3 Шұбарқұдық жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Сиыршина Ж. А баяндама: «Математиканы оқытудағы инновациялық технология» кіріспе



бет1/2
Дата08.12.2022
өлшемі30,08 Kb.
#55772
  1   2

3 Шұбарқұдық жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі:Сиыршина Ж.А
Баяндама: «Математиканы оқытудағы инновациялық технология»


КІРІСПЕ
Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлегіне тікелей байланысты болмақ. Ендеше саналы, салауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәденинетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбилеу ұстазға сеніп тапсырылған. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап – оның сапасын арттыру.
Орта білім берудің мақсаты – жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыратын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен жауапты дұрыс шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру .Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика.
Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу – бүгінгі ұстаздардың жауапты істері болуы керек. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдында мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологиялардың үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ал оларды даярлау үшін қазіргі дидактикалық мүмкіншіліктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын пайдалану керек.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсаты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін математикалық білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларың дамуына негізін салу болып табылады. Шығармашылық – негізгі білім болғандықтан, оқушының білім деңгейіне сүйене отырып, олармен дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет.

  1. Оқушылардың өз бетінше ойлай білу, есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір әдісі. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуге үйренуі пәнге қызығушылығын арттыру басты мақсат.

  2. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты – оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.

  3. Ал қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Олар: сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар, математикалық сайыстар, эстафеталар, жарыстар, олимпиадалар, тіпті жақсы дайындықпен өткізген күнделікті сабақтар. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді.

Орта білім белсенді, білімді және табыстарға бағдарланған тұлғаларды тәрбиелеуге жауап береді. Оқушылар «ешқашан бастауды тоқтатпа, ешқашан тоқтауды бастама» деген ақиқаттан адаспауы тиіс деп атап көрсетті.
Осы тұрғыда математика пәні жан-жақты дамыған, білімді және тәрбиелі жас жеткіншектер дайындауда жалпы білім беретін мектептер алдында тұрған жалпы міндеттерді орындауға үлкен үлес қосуға міндетті.
Мектепте математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттері білім беру процесіндегі оқытудың негізгі міндеті – оқушылардың білім жүйесін және ойлау қабілетін кең түрде дамыту, математиканың қолданылуын қамтамасыз ету. Математиканың мектеп курсындағы мәні оның көп қырлығында, яғни негізгі объектілері нақты өмірге негізделгенде.
Ғылым мен техниканың жетістіктерін өмірге пайдалана білу үшін де қазіргі компьютерлік технологияларды меңгеру үшін, нарықтық экономикаға байланысты қатынастарды игеру үшін, қалыптасқан экологиялық жағдайларды зерттеу үшін де математика ауадай қажет. Математиканың көмегімен қоғамдағы және табиғаттағы өзгерістерді модельдер арқылы түрлі есептеулер жүргізілді.
Осы талаптарға оң жауап алуда математика сабағында қолданбалы өміршең, өндірістік-техникалық мазмұнды есептер шығару өте маңызды орынға ие. Өндірістік- техникалық мазмұнда қолданбалы есептер математикалық білімнің мүмкіндіктерінен құралады, оларды таңдап алуда қажет кейбір жалпы принциптерді атап өтейік:

  1. Мектепте оқып үйрену үшін пайдаланылатын өндірістік мазмұнды жаттығулар бағдарлама бойынша өтілетін математикалық материалмен тығыз байланыста болуы тиіс.

  2. Оқушылардың білімін арттыруда өндірістік фактілердің мазмұнының көп салалығы ескерілуі қажет.

  3. Практикалық жағдай нақты жағдайға және осы күнгі жаңа серпінді өндірістің ерекшеліктеріне сай, оны дұрыс бейнелейтіндей болуы қажет.

  4. Сабақта пайдаланылатын практикалық материалдарда ескірген, үнемсіз тәсілдер мен практикада шындығында жүргізілмейтін операциялар насихатталмауы қажет.

  5. Өмірде алынған мәліметтер, оған сәйкес есептің практикалық мазмұны оқушыларды қызықтыратындай болуы қажет.

  6. Практикалық мазмұнды есептердің тәрбиелік мәні болуға тиіс.

  7. Есептерде пайдаланылатын практикалық материал тек белгілі бір мамандықты ғана емес, негізінен жалпы өзгешеліктерді сипаттайтындай болуы қажет.

  8. Есептің мазмұнындағы келтірілген оқиға белгілі бір мақсатты көздеуі шарт. Практикалық мазмұнды есептерді шығарғанда оқушылар қосымша білім алатын, олар өздері белгілі бір қортындыға келетін болуы тиіс. Бұл үшін проблемалық оқиғалар тудырып отыру қажет.

Математиканы мектепте оқытудың басты мақсаты – қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің күнделікті өмірі мен еңбек қызметіне қажетті аралас пәндерді үйрету мен білім беруді жалғастыруға жеткілікті жүйелі математикалық білімді меңгерген, икемді, саналы жеке зерделі оқушыны қамтамасыз ету. Жаңа техника мен технологияны меңгеріп, басқару үшін алып шығатын жалпы дайындық құрамына сапалы математикалық білім қажет. Математикалық дайындықтың сапалық деңгейіне математиканың қоршаған ортамен, жаңа өндіріспен байланыстыра оқыту арқылы жетуге болады. Бұл байланыстардың мүмкіншілігі төменгі жағдайлардан туындайды:

  1. Мектеп математикасында оқытылған көптеген математикалық заңдылықтардың кәсіпорындарда, технологияларда, жаңа өндірістегі экономикада, белгілі өндірістік процестерде кеңінен қолданылуы;

  2. Мектеп математикасының бағдарламасы қамтитын математикалық білім мен біліктіліктің өндірістік еңбектерде тікелей қолданылуы;

  3. Бүгінгі таңдағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің математикалық білімсіз іске асырылмауы.

Бұл байланыстарды мектепте математиканы оқытудың барлық кезеңдерінде үзбей іске асыруға болады.
Есептерді құрастыру және тақырыпқа сай іріктеу барысында мына талаптарға жауап беруін ескеруіміз қажет:

  1. танымдық мақсаты және оның оқушыларды тәрбиелеуге ықпалы;

  2. оқушыларға есеп мазмұнындағы математикалық емес материалдардың түсініктілігі;

  3. есептің шартындағы жағдайлардың, сандық көрсеткіштердің, сұрақтың қойылуы және табылған шешімнің ақиқаттығы.

Оқушылардың математикалық білімін бекіту, тереңдету мақсатында математикалық емес мазмұндағы есептерді қолдану формалары да әртүрлі болады.
Әдетте, қолдану формасына қарай оларды мына түрлерге бөліп жүрміз:

  1. өтілген математикалық материалды меңгеру бағытталған;

  2. математиканың өндірістік қызметте қолданылуын айқындайтын;

  3. шешу әдістері мен қорытындысы практикада қолданыс табатын.

Ал, біз өз тарапымыздан қосымша тағы бір қолданысын айқындап төртке бөлеміз:

  1. жаңа математикалық білімнің қажеттілігін мойындататын;

  2. өтілген математикалық материалды меңгеруге бағытталған;

  3. математиканың өндірістік қызметте қолданылуын айқындайтын;шешу әдістері мен қорытындысы практикада қолданыс табатын.

Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған тиімді. Олар: деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және т.б.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет