Байланысты: 3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org
ТЕСТТІК ЖӘНЕ РЕЙТИНГТІК БАҚЫЛАУ Тест - оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін, көлемнің шағын болуы, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қ.амтамасыз етуді т.б. талап етеді.
Тестік бақылаудың ерекшелілігі: тест- бағалау нәтижесін нақты көрсетеді; уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады; бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді; тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда болады.
Рейтинг- ағылшын тілінде («to rate») – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.Рейтинг жүйесінің мақсаты: оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру; оқу таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру; оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін артттыру; тексеруде уақытты үнемдеу.
Рейтингтік жүйенің ерекшелігі – оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу-әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады; бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
12.4. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау өлшемдерінің жүйесі. Оқушылар портфолиосы. Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттетігі: бірін-бірі бағалау, өзін-өзін бағалау, бағалай пікірі. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне 1,5,7 – сыныптар көшеді. 2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасатын болады, негізгі сапалы бағалау жүйесін ензігу жалгасатын болады.
Жаңа бағалау жүйесі білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетінқалыптастыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалаудан тұрады.
Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінде білім алушылардың білімде меңгеруі мен дағдылары қалыптасуы деңгейін анықтау үшін қызмет атқарады, білім беру процесін түзетуге мүмкіндік береді, мұғаліммен кері байланысты жүзеге асыру үшін жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалауды өткізер алдында білім алушыларды оқыту мақсаттары және бағалау критерийлерімен таныстыру маңызды. Тапсырманы орындау кезінде неге назар аудару қажет екенін білім алушыларға түсінікті болу үшін бағалау критерийлерінің мағынасын түсіндіру қажет.
Оқыту үдерісінде білім алушының қойылған оқыту мақсаттарын түсінгендігін растау ретінде басқа да оқу міндеттері қойылып және тиімді сыныптық пікірталас қалыптасқаны маңызды. Мұғалімнің тұрақты түрде кері байланыс жасауы білім алушыларды алға қарай жылжуға, жақсы нәтижеге жетуге ынталандыратын болады.
Ойлау дағдыларын деңгейін дәл бағалай білу критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Кестеде оқу бағдарламасына енгізілген ойлау дағдыларының деңгейлері және қалыптастырушы және жиынтық бағалау барысында қарастырылған даму немесе қалыптасу дәрежесі берілген.