3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Білім берудегі инклюзивті тәсілі және оны Қазақстанда іске асыру



бет25/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102
Білім берудегі инклюзивті тәсілі және оны Қазақстанда іске асыру.
ҚР Презиленті Н.Назарбаев «Қазақстандық жол 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматымызға көбірек көңіл бөлу керек. Ол үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі тиіс. Бұл өзіміздің және қоғам алдымыздағы парызымыз. Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүскіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, кедергісіз болуы керек, өйткені мүгедек балалрдың толыққанды кіруін қамтамасыз етуі қажет»,- деп атап өткен.
Инклюзивті (фр. Өзіне енгізетін, лат ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру- жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту үдерісін сипаттау үшін пайдаланатын термин. Инклюзивті білім беру дегеніміз - мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу, олардың жынысына, дініне, шығу тегіне, жас ерекшелігіне, қимыл-қозғалыстық, ақыл есінің жағдайына, әлеуметтік экономикалық жағдайына қарамастан, баланың түзеу педагогикалык-әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдар,а деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.
Инклюзивті білім беру бағдарламасы 2006 жылдың 13 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясына енгізілді. Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерді 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қара АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясматына осы бағдарламаны толық енгізді.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары ҚР Конституциясында «ҚР балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзетуге ықпал ету», «ҚР кемтарларды қорғау», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарында қамтылады.
2002 жылдан бастап Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медикопедагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады.
Ы.Алтынсарин атындағы білім бері академиясы ұсынған «Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру ұйымдарындағы оқытудың ерекшеліктері» атты әдістемелік нұсқауда білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барлық білім беру деңгейлерінде білім алу үшін, даму бұзылысын түзеу үшін, әлеуметтік бейімдеу үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Инклюзивті оқыту пәнін оқытудың мақсаттары:
• Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу
• Жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік- педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту
• Балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.
• Арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Инклюзивті білім беру мазмұны. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұны үш түрлі бағдарлама бойынша: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламасы; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы бағдарламалар; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизилогиялық ерекшеліктеріне есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы негізінде іске асуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасның “Білім туралы” Заңына сәйкес экстернат-білім алушы сабаққа үнемі өатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады.жергілікті атқарушы орган негізігі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында,сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.Жеке тұлға тәрбиенің обьектісі,субьектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасу факторларына тоқталыңыз.


2.Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы биологиялық және әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасын ашыңыз.
3.Іс әрекетпен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы және қалыптасуындағы рөліне тоқталыңыз.
4.Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама беріңіз.
5.Балалардың психофизиологиялық әркелікі дамуы («жас ерекшеліктер дағдарысы», дарынды балалар, акселерация) және балалардың базалық психоәлеуметтік талаптарына тоқталыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет