,0-6,2 аралығында орналасқан.

  3. Титрлеуге индикатор ретінде pT мәні секіру аймағына кіретін метилды қызылды(pT=5.5), метилды сарыны (pT=4.0) қолдануға болады.


Лекция 10
Тақрыбы: Индикаторлар. Қышқыл-негіздік индикаторлар
Жоспар

  1. Индикаторлар. Индикаторлардың жіктелуі. Қышқыл-негіздік индикаторлар.

  2. Индикаторлар теориясы

3.Индикатордың ауысу интервалы, титрлеу көрсеткіші, индикаторлық қате.


1.Индикаторлар туралы түсінік. Эквиваленттік нүктені анықтаудың ең кең қолданылатын әдістерінің бірі титрленетін ерітіндінің индикатормен өзара әрекеттесуіне негізделген индикаторлық әдіс болып табылады. Бұл ретте титрлеудің соңғы нүктесі ерітінді түсінің өзгеруі, тұнба пайда болуы немесе жоғалуы бойынша анықталады.
Индикаторлар деп белгілі дәрежедегі дәлдікпен титрлеудің соңғы нүктесін нықтауға мүмкіндік беретін заттар аталады. Индикаторды дұрыс таңдалған жағдайда эквиваленттік нүкте титрлеудің соңғы нүктесіне сәйкес келеді.
Ішкі және сыртқы, қайтымды және қайтымсыз индикаторларды ажыратады.
Ең жиі индикатор титрленген ерітіндіге енгізіледі - бұл ішкі индикаторлар. Кейде титрлеу кезінде титрлеу ерітіндісінің тамшысы алынып, индикаторлық қағазға (индикатордың ерітіндісі сіңдірілген қағаз сүзгісіне) орналастырады немесе сағат шынысындағы индикатор тамшысымен араластырады – бұл сыртқы индикаторлар. Қайтымды индикаторлар-бұл қандай да бір физикалық-химиялық параметрдің (заттың концентрациясы, pH және т. б.) өзгеруіне қарай қандай да бір жаққа өзгеретін қайтымды жүйе. Қайтымсыз индикаторлардың көмегімен эквивалентті нүктені бір-ақ рет анықтауға болады, себебі индикатордың химиялық құрамы, құрылысы қайтымсыз өзгереді. Бұларға тотығу-тотықсыздану индикаторлары, органикалық бояғыштар жатады.
Индикаторлардың жіктелуі. Индикаторлар қышқылдық-негіздік, тотығу-тотықсыздану, комплексометриялық, адсорбциялық болып жіктеледі. Олар ерітіндінің келесі сәйкесті параметрі өзгергенде түсін өзгертеді:
- қышқылдық-негіздік (фенолфталеин, метилді қызғылт сары) – ерітіндінің рH-ы;
- тотығу-тотықсыздану (дифениламин, азобояғыштар) – тотығу- тотықсыздану потенциалы;
- комплексометриялық (қара эриохром Т, мурексид, қызғылт сары ксиленолды) - катион концентрациясының көрсеткіші pKt;
- адсорбциялық индикаторлар - аз еритін қосылыс(күміс галогенидтері) күйінде тұндырылатын иондардың концентрациясы өзгергенде түсін өзгертеді (флуоресцеин, эозин).
Сирек қолданылатын индикаторлар: радиоактивті, хемилюминисцентті және басқалар белгілі.
Қышқылдық-негіздік индикаторлар. Қышқылдық-негіздік индикаторлар - бейтараптандыру әдістерінде қолданылатын қышқылдық немесе негіздік қасиеттерге ие, қышқылдар мен негіздер әсер еткенде түсін өзгертетін әлсіз электролиттер болып келетін органикалық заттар. Мұндай индикатордың диссоциясы келесі теңдеуге сәйкесті жүреді:

HInd



+

қышқыл




негіз

(протон доноры)




(протон акцепторы)

Бұл жерде:- иондық форма, HInd - молекулалық форма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет