Педагогиканың объектісі, пәні және қызметтері. Объект – осы ғылым зерттейтін болмыстың саласы. Пәні объектіні осы ғылым тұрғысынан көре білу тәсілі. Нысан дегеніміз – зерттеушінің танымдық әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз – зерттеудің нысанынын (объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бейнелейтін зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын.
Ғылымның пәнін анықтау оның тәрбиелік мәртебесіне бағынышты. Егер педагогикада теориялық деңгей бар екені мойындалса, онда оның пәнін былайша көрсетуге болады: педагогика ғылымының объектісі болып табылатын әрекеттегі қарым-қатынастар жүйесі. Мысалы, педагогикалық ғылыми пәннің бірі - дидактикада оқытудағы қатынастар жүйесінде оқушыны оқытудың объектісі мен білім алудың субъектісі деп қарастырады.
Педагогика әрекеттің ерекше түрін зерделейді. Бұл әрекет педагог өз алдына белгілі бір мақсат қоятын болғандықтан, мақсатты бағытталған әрекет: белгілі бір нәрсеге (үйренуге) үйрету және тұлғаның адами қасиеттерін тәрбиелеу, кейде мұны «мәдениет трансляциясы» деп те атайды. Жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне және өзін-өзі дамытуына бағытталған әрекеттің осы түрі педагогика ғылымының өз пәні болып табылады.
Педагогика ғылымының объектісі – білім және тәрбие беру. Шын мәнінде, білім беруді, басқа ғылымдар да зерттейді. Бірақ педагогика – бұл білімдік беру әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім беру туралы арнайы, бірден – бір ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын ғылыми пән.
Білім берудің негізгі мақсаттарына: оқушыға қоршаған дүниені тануға үйренуге, оқушыға еңбек етуге, жұмыс жасауға үйренуге оқушыны адамдармен бірге өмір сүруге үйренуге көмектес , оқушының өзіне деген үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыру.
Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Педагогика ғылымының атақаратын қызметтері:
Тәрбие заңдылықтарын танып білу;
Озық педагогикалық тәжірибені талдау, жинақтау;
Іргелі, қолданбалы және практикаға бағытталған зерттеулерді ұйымдастыру;
Педагогика ғылымының ұғымдық категориялық – аппаратын анықтау және дамыту;
Оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын және әдістерін жетілдіру;
Жаңа тиімді педагогикалық технологияларды құрастыру;
Дипломнан кейінгі кәсіптік білім беру мәселелерімен айналысу;
Білім беру жүйесінде жоспарлау және экономика мәселелерін жетілдіру;
Білім беру жүйесіндегі реформалаудың тұжырымдамалық негіздерін анықтау.
Педагогика басқа ғылымдармен тығыз ынтымақтастықта дамыды. Ол үнемі өзінің ғылыми құрал-жабдықтарын , ғылыми логикасын басқа ғылымдардағы ғылыми аппартпен , әдіс – тәсілдермен салыстыруға мүмкіндігі болды. Педагогика нақты теориялық және қолданбалы жасалымдарға қажет жалпы ғылымилық негіздерді өңдеп , терең зерделеп отырды. Педагогиканың жалпы ғылымилық негіздері оның көп ғасырлық болмысында мәнді өзгерістерге ұшырады.
Педагогика – бұл білім және тәрбие беру әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім және тәрбие беру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін , өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден – бір ғылыми пән. Сонымен , педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы , кең ауқымды ғылымдар жүйесінің қатарына кіреді. Педагогика ғылымының саласы құрсақ тәрбиесінен бастау алады (С.Ғаббасов). Педагогиканың негізгі салалары: педагогика тарихы, этнопедагогика, халықтық педагогика, отбасы педагогикасы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі тәрбие, тәрбие теориясы мен әдістемесі, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік педагогика, қосымша білім беру, басқару педагогикасы, түзелту – еңбек педагогикасы, әскери педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, арнайы педагогика т.б. Арнайы педагогиканың өзі адамдардың денсаулықтарының кемістігіне бірнеше салаға бөлінеді: сурдопедагогика – саңырау, мылқау, керең адамдарға, тифлопедагогика – көру қабілеті нашар, соқыр адамдарға, олигофренпедагогика – ақыл есі кем адамдарға, логопедия – тілінің кемісі бар адамдарға тәрбие және білім берумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |