3 тақырып. Эволюциялық ож. Қазіргі операциялық жүйелерге шолу. Тапсырма №1 Тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап беру



Дата10.10.2023
өлшемі28,1 Kb.
#113492
Байланысты:
СӨЖ 3-2 b7c73e82deb03a02dfc235954b9d96cf (копия)


3 тақырып. Эволюциялық ОЖ. Қазіргі операциялық жүйелерге шолу.

Тапсырма №1
Тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап беру:

  1. Бағдарламалық қабаттар

Бағдарламалық жасақтама - бұл компьютердегі мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. Бағдарлама - бұйрық жинақтары. Бағдарламалық жасақтама және аппараттық жұмыстар өзара байланысты және үздіксіз өзара әрекеттесуде. Кез келген жабдық құрылғысы бағдарламалық түрде басқарылады.

  1. Бағдарламалық жасақтама түрлері

Бағдарламалық жасақтаманы үш сыныпқа бөлуге болады: жүйелік, қолданбалы және аспаптық. Жіктелуі жеткілікті шартты болып табылады. Бағдарламалық жасақтама интеграциясы кез-келген бағдарламаның әр сыныптың ерекшеліктеріне ие болды.

  1. Операциялық жүйенің анықтамасы (ОЖ)

Операциялық жүйе (ағылш. operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск-жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. 

  1. Операциялық жүйенің түрлері

Қазіргі кезде дербес компьютерге арналған 32-разрядтты операциялық жүйелер қолданылады:
 OS/2 барлық түрлері (IBM);
 Windows NT барлық түрлері (Microsoft);
 Unix барлық түрлері;
 Next Step 3.2 (Next);
 SCO Open Desktop 3.0 (Santa Crus Operation);
 Solaris 2.1 (SunSoft) – x86;
 UnixWarePersonal Edition 1.0 (Novell).

  1. Файлдық жүйе

Файлдық жүйе (Файловая система; file system) — 1) каталогтар мен файлдардыұйымдастыру, оларды құру ережесі; 2) операциялық жүйедегі файлдарды ұйымдастырудың көп сатылы (иерархиялық) бұтақ тәріздес құрылымын ұйымдастыру. Файлдармен жұмыс істеудің жалпы құрылымы. Осының көмегімен файлдарды атау, сақтау және өңдеу операциялары орындалады. Ең көп тараған файлдық жүйелер: FAT, HPFS, NTFS және т.б.



  1. ОС және MS Windows

3.1. Windows туралы жалпы мағлұматтар
Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS (PC)-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі
компьютердің тек 640 Кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатынын білетін боларсыздар. Әрине, MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1 Мб-тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын. Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады. Бүл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұқбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды. Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар Қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандарының бірі - Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі Де қиын командаларды термей-ақ, тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді. DEC фирмасы компьютерлерінің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды, олар үлкен және орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы - оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі, яғни бірнеше программаларды параллель орындау қасиеті. 80-ші жылдардың ортасында MS (PC)-DOS - тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жүмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады. 80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3.1 бірте-бірте бүрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады. Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95, Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95 жүйесінің, сондай- ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идөологиясы бүрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows 95-ке өту әрине MS-DOS- тан бірден Windows 95-ке өтуге қарағанда біршама жеңіл екінші түсінікті. Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана. Бұдан былай WINDOWS жүйесі детен сөзді Windows З.іх (кез келген сан) және Windows 95, Windows 98 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.
WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары
Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
- файлдық жүйемея жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- колданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WINDOWS жүйесі: - бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
- әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;
- масштабталатын қаріптерді қолдауды;
- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.
Windows NT операциялық жүйелерді дайындау барысында туындаған мәселелер
Windows NT алдыңғы уақытта болған операциялық жүйелердің жалғасы болып табылмайды. Оның архитектурасы нолден бастап қазіргі кездегі операциялық жүйелерге қойылатын талаптарды ескере отырып құрылды. Осы талаптар негізінде құрылған операциялық жүйелердің ерекшеліктері:
 Windows NT операциялық жүйесін дайындаушылар Windows ОЖ әдеттегі графиктік интерфейсін қалдырды;
 FAT файлдық жүйесін және MS - Dos, OS/2 1.x, Windows 3.x және POSIX операциялық жүйелеріне арналған қосымшаларды қамтамасыз етеді.
 Бұл ОЖ құрамына желілік құралдарды қосты;





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет