Тақырып және сабақ бойынша жоспарлау. Сабақ жоспары – бұл шығармашылық ізденістің басы, сабақты әсерлі өткізудің құралы, дарындылықтың іргетасы және таланттың көрінісі.
Сабақтың мақсаты – бағдарлама материалының мазмұнына, мектепте материалдық базасына, оқушылардың оқу материалы мен жұмысының сипатына сүйене отырып анықталады. Мұғалім оқушылардың түсініктермен жұмыс барысында белсенділігін оятатын материалды іріктейді, қорытынды сұраұтар, мәселелік міндеттер арқылы бағыт-бағдар береді, сұрақ құрылымын анықтайды. Сабақ жоспарында сабақ тақырыбы мен сабақ өткізілетін сынып, сабақтың дидактикалық міндеттері, нақтыланған мақсаты, материалдың қысқаша мазмұны көрініс табады, оқушылардың танымдық әрекетін, әдістерін, оқу құралдарын ұйымдастыру формалары анықталады. Бұл жұмысты орындағанда бұрынғы меңгерілген тірек бөлімдер өзектендіріледі, жаңа білімдер мен әрекет тәсілдері қалыптасады, оқытудың түрлі жағдайлары оларды қолданудың даңдылары, оқушылардың оқу әрекетін бақылау және түзету, білмеуден білуге қарай жылжуда қажет танымдық және практикалық іскерлікті сабақ үстіндегі оқу танымдық және практикалық міндеттерді шешуде дамыту керек. Оқу жүйесінде оқушының келесі сабаққа дайындалуы былай анықталады:
Оқушыларды тақырып бойынша құрылған жоспармен таныстыру;
Оқушыларды оқулықтың жекелеген бөлімдерінен хабардар ету, ғылыми және көркем әдебиет оқытуғ жаңа материалды меңгертуге ықпал ететін пайдалы тәжірибелерді қолданып, бақылау өткізу.
Сабақты талдау және өзіндік талдау – басқару объектісінің сапасы туралы жаңа білімді алу әдісі. Сабақты талдау және бағалау педагогикалық шығармашылықта маңызды элемент болып табылады. Өз жұмысыңды талдау – мамандық деңгейін өсірудің тиімді шарасы. Оның сапасы әр түрлі факторларға, атап айтсақ, мұғалімнің сабақ өткізу дағдыларына байланысты. Талдауды келесі сабаққа дейін немесе сабақтан кейін жасаған пайдалы. Осы кезде мұғалім сабаққа дайындалғанда бәрін ескердім бе деп ойлайды.
Педагогикалық әдебиеттерде сабақты талдауға әр қырынан келу баяндалған. Мұғалімнің сабағын талдау және бағалау тәсілдерінің ішінен ең қолайлысы Т.А.Ильинаның тәсілін қолдану ұсынылады. Ол өз сабағын талдауға баға берудің мұғалімге 10 түрлі өлшемдерін бөліп қарастырады.
Сабақтың жалпы құрылымы;
Сабақтың негізгі дидактикалық мақсатын жүзеге асыру;