3-ші коллоквиум сұрақтары Тармақталған алгоритмдердің қанша есептеу бағыттары болуы мүмкін?



Дата14.12.2022
өлшемі18,57 Kb.
#57318
Байланысты:
коллоквиум 3 (2)


3-ші коллоквиум сұрақтары



  1. Тармақталған алгоритмдердің қанша есептеу бағыттары болуы мүмкін?

Тармақталған алгоритм — 1) толық емес формасы — бұл алгоритм берілген шартқа тәуелді болғандықтан кейбір әрекеттерді орындамауы мүмкін; 2) толық формасы — мұндай алгоритм берілген шартқа байланысты әрекетгердің біріншісін немесе басқасын орындайды.


2) Берілген шарт орындалғаннан кейін қандай код орындалады?
Егер шарт нәтижесі true болса, онда if командасынан кейін жазылған код орындалады, керісінше жағдайда немесе false болса, онда ол код орындалмайды.


3) if-elif командасында қанша elif болуы мүмкін?
if-else командасы if командасына ұқсас, бірақ else берілген шарт орындалмағанда бір немесе бірнеше амалдың орындалуын анықтайды.


4) Логикалық өрнектің орындалуының нәтижесі қандай болуы мүмкін?
Әрбір if командасында белгілі бір өрнек болуы тиіс; оның орындалуының нәтижесінде екі түрлі логикалық мән болады: true (шындық) және false (жалған). Мұндай өрнекті берілген шарт деп атайды.


5) Python тілінде сөздіктер не үшін қолданылады?
Бір-бірімен байланыстағы ақпараттарды біріктіруге арналған деректер құрылымының бірі – сөздіктер болып табылады. Сөздіктің құрамында біріктірілетін ақпараттар өте көп болуы мүмкін. Ондағы ақпаратты алу және өгерту, сөздікті тізім түрінде бейнелеу, сөздікке енгізілген басқа сөздіктерді пайдалану программа құрастыруда жеңілдіктерге келтіретін мүмкіншіліктері бар. Сөздікке қолданылатын амалдарды орындау арқылы әртүрлі объектілерді модельдеуге болады.


6) get() әдісі не үшін қолданылады?
Берілген кілтпен байланысқан мәнді алады. Егер кілт табылмаса, онда бұл әдіс аластама шақырмай, оның орнына, келісім бойынша алынатын мәнді қайтарады.


7) items() әдісі не үшін қолданылады?
Сөздіктегі барлық кілттерді және солармен байланысты мәндерді кортеж тізбектері түрінде қайтарады.
8) Қандай жағдайда keys() әдісі қолданылады?
Сөздіктегі барлық кілттерді кортеж тізбектері түрінде қайтарады


9) Қандай жағдайда values() әдісі қолданылады?
Cөздіктегі мәндерді шығару үшін values() әдісі қолданылады:
students_lanquaqes={
"machmut": 'pascal',
"batyr": 'python',
"erasyl": 'fortran',
"gauhar": 'ada',
}
for lanquaqe in sorted (students_lanquaqes.values()):
print(lanquaqe.title())
Фрагменттің орындалу нәтижесі:
Ada
Fortran
Pascal
Python


10) Сөздіктер тізімі қалай құрастырылады?
Бір-бірімен байланыстағы ақпараттарды біріктіруге арналған деректер құрылымының бірі – сөздіктер болып табылады. Сөздіктің құрамында біріктірілетін ақпараттар өте көп болуы мүмкін. Ондағы ақпаратты алу және өгерту, сөздікті тізім түрінде бейнелеу, сөздікке енгізілген басқа сөздіктерді пайдалану программа құрастыруда жеңілдіктерге келтіретін мүмкіншіліктері бар. Сөздікке қолданылатын амалдарды орындау арқылы әртүрлі объектілерді модельдеуге болады.
11) Қандай алгоритмдер тармақталған деп аталады?
Егер есепті шешу процесінде амалдардың орындалуының бірнеше тізбектерінің ішінен берілген шарт бойынша тізбек таңдалынатын болса, ондай алгоритм тармақталған деп аталады.


12) Теңдікті тексеру қалай орындалады?
Қос теңдеу (==) теңдікті тексеру амалы болып табылады.
Мысалы. Берілген шарт теңдіктің орындалуын тексереді:
>>> car = ‘volga’
>>> car ==’volga’
True
Бірінші жолдағы амал бойынша car айнымалысы volga деген мәнді қабылдаса немесе теңдік (теңдік белгісі =) орындалса, ал екінші жолда оның мәнінің шын екендігі тексерілді. Мұндағы қос теңдеу (==) теңдікті тексеру амалы.
13) and кілттік сөзі не үшін қолданылады?
Бірнеше шартты тексеру керек болса and кілттік сөзін пайдалануға болады.


14) or кілттік сөзін қандай жағдайда қолдануға болады?
Бірнеше шартты тексеру керек болса or кілттік сөзін пайдалануға болады.


15) while циклы қандай жағдайларда қолданылады?
Әдетте цикл while қадамдардың нақты санын алдын ала анықтау мүмкін болмаған кезде пайдаланылады.
16) Цикл денесі дегеніміз не, ол қандай жолдардан тұрады?
Циклдың ішінде орындалатын амалдардың тізбегін оның денесі деп атайды. Цикл денесі көптеген жолдардан тұруы мүмкін. Цикл денесіне кіретін жолдар шегерілген болады.


17) Егер қосынды шексіз элементтерден тұратын болса, онда циклды қалай ұйымдастыруға болады?
Мысал. Осы қосынды туралы есепке өзгеріс енгізейік. Келесі шексіз қосындылардың қосындысын табу керек болсын:
𝑠 = ∑ 𝑥
𝑘 = 𝑥 + 𝑥
∞ 2
𝑘=1 + 𝑥
3+ . . . +𝑥
𝑛 + . . .
Мұндай шексіз қосындыны есептеу үшін шарт келесі түрде қойылады: p>0.001. Бұл дегеніміз әрбір келесі қосылғыш әзірше берілген кішігірім 0.001 саннан үлкен болғанша қосындыға қосыла береді. Егер келесі қосылғыш ол саннан кіші болса онда процесс тоқтатылады. Бұл кішігірім санды 0.001 есептеудің дәлдігі деп атайды.


18) while циклының қайталау санын қалай анықтауға болады?
Қайталану саны алғашқы берілген тізімдегі элементтер санына тең болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет