Сынып сағаты Тақырыбы: «Алғыс айту – парызым!» Сыныбы



Дата12.05.2023
өлшемі22,49 Kb.
#92162
Байланысты:
№23



Сынып сағаты


Тақырыбы: «Алғыс айту – парызым!»
Сыныбы: 6 «ә»




Сынып сағатының тақырыбы:

1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым!» тәрбиелік шара







Мақсаты:

Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту





Міндеттері:



а) ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;


ә) үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту;


б) әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу







Мұғалімнің іс-әрекеті:






  • Алғыс айту күні жайлы бірер ақпарат айтып өту.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республика сының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.
1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

  • Проблемалық сұрақты шешуде әр оқушының жеке ойын сұрау.

  • Ойын ойнату барысында оқушыларды қажет заттармен қамтамасыз ету.

  • Оқушыларға еген өз ізгі ниет, тілгін білдіру.




Сабақтың барысы:




  • Мемлекеттік әнұран орындалады.

  • Ән: «Ұстазым»

  • Би: «Шығыс биі»

  • Слайд: «Жаныңда жүр жақсы адам.......»

  • Күй: «Сарыарқа»

  • Проблемалық сұрақ:

  1. «Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?




  1. Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»

  • Видео ролик: «Жақсылығың қайтар өзіңе»

  • «Автограф» ойыны: (Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет)






Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар өз құттықтау сөздерімен тілектерін, өлең шумақтары мен тақпақтарын айтады.


1-оқушы. Алғыс күні аталыпты 1-наурыз,
Парыз екен бəріне айту алғыс.
Өмір берген, жан берген, қуат берген,
Аллахыма айтамын мен шексіз алғыс!
2-оқушы. Күндіз-түні еркелеткен күнім деп,
Əрқашанда мейірім төккен күлімдеп.
Ақ жаулығы желбіреген апатай,
1000 алғысын айтады күнің кеп!
3-оқушы. Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,
Өзіңдей асыл жанды кім көрген.
Алғысым шексіз саған, жаным анам,
Əрқашан тілеуімді тілеп жүрген!
4-оқушы. Қашанда қарыздармын, əке, саған,
Əрқашан мейіріміңді төктің маған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Əкетай, шексіз алғыс айттым саған!
5-оқушы. Сыйластықты іздеген
Әдеп сақтар ізгі өрен
Сыпайылық белгісі
Үлкендерге сіз деген
Алдын үлкен кісінің
Кесіп өтпей көлденең
Әдеппенен үлкенге
Сәлемдесіп жол берем.
6-оқушы. Ұстазым - сөзің асыл баға жетпес,
Əр сөзің мың жыл жүрсе дəмі кетпес.
Шəкіртін баласындай қадірлеген,
Ұстазым, 1000 алғыс та саған жетпес!
7-оқушы. Балаң едім батаңмен жанатын бағы.
Нәтижесі тілектің өзіңнен туған
Мына ұлыңның ақын болып жаратылғаны.
Қол жеткізіп еліме тарту етемін
Биіктікті қыранның қанатындағы



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет