3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері



бет23/106
Дата29.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111706
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   106
Байланысты:
3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспар-emirsaba.org

Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері. Педагогика баланың дамуын – өте нәзік, күрделі диалектикалық прцесс деп қарастырады. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психологиялық процестерінде бірте-бірте өзгеістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл ойы дамудың жаңа кезеңіне көшеді.

Білім алушының жеке тұлғалық дамуындағы жас ерекшелік кезеңдері, жастық кезеңдерге сипаттама беретін болсақ балалардың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктеріне қарай балалалық шақты төмендегідей жас кезеңдеріне бөлінеді:


1) жаңа туған бала (1-2 ай)
2) нәрестелік шақ (1-2 айдан 1 жасқа дейін)
3) ерте сәбилік шақ (1-3 жастар)
4) мектеп алды балалық шақ (4-5 жастар)
5)бастауыш мектеп (6-10 жастар)
6) жеткіншек шағы (11-16 жастар)
7) жасөспірімдік шақ ( 17-18 жастар)
Әр жастағы баланың өсіп жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан дүниесін, мінез құлқының ерекшеліктерн жақсы түсінуге көмектеседі.Мұғалім балалардың жас ерекшеліктерін, типті сипатын мінез құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін айтады.Психология ғылымында темперамент төрт типке бөліп сипатталады:
Холерик – эмоциялық қызу ,шапшаң, күшті.Шыдамсыз және өкпелегіш болып келеді.
Сангвиник – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті бірақ көп тұрақтанбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді.
Меланхолик – эмоциялық қызуы шабан, тұрақты.Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау.
Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз.Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, тыныштықты сүйеді.
Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы. Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңда мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын танытуы, - деп атап көрсеткендей дарындылық түлғаның ақыл-ойы, танымы, сана, оқуы, шығармашылық, тұлғаралық қатынаста және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Акселерация биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация факторы, елдің миграциялық өсуі, транспортпен байланысты қатынастың дамуы, радиотолқындардың және географиялық климаттық жағдайлардың өзгеруі сияқты мәселелерді қамтиды. Балалардың дене жән психикалық дамуында айқындалған күрделі өзгерістердің бірі – организмнің жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация деп атайды. Акселерацияға тән ерекшелік: баланың бойының, салмағының, бұлшық етінің жедел түрде өсіп жетілуі.
Тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан тәрбие – баланы қалыптастырудағы негізгі күш.
Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақтылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мақсатқа жетуде ақылға сай, табандылыққа ие, еңбекте шаршап- шалдығуды білмейді, интеллекттік деңгейі жоғары. Дарындылық – бұл адамның белгілі әс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілеттілік түсініктері бір біріне өте жақын ұғымдар. Қабілетсіз тұлға болмайды. Қабілеттің өзі жалпы және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген дара тұлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы крініс береі. Ал арнайы қабілет әсіресе өнер адамдарында, айтыскер ақындардың суырып салмалығын атап көрсетуге болады.
Дарындылық - адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір сласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. М.Горький адамдағы дарындылық қасиеттің туа бітетіні, жүре пайда болатыны да болады.Туабітетіні тұқым қуалаушылық.Бұл биік деңгейлерге көтерілуі мүмкін. Дарындылықты үнемі жетілдіріп отыру керек деп аатап корсеткен.
Талант - кабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.
Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы олардың темпераментіне, қабілетіне, дарындылығына, талантына т.б. тікелей байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында айқындалған күрделі өзгерістердің бірі- организмнің жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (лат- жедел) деп атайды. Акселерацияға тән ерекшелік: баланың бойының, салмағының, бұлшық етінің жедел түрде өсіп жетілуі.
Тәрбие- бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондақтан тәрбие- баланы қалыптастырудағы негізгі күш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет