3. Саяси жүйе Жоспар: Саяси жүйе уғымы және теориялар


ҚР САЯСИ ӨМІРІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ



бет27/28
Дата22.04.2023
өлшемі107,66 Kb.
#85653
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

15.ҚР САЯСИ ӨМІРІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

ЖОСПАР:

1.ҚР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ (КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША)

2.САЙЛАУ ЖҰЙЕСІ


      • Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.


      • 10-бап КР Конституциясы

      •  1. Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.

      • 2. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.


      • 3. Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.


      • Ескерту. 10-бапқа түсініктеме берілді - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2003.12.01. N 12 қаулысымен. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/10.htm

      • 40-бап КР Конституциясы

      •  1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/40.htm

      • 41-бап КР Конституциясы

      •  1. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.

      • 2. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/41.htm

      • 49-бап КР Конституциясы

      •  1. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/49.htm

      • 50-бап КР Конституциясы

      •  1. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

      • 2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.


      • 3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.


      • 4. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/50.htm

      • Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/50.htm

      • 51-бап КР Конституциясы

      •  1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

      • 2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/51.htm

      • 4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/51.htm

      • 64-бап КР Конституциясы

      •  1. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

      • 2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/64.htm

      • 71-бап КР Конституциясы

      •  1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.

      • 2. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi тағайындайды және дауыс тең бөлiнген жағдайда оның даусы шешушi болып табылады.


      • 3. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін - Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/71.htm

      • 75-бап КР Конституциясы

      •  1. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.

      • 2. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердiң қатысуымен жүзеге асырылады.


      • 3. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады. Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/75.htm

      • 85-бап КР Конституциясы

      •  Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады Подробнее: http://kodeksy-kz.com/konstitutsiya/85.htm



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет