3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті



бет3/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті.
Жеке тұлға өзінің саналығы,ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның дайын заттарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның өзгеруіне, қоғамның дамуына зор ықпал ете алады. Адамзаттың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде қалыптасқан материалдық және рухани құндылықтар мәдениет ұғымымен анықталады.
Тұлға мәдениеті қазіргі зетрттеуші-ғалымдардың пікірінше мынандай бағыттар қамтиды:
-ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана білу;
-материалдық құндылықтарға қарағанда рухани құндылықтарды бағалай білу;
-жан-жақты дамыған, қызығушылықтары кең, рухани қажеттіліктеріне сай ұстанымдарын қалыптастыру;
-өз Отанының, туған өлкенің даму тарихын, халық салт-дәстүрлерін, ауыз әдебиеттерін, халық өнерін бағалай білу;
-мәдениеттің барлық саласынан хабардар болып, ондағы шығармашылықты бағалай білу керек;
-әр маман өзін-өзі ұйымдастыру, өздігінен даму мәдениетін меңгеруі қажет;
Жеке тұлға бір шетінен мәдениет туындысы болса, екінші жағынан мәдениетті жасаушы, өңдеуші, түрлендіруші, қалыптастырушы ретінде қарастырылады. Мәдениетті меңгеру арқылы жеке тұлғаның құндылықтары қалыптасады.
Мәдениет кеңістігінде әр жеке тұлғаның өмірге деген қатынасы арқылы оның рухани құндылықтары, өмірлік ұстанымдары айқын көрініс тауып, өзінің құндылықтық бағдары мен қабілеттеріне сай бір кәсіби саланы таңдайды. Осыдан кез келген кәсіптің өзіндік құрылымы бар екенін аңғаруға болады: кәсіби іс-әрекет пәні, құралы, нәтижесі. Әр кәсіби іс-әрекет өзіндік мақсаты, мазмұны, міндеті, құндылығы, әдістерімен ерекшеленеді. Бір кәсіп төңірегінде қызығушылықтары, бейімділіктері, ұқсас адамдар, бір кәсіпті таңдап, бір кәсіби топ мүшелері атанады.
Кәсіби мәдениет белгілі бір кәсіби топ мүшелерінің арнайы кәсіби міндеттерді шешудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, тәжірибе жүзінде қолдана алу дәрежесімен анықталады. Мұғалімдік іс-әрекеттің ерекшеліктеріне байланысты жалпы мәдениеттің маңызды бір бөлігі – педагогикалық мәдениет.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулер негізінде кәсіби педагогикалық мәдениеттің құрылымына аксиологиялық, технологиялық, және жеке тұлғалық шығармашылық компоненттер кіреді.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің аксиологиялық компонентіне сан ғасырлар бойы қалыптасқан құнды тәлім-тәрбиелік идеялар мен гуманистік тұжырымдамалар, педагогикалық құндылықтар жиынтығы жатады.
Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos» - ілім) - құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім. Психологияда құндылықтар қоғамдағы моральдық қатынастардың формасы ретінде қарастырылады. Біріншіден, құндылық – жеке тұлғаның (немесе әлеуметтік топтың,ұжымның) адамгершілік мәні, абыройы және қоғамдық институттардың адамгершілік сипаттары қарастырылса, екіншіден моральдық санаға қатысты қатысты көзқарастар: моральдық нормалар, принциптер, жақсылық пен жамандық, адалдық, бақыт туралы түсініктер ретінде қабылданады.
Жалпы педагог іс-әрекетіне байланысты құндылықтарды В.А.Сластенин төмендегідей жүйелейді:
- тұлғаның әлеуметтік және кәсіби ортадағы өзінің рөлін анықтаумен байланысты құндылықтар;
- қарым-қатынас қажеттіліктерін қанағаттандыратын құндылықтар және оның шеңберінің кеңейе түсуі;
- дербес шығармашылықты дамытуға бағыттайтын құндылықтар;
- өзін-өзі іске асыруға мүмкіндік беретін құндылықтар;
- жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бертін құндылықтар;
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалім іс-әрекетінің әдістері, педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алу іскерліктері, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алуы негізінде жан-жақты педагогикалық талдау жасай алуы,мақсаттарды белгілей алуы,дұрыс жүйелі жоспарлар құра білуі, ұйымдастыра білуі, бағалау және түзету әрекеттерін жүргізе алуы.
Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке тұлғалық-шығармашылық компоненті мұғалімнің құндылықтық бағдары бойынша өзінің шығармашылық әлеуетін дамыту ерекшеліктерімен айқындалады. Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық – адамның бесенді іс-әрекетінің жоғары формасы ретінде түсіндіріліп, өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы қазіргі кездегі ғылымның мен техниканың жетістіктеріне көптеген ғалымдардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анық.
Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы,ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалық қасиеттері өте маңызды. Людвиг Фейербахтың: «Адам тек... өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады» - деген сөздері тұлғаның дамуының ішкі факторларының маңыздылығын меңзейді.Яғни, шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн.
«Шығармашылық» ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашылық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.
Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады:
- ғылыми шығармашылық
- көркем шығармашылық
- техникалық шығармашылық
- педагогикалық шығармашылық
Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, С.Д.Рубинштейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б болған.
Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластенинннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық шығармашылық – өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.
Педагогикалық міндетті шешудің өзі шығармашылықты қажет етеді. Педагогикалық практикада кездесетін ең қиын міндеттер шығармашыл педагогтің қолында оңай шешім табады.
Педагогикалық шығармашылық шығармашылық бірнеше кезеңдерден тұрады:
1.Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді анықтау.
2.Педагогикалық ықпал ету әдістерін жасау
3.Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру
4.Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді талдау
Педагогикалық шығармашылық өз еңбегінің әлеуметтік құндылығын бағалай отырып, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіру үшін басқалардың озық тәжірибесін зерттеп отыратын мұғалімдер жұмыстарына тән ерекшелік. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшіліктік болып бөлінеді. Көпшіліктік педагогикалық тәжірибе - оқыту, тәрбиелеу практикасының жеткен деңгейімен сипатталған білім беру мекемелерінің және жеке педагогтардың жұмыс тәжірибесі.
Озық педагогикалық тәжірибе деп басқаларға үлгі тұтатын педагогтің асқан шеберлігін айтады. Ал егер педагог тәжірибесінде шығармашылық ізденіс, өте тиімді нәтиже беретін жаңашылдық болса онда оны жаңашыл педагог деп атауға болады.
Сонымен, кәсіби-педагогикалық мәдениеттің компоненттерін қысқаша мынандай ұғымдар тізбегі ретінде түйіндеуге болады: педагогикалық іс-әрекет мәдениеті,педагогикалық қарым-ұатынас мәдениеті,мұғаліснің тұлғалық мәдениеті.Осы ұғымдардың өзара үйлесімді ұштаса отырып, олардың мазмұнының жүзеге асырылуы кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жоғары дәрежедегі моделі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет