Семинар сабақтарының әдістемелік нұсқаулығы
Жоғары оқу орындарындағы семинарсабақтарыдәрісте берілетін білім мазмұнымен үйлесімді түрде оқытуды ұйымдастырудың тиімді формаларының бірі. Семинар – латынның «seminarium» сөзінен шыққан білім алушылардың өзбетінше жұмыс жасауын қамтитын практикалық сабақ түрлерінің бірі. Семинар сабақтары білім алушылардың дәрістен алған оқу материалдарын қайталауға және бекітуге, сонымен бірге әрбір тарау бойынша қосымша білімді меңгеруге бағытталған диспут, пікір-сайыс, дөңгелек үстел, моделдеу, әңгімеге негізделген нақты дәлелді оқу формалары арқылы жүзеге асырылады.Семинар сабақтарын өткізу формалары алуан түрлі: әңгімелеу элементтерін қолдана отырып семинар-сабақ өткізу, пресс конференция, конференция түріндегі семинар сабағы, пікірталас семинар сабағы, проблемалық семинар сабағы, дөңгелек үстел, зерттеу семинар сабағы, қорытындылау семинар сабағы және т.б.
Семинар сабақтарын өткізу келесідей дидактикалық мақсат-міндеттерді шешуге мүмкіндік береді, мәселен:
- білім алушылардың дәріс сабақтарынан алған білімдерін жүйелі өзбетінше оқу-танымдық іс-әрекеттерімен және теориялық дайындықтарын практикамен үйлестіру;
- өзбетінше ізденіс арқылы білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмылдыру;
- курс бойынша берілген әрбір тақырыптың білім мазмұнын жүйелі түрде қайталау, тереңдету және қорытындылауды қамтамасыз ету;
-білім алушылардың әрбір тақырып бойынша білімін диагностикалау және бақылау жасауды жүзеге асыру және олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттеріндегі құзыреттіліктерін қалыптастыру және т.б.
Семинар сабақтарында білім алушыларға проблемалық сипаттағы, мәселен, «Қалай ойлайсың, неге?», «Өз ойыңды дәлелде», «Ғылыми фактілермен, оның өмірмен байланысына жүгін» және т.б. сұрақтар беру олардың шығармашылық ойын дамытуға көмектеседі.
Семинар сабақтары білім алушылардың оқу материалдары және онда көрсетілген өзекті мәселелер бойынша алдын-ала дәріс-сабақтарынан алған ақпараттар арқылы дәлелді түрде талдау жасауға лайықталып құрылады. Білім алушылар семинар сабақтарына оқытушының дәріс-сабақтарда ұсынған оқу материалдарымен дайындалып келуі тиіс. Білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруда оқытушыныңсеминар сабақтарын төмендегідей реттілікпен ұйымдастыруы тиімді:
1) семинар сабағының тақырыбын және жоспарын беру;
2) тақырыпты өзбетінше зерделеуі үшін негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін беру;
3) семинар сабағына дайындалу үшін ауызша немесе жазбаша әдістемелік ұсыныстар беру;
4) білім алушыларға құзыреттілікке-бағдарланған тапсырмалар, сонымен қатар оны орындауға кеңес беружәне т.б.
Семинар сабақтарын жүргізу әдістемесі дидактикалық мақсаттың орындалуы, оқытушының педагогикалық шеберлігі, білім алушылардың дайындығы мен белсенділігі сияқты көптеген факторларға тәуелді. Сондықтан семинар сабақтарын жүргізу құрылымын (семинар сабақтарының кезеңдері, әрбір кезеңнің мазмұны мен сипаты) белгілеп алу қажет.
Семинар сабақтарының кезеңдері: ұйымдастыру (білім алушыларды оқуға белсендіру үшін қысқаша сұрақ-жауап немес тест сұрақтарын беру, т.б. арқылы), білім алушыларды оқу іс-әрекетіне мотивациялау (семинар сабағының тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, «оқытушы-білім алушы» оқу іс-әрекеттерінің нәтижесі), семинар сабақтарында қарастырылатын мәселелерді талқылау (проблемалық сұрақтар бойынша оқу материалдарын реттілікпен зерделеу), білім алушылардың оқу материалдарын меңгеруін диагностикалау (құзыреттілікке-бағдарланған тапсырмаларды орындау арқылы), қорытындылау (білім алушылардың топпен немесе жеке орындаған тапсырмаларына талдау жасау, бағалау) және аудиториядан тыс өздік жұмыстарын ұйымдастыру (оқу материалдары бойынша қосымша проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар дайындалып, қажетті әдебиеттер тізімін беру) бөлімдерінен тұрады.
Білім алушылардың оқу материалдарын меңгеруін диагностикалауда құзыреттілікке-бағдарланған тапсырмаларды орындау білім сапасын арттырады. Құзыреттілікке-бағдарланған тапсырмалар – білім мазмұны мен оқыту технологиясының кіріктірілген дидактикалық бірлігі және білім алушылардың дайындық сапасына мониторинг жүргізуші ретінде анықталып отыр. ҚБТ-ның құрамына білім мазмұны және оқыту технологиясы, білім алушылардың пәндік құзыреттерін қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз ететін оқыту мен білім алушылардың оқу үдерісіндегі дайындық сапаларын бағалау кіреді.
«Биологияға кіріспе»
№1 семинар сабағы
Достарыңызбен бөлісу: |