3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар



бет15/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102
3. Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар. Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар тұлға, іс-әрекет, қарым – қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру т.б. ұғымдары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
«Тұлға» ұғымы қазіргі заманауи педагогиа мен психологияда кеңінен қолданылады. Адамның ішкі болмысына терең бойлап ену үшін бұл ұғымның үлкен маңыздылығы бар екені даусыз нәрсе. Дегенмен, ғылыми-технологиялық әдебиеттердегі адам тұлғасы мәселенің зерделенуі оның, яғни тұлғаны түсінудің ғылыми қауымдастықта мақұлданған түсініктемесі әзірге жоқ екенін дәлелдейді. Бұл, әрине, адам тұлғасының ғылыми зерделеу пәні ретінде өте күрделі екендігінің айғағы.
Жеке тұлға – адамның анатомиялық – физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.
Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Әлеуметтендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдерісәндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылықтарды жасауы арқылы өзбетінше дамуы және мүмкіндіктерін өзбетінше қоғамда жүзеге асыруы.
Әрбір ғылымның пайдаланатын ұғымдары мен түсініктерінде жинақталған білім көрініс табады. Барлық ғылыми ұғымдар негізінен екі топқа бөлінеді: философиялық және жеке ғылымилық , яғни ерекше сол ғылымға ғана тән. Одан басқа да ұғымдардың ерекше тобы - жалпы ғылымилық ұғымдарды бөліп қарастырылады. Педагогика барлық осы топтарға жататын ұғымдарды қолданады.
Үдеріс – жүйенің күй – жайының ауысуы, демек , білім беру үдерісі - әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй – жайының ауысуы. Сондықтан педагогикалық әрекет және педагогикалық үдеріс – екеуі бір нәрсе емес.
Педагогикада тұлға ұғымы көбінесе оқушы немесе білім алушының жеке басы, іс-әрекет ұғымы тәрбие жұмысы, қарым - қатынас ұғымы араласу, оқушы мен мұғалімнің бірлескен қимылы, дамыту ұғымы жаңа сапаға көшу, әлеуметтену ұғымы адамның өмірге бейімделуі, қалыптастыру ұғымы адам бойында белгілі бір сапалардың орынығуы деген мағыналарда қолданылады және соларға ұқсас мәнінде пайдаланылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет