3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет9/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102
Өзіне-өзі бұйрық беру әдісі адамды жақсы жаққа жетелеп отырады. Бұл әдіс көбінесе адам бір нәрсеге өзін-өзі сендіріп, бір нәрсені істеу қажет екеніне түсінгеннен кейін қолданылады. Бұл әдіс адамның өзіне-өзі қатал, табанды түрде талап қоя алуына байланысты кездеседі. Адам өзіне бұйырық беріп оны бір рет орындай алса, келесі жолы сондай бұйырықты орындау жеңілірек болып, көп қайталана бере әдетке айналады. Адам бұйырықты өзіне іштей береді, ол көмектеспесе оны дауысын шығарып қайта-қайта қайталауы керек. Өзіне-өзі бұйырық беру арқылы адам ерік-жігерін шыңдай түседі. Ал ерік-жігері күшті адам әрқашанда көздеген мақсатына, үлкен жетістіктерге жете алады.
Өзін-өзі иландыру адамның өзіне қажетті бір қасиеттерді қалыптастыруда жақсы көмектеседі. Адам қатты ауырғанда көңілін басқа нәрсеге бұрып, басқа іспен айналысып кетсе ауырғанын уақытша болсын ұмытады. Сенека айтқандай «ауыруды ойлай берсең ол ұлғая береді». Н.Островский, И.Кант, Б.Паскаль т.б. белгілі тұлғалар өз ауыруларына көп көңіл бөлмей, тек өздерінің сүйікті шығармашылық істерімен айналысып, адамзат тарихында өшпес іздерін қалдырған. Өзін-өзі иландыруға қарағанда өзіне-өзі бұйырық беру өзіне сын тұрғысынан қарауға бөгет жасамайды, керісінше, өзін жан-жақты бағалауға ықпал береді.
Өзін-өзі құптау. Көптеген жағдайларда адам өзінің өміріне сырттай көз салып жеткен жетістіктерін еске түсіргені жөн. Адамның өмірде қол жеткізген жетістіктері оның өз қабілеттерін бағалауға негіз болып, өз күшіне деген сенімін арттырады. Өзін-өзі кемсіте бермей, өз қабілеттеріне деген көзқарастарын өзгертіп, жақсы жақтарын асырып отыру адамды ынталандыра түседі. Адам таңертеңнен бастап өзіне ойша жағымды жаттығулар жасауына болады. Дейл Карнеги айтқандай «Дәл бүгін», «Дәл осы сәттен бастап» - деп адам өзіне жақсы мақсаттарды қойып соны орындауы керек. Мысалы, «дәл бүгін мен өзімнің денсаулығыма көңіл бөлемін, дәл бүгін мен біреуге бір жақсылық жасаймын, дәл бүгіннен бастап мен өзімді қолға аламын, өзімді тәрбиелеймін», «бұл менің қолымнан келеді» деп өзіне уәде беріп серттессе, ондай адамның іс-әрекеті оң нәтижесін күттірмейді.
Мектеп ісін реформалауда мұғалімнің жеке тұлғасын жетілдіру сұрақтары әрқашан да көкейкесті мәселелердің бірі болған. Сондықтан әрбір мұғалім кәсіби құзыреттілікті, іскерліктер мен дағдыларын дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу әдістеріне негіздеулері тиіс. Неміс педагогы А.Дистерверг «Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің барлық өмірінің негізгі міндеті» - деген. Әр адам өзіне не қажетті екенін өзі ғана біледі, ол өзіне өзі ғана жақсы көмек көрсете алады.
Мұғалімнің танымдық (гностикалық) іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Бұл іскерлікті өздігінен тәрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқытатын пәні мен педагогикалық білімдерін жетілдіру мақсатында ой әрекеттерін дамытуға, қабылдау, есте сақтау, зейін қоя білу, түсіну үрдістерін жетілдіруге бағытталған арнайы психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі әдістемелермен танысуы қажет. Әсіресе педагогикалық ситуацияларды түсініп, оларды талдап, салыстырып және жалпылай алу дағдыларын дамыта алу өте маіызды. Сонымен қатар мұғалімнің танымдық іскерлігін дамытуда педагогикалық бақылағыштық қасиеті үлкен рөл атқарады. Мысалы, сабақ үстінде оқушылардың мінез-құлықтарын бақылай отырып, мұғалім олардың танымдық белсенділіктерін, қызығушылықтарын және өзінің қаншалықты ынталандыра алатынын танып, оқыту әдістемесінің қай қырларын дамыту қажеттілігін айқындайды.
Мұғалімнің конструктивтік (құрастыра білу) іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалімнің конструктивтік іскерлігін өздігінен тәрбиелеу үшін ол педагогикалық үрдістен күтілетін нәтижені бағамдай алуы керек. Әр істі алдын ала болжай алу кез-келген адамға беріле бермейтін қасиет, сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу арқылы мұғалім осы ойлау ерекшеліктерін дамыту негізінде сабақтары мен сабақтан тыс іс-шаралардың мазмұнын, оларды өткізудегі тиімді құралдар, әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білетін болады. Педагогикалық іс-шарадан күтілетін соңғы нәтижеге жетудің тиімді жоспарын құрастыра алу мұғалімнің конструктивтік іскерлігінің даму деңгейіне тәуелді. Бұл іскерлікті дамыту үшін өз ынтасы бойынша ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттарын өткізіп көруге болады.
Мұғалімнің коммуникативтік (қарым-қатынас) іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалімнің қарым-қатынасты орната алу іскерлігі ең маңызды іскерліктердің бірі. Бұл іскерлікті үздіксіз дамытып отыру қажет, онсыз педагогикалық үрдістің нәтижесі тиімді болуы екіталай. Коммуникативтік іскерлікті өзігінен дамытуда өткізген сабағын немесе тәрбиелік іс-шараны видеотүсірілімін талдап көруге болады. Өзіне сырт көзбен қарап отырып мұғалім өзінің сөйлеу мәнерін, дауысын, эмоционалдық көңіл-күйін, кинесикасын толық бағалай алуға мүмкіндік ала алады. Не болмаса сабақ түсіндіру барысында диктофонды қосып қойып, кейіннен өзі қайта тыңдап көрген жағдайда да мұғалім өзінің көп кемшіліктерін анықтап алуына болады. Сонымен қатар тәжірибелі, шығармашыл ұстаздардың сабақтарына қатысып, теледидардан дикторлардың, ораторлардың сөйлеу шеберліктерін үйренуге талпынулары арқылы да мұғалім өзінің коммуникативтік іскерліктерінің кем жақтарын жетілдіре алады.
Мұғалімнің хабарлау (информациялық) әскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Бар ақпаратты оқушыға жеткізудің түрлі тәсілдері болады, бірақ мұғалімнің хабарлау іскерлігінің ерекшелігі – осы ақпараттарды хабарлауда әр сынып үшін ең тиімдіәдістерді ұштастыра алуы.
Мысалы, ақпаратты жеткізудегі сөйлеу жылдамдығын, кейбір дыбыстардың анық айтылуын, дикциясын жақсартуды, сөздің эмоциялық әсерін дамытуды өздігінен үйрену үшін арнайы жаттығулар болады: дауыстап өлең оқу, ән айту, жаңылтпаштар айту, тыныс алу жаттығуларын жасап отыруы қажет. Информациялық іскерлікті өздігінен тәрбиелеуде мұғалімнің мимика, жест, кинесика тәсілдерін дұрыс меңгеруі аудитория алдында сөйлеу өнерінде өте маңызды рөл атқарады. Ең бастысы мұғалім оқытып тұрған сабағымен қатар өз бойында қандай информациялық іскерлікті немесе нақты бір қасиетті дамытуы көздеп тұрғанын үйлесімді ұштастыра білуін маңызды.
Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерліктерін өздігінен тәрбиелеуі. Мұғалім өз іс-әрекеттерімен қатар оқушылардың да іс-әрекеттерін ұйымдастыратын тұлға.
Мұғалімнің ұйымдастырушылық іскерлігінің мәні – оқушыларға жасататын іс-әрекеттердің олар үшін қашалықты маңызды екендігін түсіндіре алу, сол іс-әрекет түріне ынталандыра білу. Оқушыларды ынталандыра білу үшін мұғалімнің өзінің ынтасы жоғары болуы керек. Ынтаны оятудан кейін сол іс-әрекет мазмұнын қызықты етіп көрсете алу, күрделілігін бағалау, оқушылар үшін жақын арадағы даму аймағын аша білу маңызды. Сонымен қатар іс-әрекет нәтижесі бойынша кері байланыс жүргізу, барлық оқушыларды ортақ мақсатқа жұмылдыруға үйрену арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл іскерлікті өздігінен дамыту үшін әріптестерінің өткізетін іс-шараларына қатысу, өткізуге көмектесу, тренингтер мен коучингтерге қатысу, оқушылардың арасында қызықты ойындар мен жарыстар, көрмелер, дебаттар ұйымдастыру жоспарлап, соларды өткізу арқылы мұғалім ұйымдастырушылық іскерліктерін дамыта алады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет