3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Тұтас педагогикалық үрдіс теориясы-педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі



бет101/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

14.3.Тұтас педагогикалық үрдіс теориясы-педагогикалық технологияларды қолданудың әдіснамалық негізі.Педагогикалық кәсіпте мұғалімдердің білім беру міндетімен қатар тәрбиелеушілік міндеті де жүктелеген.Ұстаз тұлғасы-әрі тәрбиеші,әрі оқытушы,әрі кеңесші болғанымен,кез келген педагог бұл міндеттерді кез келген жағдайда толық орындай алады деп айту қиын,себебі педагогикалық үрлістің құрамдас жүйелердің көптігі олардың қызметтерінің әртүрлі факторларының әсерінен әртүрлі бағытта өзгеру ықтималдығы осы үрлістің теориясының жәнежүзеге асыру технологиясының ерекшеліктерімен таныс болуды қажет етеді.
Педагогикалық үрдістің тұтастығын ажыратпай біртұтас құбылыс ретінді қалыптастыруды талап еткен ғалымдар педагогика тарихында аз емес.Оқыту мен тәрбиенің бірлігінде тәрбиенің маңыздырақ екенін атап көрсеткен Әл-Фарабидің :"Адамға ең бірінші керегі білім емес,тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне опат әкеледі"-деген сөздері тәрбиенің адам өмірінің рухани негізі мен оның бүкіл тағдырына әсер ететін фактор екенін көрсетеді.
Оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастырудағы тәрбие мен оқудың ара-қатынасындағы ерекшелігін зерттеуде Ресей ғалымдары К.Д.Ушинскийдің,П.Ф.Каптеревтің,С.Т.Шацкийдің,П.П.Блонскийдің,М.М.Рубинштейннің,А.С.Макаренконың үлестері зор болды.
1970 жылдардан бастап Ю.К.Бабанский,М.А.Данилов,В.С.Ильин,В.М.Коротова,В.В.Краевский,Б.Т.Лихачев сынды ғалымдар педагогикалық үрдістіңтұтастығын қамтамасыз ететін білім беру тетіктерін іздестіру,оның құрамдас бөліктерінің үйлесімді қызметтерін қамтамасыз ету мәселесіне байланыстыкөптеген ғылыми зерттеулер жүргізеді.1980 ж.Ю.К.Бабанский жоғарғы оқу оырндарында оқытылған оқулықтар мазмұнына осы тұтас педагогикалық үрдіс ұғымын енгізеді.Ал кеңес одағынан кейінгі кезеңде осы мәселенің зерттелуі В.А.Сластениннің педагогикалық мектебінде жалғасын табады.
Қазақстанды педагог Н.Д.Хмель тұтас педагогикалық үрдістің заңдарын,заңдылықтарын,принциптерін жүйелей келе,осы үрдістің құрамдас компоненттерінің өзара байланыстылығын мұғалім мен оқушының қарым қатынас жүйесі арқылы модельдейді
Мұғалімдердің педагогикалық технологияны тиімді қолдана алулары олардың кәсіби іс-әрекет объектісі болып табылатын тұтас педагогикалық үрдістің заңдары мен заңдылықтарын,қозғаушы күші мен механизмдерін терең білу және меңгеру деңгейлеріне тікелей байланысты.
Мұғалім тұтас педагогикалық үрдістің теориясын жүзеге асыру технологиясын меңгеру арқылы оұушылардың ғана емес,сонымен қатар бүкіл сыныптың іс-әрекет пен қарым-қатынастарын,өзара әрекеттістерін ұйымдастыра алатын болды.Ал басқа педагогикалық технологиялардың барлығын мұғалімдер осы технолгия арқылы тиімді құрастыра алатыны анық,өйткені тұтас педагогикалық үрдістің компоненттерін,олардың арасындағы кездесетін қарама-қайшылықтар жүйесін,қосымша жүйелердің өзара тәуелділігін жақсылап меңгеріп алу арқылы басқа оқыту технологияларын қолдану жеңілірек болады.
Сонымен,тұтас педагогикалық үрдістің теориясын жүзеге асыру технологиясы мегатехнология санатында қарастырылуы керек.Н.Д.Хмель бұл технологияның мәнін төмендегідей логикалық тізбектеме арқылы негіздейді:
1)Тұтас педагогикалық үрдісінің теориясын білу
2)Нақты оқу тәрбие мекемесіндегі педагогикалық нақты жағдайын диагностикалау әдістемесімен меңгеру
3)Педагогикалық үрдістің нақты жағдайын өзгертуді модельдеу
4)Кәсіби міндеттерді шешу үшін педагогтар мен оқушылардың үс-әрекеттерінің ретін,алгоритмін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет