3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу – қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы



бет9/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

2. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу – қазіргі мұғалім тұлғасын дамыту факторы. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі адамзат таризындағы ең өзекті тақырыптардың бірі. Бұл мәселе атақты грек философы Сократтың, шығыстың атақты ғұлама ғалымдары Әбу Насыр ал-Фарабидің ұлан-ғайыр еңбектерінен, Мұхтар Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу-райхан әл-Бируни, Фирдауси, Низами, Қожа Ахмет Яссауи сынды көрнекті ойшылдарымыздың тәлімдік тағылымдары мен даналық ой-пікірлерінен бастау алып, бүгінгі күні әлеуметтік, тәлім-тәрбиелік, психологиялық-педагогикалық идеялардың барлығының негізне айналуда. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілігі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны баршамызға мәлім.
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі әр жастағы, әр салада жұмыс істейтін адамдардың өздігінен дамулары үшін өте маңызды үрдіс. Солардың ішінде мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі елеулі орынды иеленеді, себебі оқушыларға жақсы тәрбие беру үшін мұғалімнің өзінің тәрбиелік деңгейі өте жоғары болуы керек.
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі дамыту үрдісінің нәтижесі – оның жеке тұлғалық қасиеттері мен кәсіби-педагогикалық қызмет талаптарының сәйкестілігінің жоғарғы дәрежедегі көрсеткіші. Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің негізгі қозғаушы күші – өзін-өзі өзгерту мен жетілдіруге деген қажетттілік.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері.
Л.С.Выготскийдің: «кез келген тәрбие ең соңында өзін-өзі тәрбиелеуге ұласады» - деген ойы педагогикадағы өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің өзекетілігін дәлелдейді. Өзін-өзі тәрбиелеудегі бастапқы әдістердің бірі адамның өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыруынан басталады. Өзіне дұрыс берілген баға өзін тәрбиелеудің мақсаттарын дұрыс қоюға көмектеседі. Егер де адам өзін басқалармен салыстыра келе өзін өте төмен бағаласа, өзіне деген сенімін жоғалтады, басқалар мен қарым-қатынас жасау қиынға соғып, көптеген сәтсіздіктерге кездесуі мүмкін.
Өзін-өзі қадағалау әдісі басға адамдармен қарым-қатынас жасаған, өзін сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді, қателіктеріне шыдамды болуға көмектеседі. Мысалы: кейбір адамдар балалардың шулағанын көтермей ашуланады, бірақ оданда қатты дыбыс шығаратын күннің күркіреуі ол адамды сондай қатты ашуландырмайды. Яғни мәселе адамның сол ызалалықты тудыратын обьектіге өзінің қандай қатынаста екеніне байланысты екен. Өзін-өзі қадағалау әдісі қиын жағдайларда ыза мен ашуға жол бермей ұстамды болуға көмектеседі. Адам үшін өз сезімдерін басқарып, оны уақытында тежей алу арнайы жаттығуды қажет ететін күрделі психикалық үрдіс. Адамдармен қарым-қатынас барысында өзін-өзі қадағалап тұра алуына мысал ретінде ұстаздардың ұстамдылығын, шыдымдылығын, төзімділігін, толеранттылығын келтіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет