Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім және тәрбие беру жүйесі



бет1/11
Дата07.01.2022
өлшемі64,93 Kb.
#17705
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚР білім беру жүйесі

Жоспары




І. КІРІСПЕ 3

1.1. Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру ісінің мәні, міндеттері және принциптері. 5

1.2 Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім және тәрбие беру жүйесі. 9

ІІ. Негізгі бөлім 16

2.1 Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені зерттеу. 16

2.2 Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім берудің педагогикалық озат тәжірибені жинақтау және тарату. 20

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ 23

IV. Пайдаланылған әдебиеттер: 25



















































І. КІРІСПЕ



Курстық жұмыстың өзектілігі:

Білім беруді дамыту тұжырымдамасы бұдан әрі –Тұжырымдама/ мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми –теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конститутциясына, “Білім туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Ғылыми туралы” Қазақстан Республикасының Заңына, “Қазақстан-2030” стратегиясына, “Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына”, “Білім” мемлекеттік бағдарламасына, баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсіптік білім беру жөніндегі конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғарғы білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзілік конвенцияның декларациясына , Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер білім министрлігінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалығы жөніндегі кеңестік конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.

Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық ретінде белгілейді және мемлекеттің Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.

Осы Тұжырымдамаға сәйкес оны іске асыру жөніндегі бағдарлама әзірленетін болады.

Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:

ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;

Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;

білім берудің деңгейлері мен мазмұны;

Тұжырмдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;

Тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі кездегі білім беруді оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту.
Зерттеу объектісі:

Оқушыларын қазіргі кездегі білім беруді оқыту негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет