Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың топтық формасы. Оқушылардың сабақтағы топтық жұмысының негізгі белгілері:
сынып оқушыларыны сабақ барысында нақты тапсырмаларды орындау үшін топтарға бөлінеді;
әр топ өздеріне арналған тапсырманы алып, оны топ басы немесе мұғалімнің басқаруымен шешеді.
Топтардағы тапсырмалар топтың әр мүшесінің жеке үлесін дара
бағалайтындай етіп орындалады, топтың әр мүшесінің оқу мүмкіндіктері ескеріледі.
Топ құрамы бір қалыпты емес, топтың мүшелерінің оқу мүмкіндіктерін тиімді жүзеге асыруына сай топтың құрамы әртүрлі. Ол 3-6 адамнан құралады. Топ құрамы тұрақты емес. Ол келешек жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты өзгеріп отырады. Бұл жерде топтың жартысы дара жұмыспен айналыса алатын оқушылар болуы керек.
Топтардың жетекшілері және топтар құрамы түрлі оқу пәндерінде түрлі болуы мүмкін және олар оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері бірін-бірі толтырып отыратындай оқыту деңгейі әртүрлі оқуышылардан құралады, осы пәннен олардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың сабақтан тыс уақытта ақпаратты білуі, оқушылардың бір-бірімен бірігіп жұмыс істей алуы есепке алынады. Топта бірін-бірі ұнатпайтындар болмау керек.
Оқушыларды өзара оқыту, ұжымдық танымдық іс-әрекет, оларды мұғалімнің басқару ерекшеліктері.
Сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі емес формалары: «авторлық сабақтар», конференция-сабақ, пікірталас-сабақ, брифинг-сабақ, семинар-сабақ, бинарлы-сабақ, сипаттау сабағы, ойландыру сабағы, пікірсайыс сабақ, ойын сабағы, зерттеу сабағы және т.б.
10.6. Мұғалімді сабаққа дайындау жүйесі. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақ жүйесін тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарды әрбір сабаққа нақтылап ойластыру, басқа да жеке сабақтардың жоспарын құру. Тақырыптық жоспарлау. Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір бөлімінде, оқу-тәрбие үдерісінің сабақ жүйесінде білім жетілдіруді анықтаудың ең қолайлы тәсілі. Бұл жүйеге дидактикалық негізгі мақсатқа байланысты, әр түрлі сабақтар, сонымен қатар оқушылармен сабақта және сабақтан тыс жұмыс жасауды ұйымдастыру кіре алады. Тақырыптық жоспарлаудың сәтті болуы мұғалімнің оқушыға берілетін білім қаншалықты дәрежеде, олар не меңгеріп, үйренуі керектігін нақты анықтауына байланысты. Сол себепті де тақырыптық жоспарлау мұғалімнің белгілі бір тақырыпты қамтып, мұқият дайындалуынан басталады. Оқушылардың тәрбиесі, дамуының нәтижесі сабақта бірден байқалмаса, бұл мәселелерді ұзағырақ уақытқа жоспарлау қажет. Тек осындай алдын ала жұмыстың нәтижесінде тақырыптың жоспардағы «пайда болған» сабағын көруге болады. Тақырыптық жоспарлау жүйесін барынша сәтті, ғылыми тұорғыда ұсынған педагог М.И.Махмутов болды.
Достарыңызбен бөлісу: |