№3 СӨж а2 деңгейі бойынша СӨЖ тапсырмасы: Ұсынылған тақырыптардың біріне таныстырылым (презентация)


Студенттерге ұсынылатын дөңгелек үстел тақырыптары



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата30.11.2022
өлшемі203,41 Kb.
#53880
түріПрезентация
1   2   3   4
Студенттерге ұсынылатын дөңгелек үстел тақырыптары: 
1. Қазақстанның экологиялық аймақтары. 
2. Қазіргі кездегі экологиялық зардаптар. 
3. Қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешу жолдары
4. Экология- бүкіл әлем тағдыры. 
5. Экология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері. 
6. 
Қазіргі заманғы қоғамның экологиялық-экономикалық даму 
аспектілері. 
7. Экологиялық сараптама. 
8. Қазақстандағы ауа, су, топырақтың экологиялық жағдайы. 
9. Экологиялық қозғалыстар. 
10. Қазақстанның экологиялық картасы. 
11. Ғаламдық экологиялық мәселелер. 
12. Жергілікті экологиялық мәселелер. 
13. Экологияны қалай жақсартамыз? 
14. 
Өз аймағыңыздың экологиялық мәселелерін шешу жолдарын 
ұсыныңыз. 
15. Экологиялық мәселені шешуге қосатын менің үлесім. 
16. Шығыс Қазақстанның экологиялық проблемалары. 
17. Маңғыстаудың экологиялық ахуалы. 
18. Қазіргі кезде Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді 
шешу жолдары. 
19. Байқоңыр ғарыш айлағының экологиялық мәселелері. 
20. Экология – қазіргі заманның басты мәселесі. 
21. Алматы қаласының экологиялық проблемасы. 
22. Теміртаудың экологиясы. 
23. Атмосфералық ауаның ластануы және оны қорғау. 
24. Экологиялық мәдениет. 
25. Экологиялық ұйымдар. 
26. Экологиялық тәрбие. 
27. Құрлық суларының экологиялық мәселелері. 
28. Экология – табиғат жүрегі. 
29. ҚР экологиялық дағдарыс және экологиялық апаттық аймақтар. 
30. Биотехнологияның экологиялық мәселелері. 
31. Қоршаған ортаның химиялық және радиациялық ластануы. 
32. Ғарыш және экология. 


32. Экология – халық тағдыры. 
Дөңгелек үстел – білім алушыларға белгілі бір мәселені барынша кеңейтіп, 
ақпарат алуды арттыруға әсер ететін және олардың өзіндік көзқарасын 
бекемдейтін, әрі олардың танымдық қызметін ұйымдастырудың белсенді 
формаларының бірі, пікірталасты мәдениетті түрде логикалық және 
шығармашылық тұрғыдан жүргізе білуге тәрбиелеудің төте жолы. Дөңгелек 
үстел нақты проблеманы шешу кезіндегі ақпараттық сипаттағы семинар- 
дискуссияның ерекше бір түрі болып саналады. 
Дөңгелек үстелдің белгілі бір мақсаты болады. Сол себепті оның жұмысы 
нақты жоспар бойынша ұйымдастырылуы керек. Дөңгелек үстел семинар-
сабақтарының басты мақсаты қатысушыға ең құнды, ең мәнді ақпарат беру және 
талқыланатын тақырып бойынша пікір алмасу болып табылады. Бұндай 
талқылаудың нәтижесінде алынған тақырып бойынша белгілі бір шешім 
шығарылмайды, қатысушылардың ұстанымдары туралы тек өзара ақпарат 
алмасады. Алайда дөңгелек үстелдің ерекшелігі – оның қатысушылары өзекті 
мәселенің шешімін бірігіп табуды көздейтіндігінде. Демек, дөңгелек үстел 
(шеңбер) – бірліктің символы. 
Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. 
Келесі сөйлегенде студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай 
жалғастыруы және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. 
Кез келген дөңгелек үстелдің негізгі элементі модерация болып табылады. 
«Модерация» термині итальян тілінен аударғанда «moderare» сөзі «жұмсарту», 
«жібіту, жұмсарту», «тежеу», «ұстамдылық», «құрықтау» деген мағына береді. 
Дөңгелек үстел жүргізушісін модератор деп атайды. Модератор (жүргізуші) 
міндеті – дөңгелек үстелді бастап, қатысушылар құрамы мен іс шара тақырыбын 
таныстырып қана қоймай, барлық жұмысты бастан аяқ қадағалап отыру. 
Сонымен қатар жүргізуші талқыланып отырған мәселеге қатысты ақпаратпен 
алдын ала танысып, берілген регламентті сақтау үшін дау тұғызып отырған 
мәселені жылдам басқа арнаға бұрып әкету шеберлігіне ие болуы керек. 
Дөңгелек үстелді өткізудегі ең маңызды мәселе күн тәртібін сақтау. 
Дөңгелек үстел өткізу кезеңдері: 
І кезең – дөңгелек үстел өткізуге дайындық қадамы; 
ІІ кезең – дискуссиялық, яғни тақырыпты талқылау кезеңі; ІІІ кезең – 
дискуссиядан кейінгі қорытынды кезең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет