3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Психологтың танымдық (гностикалық) іскерлігі



бет5/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

Психологтың танымдық (гностикалық) іскерлігі. Бұл компонент мұғалімнің танымдық қабілеттерін, интелектіалдық мүмкіндігін, өз пәнін терең білуін, дүниетаным шеңберінің кеңдігін өзін-өзі танып білуін қамтиды және маман еңбегінің негізі болып саналады. Танымдық іскерлікті қалыптастыру үшін адамның қабылдау, зейін ойлау, елес, ес, т.б. психикалық қасиеттердің бірлікте дамуы қажет.
Педагогтың конструктивтік (құрастыра білу) іскерлігі. Бұл іскерлік оқу-тәрбие жұмысын модельдеу, жоспарлау, композициялық материалдарды іріктей алумен, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие процесінің материалдық базасына сәйкес жұмысты ретімен ұйымдастыра білуімен сипатталады. Бұл іскерлікті меңгеру үшін интелектуалдық іскерлік қажет. Алдағы жұмысты жоспарлау, жобалау, алдын-ала ойластыру, салыстыру болжау қабілеттерімен тікелей байланысты. Сондықтан конструктивтік іскерлік танымдық іскерлікпен тығыз ұштасып жатады.
Педагогтың коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерлігі. Бұл іскерлік мұғалімнің түрлі категориядағы адамдармен тез тіл табысып, тиімді қарым-қатынас жасай алуын көрсетеді. Қарым-қатынас тәсілдері сөз сөйлеу техникасы, қимылдар, мимиканы игере білуден басталады. Бұл іскерлікті қалыптастыру үшін алдымен адамға басқа адамды түсіне білуі және өзін де таныта білуі керек. Екіншіден, өзінінің ой-пікірін, көңіл-күйін көзқарасын, мақсатын сөйлескен адамға, тыңдаушылар ұжымына түсіндіре білуге және оларды түсіне білуге ұмтылуы қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында толеранттылыққа негізделіп, оң шешім таба білуі маңызды.
Педагогтың хабарлау (информациялық) іскерлігі. Бұл іскерлік аса маңызды педагогикалық іскерлік болып ерекшеленеді және көбінесе қатынас құралы ретінде қабылданады. Себебі қарым-қатынас хабарлау материалынсыз іске асуы мүмкін емес. Хабарлау іскерлігінде мұғалімнің дауыс қойылымын үйлестіре білуі, әсерлі көңіл-күй сезімімен сөйлеуі, сөздің құдіретті күшін, бет қимылдар ерекшеленетін меңгере білуі талап етіледі. Оқу-тәрбие үдерісінің негізгі міндеттерін тиімді шешудегі мұғалімнің сауатты сөйлеуі, қызықтыра әңгімелесуі, көрнекіліктерді қатыстыра отырып түсіндіруі, ашық пікірлесуі, шәкіртті тыңда алуы, сұрақ-жауап тәсілдерін қолдану арқылы тыңдаушының зейінін өзіне аударта алуы әсіресе жас мұғалімдер үшін өте маңызды қасиеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет